І-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/3
Дата13.10.2023
өлшемі449,93 Kb.
#185330
  1   2   3
Байланысты:
1 бжб Кинематика


І-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
10.1.1.2 Жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу, 10.1.1.6 Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану , 10.1.1.8 Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану , 10.1.1.9 Қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау , 10.1.1.10 Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Жүйелік және кездейсоқ қателіктер көзін анықтайды
Кинематика теңдеулерін есептер шығаруда қолданады ; Салыстырмалық принципін есептер шығаруда қолданады ; Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттайды ; Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтайды ;
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
1 нұсқа
Тапсырмалар

  1. Суретте температураның бастапқы және соңғы мәндері белгіленген Цельсий шкаласы бойынша белгіленген өзекше көрсетілген.


Бастапқы және соңғы температура мәндерін қателікті ескеріп жазыңыз
Бастапқы температура__________________⁰С
Соңғы температура__________________⁰С
[2]
2. Қайық өзен бойымен жағаға қатысты перпендикуляр бағытта жүзеді. Жағаға қатысты қайықтың жылдамдық модулі 4,8 км/сағ, өзен 3,6 км/сағ жылдамдықпен ағып жатыр.
(a) Қайықтың қозғалысын векторлармен бейнелеңіз. [1]

(b) Қайықтың суға қатысты жылдамдық модулі есептеңіз.
[1]
3. Автобус түзусызықты қозғалыспен жүреді. Графикте автобус жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.
(а) Алғашқы 40 с уақытта жүрілген жолды анықтаңыз.
[1]
(b) 40 с уақыттан 80 с аралығындағы автобустың жүрілген жолы 315 м-ге тең. 80 с уақытта автобустың орташа жылдамдығын анықтаңыз.
[1]
(с) Автобустың келесі уақыт аралығындағы қозғалысын сипаттаңыз.
(1) 40 с пен 70 с уақыт аралығы; [1]
(2) 70 с пен 80 с уақыт аралығы; [1]
(3) Минимал үдеу модулі неге тең? [1]



4. Жер серігі Ай Жерді радиусы 386 мың км болатын орбита бойымен айналады. Егер жерді айналу периоды 27,3 күн болса, Айдың центрге тартқыш үдеуін және оның сызықтық және бұрыштық жылдамдығын анықтаңыз.
[3]
5. Кеңестік 122 мм-лік полктік өздігінен жүретін 2С1" ГВОЗДИКА" гаубица көкжиекке 45о бұрышпен атыс жасайды. Снарядтың бастапқы жылдамдығы 618 м/с .Снарядтың ауа кедергісі мен баллистикалық деректерін ескертмеуге болаы. (g=10 м/с2)

Снарядтан атылған оқтың
(а) Ұшу ұзақтығын ;
(b) Максимал көтерілу биіктігін;
(с) Максимал алыстау қашықтығын анықтаңыз.

[3]
Жалпы балл:15





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет