I тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Тәрбиелеу үрдісіне технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану



бет8/26
Дата21.05.2020
өлшемі0,64 Mb.
#70366
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Курстық жұмыс Тәрбие технология

Тәрбиелеу үрдісіне технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану.


Білім беру мақсатын жүзеге асыру жағдайында педагогикалық тәрбиелеу үдерісі - педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс - әрекетін қарастыратын күрделі үдеріс. Тәрбиелеуде белгілі бір жетістікке жетуде тәрбиенушілер мен педагогтардың арасындағы қатынас маңызды рөл атқарады және оған көптеген факторлардың да әсері бар. Соған сәйкес тәрбиелеу технологиясы, нақты тәрбиелеу мақсатына тиімді жолмен жететін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің арасындағы қатынасты белгілейтін, ғылыми негізделген тәсілдер мен әдістерінің жүйесін қамтитын, біріккен іс – әрекет моделінің барлық бөліктерінде ойластырылған технология деп анықтама беруге болады. Тәрбиелеу технологиясының тиімділігі көп жағдайда олар жүзеге асыратын педагогикалық жағдайға тәуелді. Н.Е. Щуркованың пікірі бойынша, ол тәрбиелеу технологиясының жетістіктерін анықтайды.Тәрбиелеу технологиясының жетістігін анықтайтын педагогикалық амалдарға, алдымен, педагогтардың жеке ерекшеліктерін жатқызуға болады. Олар: педагог тұлғасының ерекшелігі – білімдарлық, оның мәдениеті, ізденімпаздығы және ынтасы. Сонымен бірге оның тәрбие үрдісінің заңдылықтарын, балалар психологиясы жөніндегі терең білімінің болуы диагностикалау әдістерін және т.б. білуі тиіс.   Материалдық жағдай тәрбиелеу технологиясының табыстылығын қамтамасыз ету тұрғысында аз рөл атқармайды. Тәрбиелеу технологиясының сипаты оның балаға деген қатынастарына тәуелді. Олар технологияның ынтымақтастық, еркін тәрбиелеу, авторитарлық немесе бағдарлы типтерін анықтайды (Г.К.Селевко). Тәрбиелеу технологиясын құру да оқыту технологиясындағыдай болады, нақты және соңғы күтілетін нәтижелер, тұжырымдалатын мақсаттар қойылады. Тәрбие технологиясын құруға қойылатын мақсаттар нақты, тұлғаға бағдарланған және тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтарын барынша бейнелегенде ғана, күтілетін нәтижелер оң көрініс бере алады.   Педагог тәрбиелеу технологиясын құру үдерсінде, диагностикаланатын мақсатты қоюда бірқатар маңызды мәселелерге жауап беруі тиіс. Оқушыға қандай құндылықтарды, мағыналы нәрселерді беру қажеттілігін нақты қарастыру қажет. Берілген технологияны жүзеге асыруда қандай нақты біліктер, дағдылар немесе тұлғалық қасиеттер қалыптастырылуы тиіс т.с.с.   Тәрбиелеу технологиясының мазмұндық компоненті оның ақпараттықтылығына, дамытушылығына, дәстүрлілігі немесе тұлғаға бағдарланғандығына, өнімділігіне немесе өнімсіздігіне байланысты болады.   Н.Е. Щуркованың пікірі бойынша, технология талаптары - тәрбиеленушінің өзіне қажетті дамытушы іс-әрекеттермен айналысуын, балалар мен тәрбиеленушілердің арасындағы қарым-қатынастың өз деңгейінде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Педагогтың талаптарын орындау оқушылар үшін жеңілдей түседі, олар бұл талаптарды педагогтың өзі ойластырғандай етіп емес, қоғам қажеттіліктері мен құндылықтарынан туындаған жалпы адами не қоғамдық нормалар сипатында қабылдайды.   Технология тәрбиеленушілерге сыйластықпен қарауды жүзеге асыратын құрал ретінде қабылданады, тиімді жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы формада жүзеге асырылады.     Тәрбиелеу технологиясын түзу барысында тұлғаның өз әрекеттері мен оның жеке басының қасиет – сапаларын жан – жақты талдау басты назарда болады. Талдау барысында, педагогикалық іс-әрекетте кестеде көрсетілген жағдайлардың барлығы көрініс беретіндігі айқындалады. Егер технология іс - жүзінде толық атқарылмаса немесе оның тиімділігі төмендесе, қандай компонент жеткіліксіз деңгейде іске асырылғаны талдау барысында анықталады. Ережелерді кез келген педагог жүзеге асыруы мүмкін, бірақ балаға деген үнемі сыйластық қарым - қатынас жасау шарттарын сақтау қиын, өйткені, мұнда педагогтың ішкі дүниетанымдық бағыттары бейнеленген. Егер жоғарыда көрсетілгендер талаптар бала бойынан толық көрініс беретін болса, онда бұл технологияның тиімді болғаны. Н.Е. Щуркованың «Педагогикалық технология» деген еңбегінде бұл мәселелер кеңінен сипатталған.   Педагогикалық үдеріске жылдам бақылау жасау мен оған дер кезінде түзету жасауға қатысты тәрбиелеу технологиясының ерекшеліктеріне тоқталайық. Тәрбиеленуші тұлғасына вариативті әсер ететін тәрбиелік ықпалдың күрделілігі мен бірізділігі; фактілердің әр қилылығы оқыту технологиясындағыдай толық бақылау жасауды және кері байланысты нақты орнатуды жүзеге асыруға мүмкіндік бере бермейді. Тамаша технологиямен тәрбиеленгеннің өзінде күтілетін нәтиже қандай болады, оны да болжау қиын.Сондықтан оқушының жеке тұлғалық сапаларының дамуы жөніндегі мәліметтерді психологиялық – педагогикалық диагностика нәтижелері арқылы көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет