Идеал газдың ішкі энергиясы



бет2/2
Дата22.11.2023
өлшемі53,85 Kb.
#192954
түріСабақ
1   2
Байланысты:
document name
Практическое занятие 11-1662712184361, Лекция-1694506660447, document name, document name, document name

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(8 мин)

Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу.
конфет әкелу.
Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би


Оқушылармен амандасқанннан кейін. Мұғалім өте қарапайым мысал келтіреді: маркерді үстел бетінен немесе еденнен әртүрлі биіктікке көтереді (маркер Жермен салыстырғанда әртүрлі потенциалдық энергияға ие), содан кейін қоя береді(потенциалдық энергия кинетикалық энергияға түрленеді) . Маркер үстел бетіне (немесе еденге) соғылады да тыныштық күйге келеді(қандай энергияның түрленуі болды)
https://www.youtube.com/watch?v=Z1xO4Hye0BU газдың бөтелке ауызынан тығынды сығып шығаратын видеофрагмент көрсетіледі және оқушылармен бірге талқылау (аргументтерді анықтау). Аргументі: энергиясы бар дене жұмыс атқара алады.Жұмысты тек газ ғана атқарып жатқаны көрініп тұрғандықтан,газдың ішкі энергиясы бар деп есептеуге болады.( Бұл тәжірибеге газ күйлерін өзгерту тәсілдерін қарастырған кезде қайтып келуге болады). Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен сабақтың оқу мақсатымен таныстырылады.

Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері Сабақтың мақсаты: -газдың ішкі энергиясы қандай параметрлерге тәуелді екенін түсіндіру; -ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін сипаттау; -газдың ішкі энергиясын есептеу





Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын

Жаңа сабақ
(9 мин)

Идеал газдың ішкі энергиясы дегеніміз — идеал газдағы молекулалардың кинетикалық энергиялары қосындысымен анықталады.
Идеал газдағы молекулалар арасындағы тартылыс күштері мен әсерлесудің потенциалдық энергиялары нолге тең . Бұл дегеніміз идеал газдың ішкі энергиясын газ молекулаларының барлық кинетикалық энергияларының қосындысы ретінде қарастыру керек деген сөз. МКТ-ң негізгі теңдеуінің және кинетикалық энергия мен температураның байланыс формулалары арқылы біратомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын қорытындылап шығарамыз.
Біратомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын қорытындылап шығару үшін қарастырылып отырған көлемдегі бір атом қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын атомдар санына  көбейту керек.
Атомдар саны N Авогадро NA санымен өрнектеуге және зат мөлшерін ν = m / M өрнектейміз. Бірнеше түрлендірулерден кейін біратомды идеал газдың ішкі энергиясы абсолюттік температураға , массаға тура пропорционал және мольдік массаға кері пропорционал екені белгілі болды. , Сондықтан газ біратомды болғандықтан осы екі шамалар арасындағы пропорционалдық коэффициент 3/2 -ке тең: 

Біратомды идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі бір күйден екінші күйге өткенде мынаған тең болады: 

Газдың Т1 температурасымен бір күйден температурасы Т2 екінші күйге өту тәсілімен емес алғашқы және соңғы күйлерімен ғана анықталады.
Екі атомды газ үшін (мысалы CO2, Н2, О2 және т.б.) 3-тің орнына 5ті қоясыздар, ал көп атомдар үшн 6 саннын орнына қоясыздар.



5-7 слайд бетінде

Сабақтың ортасы
(20 мин)

"Джиксо" әдісі арқылы жүргізіледі
I) тапсырма
1. Идеал газ ішікі энергиясының формуласын қорытып шығаруды дәптерге жазыңдар
1 этап. Қолданылатын формулаларды жазыңдар
2 этап. Этаптармен формуланы шығару жолын жазыңдар Тақтаға бір оқушы шығып, қалғандарымен бірге талдау жасау, толықтыру.
2. Бірлесе отырып, есеп шығару
1. Көлемі V = 500 м3 аэростат гелиймен р = 105 Па қысымда толтырылды. Күн сәулесінің қыздыруымен аэростаттағы газдың температурасы t1 = 10 °С –ден t2 = 25 °С дейін көтерілді. Газдың ішкі энергиясы қаншаға өзгерді?

Шешімін оқушылар өз бетімен шығарып болғаннан кейін, талдау жасау.



бір атомды газдың ішкі энергиясының формуласы:
газдың күйін Мен¬де¬ле¬е¬ва – Кла¬пей¬ро¬н теңдеуі сипаттайды
Шешуі Гелий біратомды газ, сондықтан оның ішкі энергиясының формуласы  Т1 температурада бұл энергия ал Т2 температурада 
Энергияның өзгерісі: 
Гелий массасы белгісіз, бірақ оны Менделеева—Клапейрон теңдеуінен шығаруға болады бастапқы температура, қысым және газ көлемін қолданып: мәнін ішкі энергия өзгерісінің теңдеуіне қойып, аламыз 
G) Тапсырма 3. Жұппен жұмыс.
Критерийлері: Өзара бағалау Өзін –өзі бағалау Берілгені жазылған
формула жазылған
Физикалық шаманың өлшем бірлігі ХБЖ дұрыс аударылғын
Дұрыс жауабы алынды
1. 270С температурадағы 10 моль аргонның ішкі энергиясы неге тең?
2. Массасы m=20 г оттегінің при температуре t = 10 °С температурадағы U ішкі энергиясы неге тең ?
3. Көлемі V = 2 л ыдыстағы газ қысымы р = 150 кПа. Ыдыстағы екі атомды газдың U ішкі энергиясы неге тең?



фламастер, плакаттар, сызғыш,оқулық, калькулятор

Сабақтың соңы
(3 мин)

Рефлексия. Шаттық шеңберінде тұрып, жүрекше беру арқылы бүгінгі сабақтан білген ақпараттарын бір - бірене жүрекше арқылы сыйлайды.
Бүгінгі сабақ мақсаты бойынша оқушылар өздерінің мақсатқа жету деңгейлерін баллдық шкаламен бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет