Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


-тарау Азап, қиыншылықтар және бата?



бет2/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
1-тарау
Азап, қиыншылықтар және бата?
Бата.

Қиыншылықтар.

Бұл екі сөз бір-бірімен онша үйлеспейді. Қайта, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы. Айналамыздағының бәрінің күл-талқаны шығып, жанымызды қоярға жер таппай қиналғанда, күйреуден бойдағы күштің кетуінің не екенін бәріміз жақсы білеміз. Әрқайсымыздың, жылы орнымыздан жылжығымыз келмейтін сәттер де болады. Кейде бәрі жақсы болғанымен көзіміздің жасын тыя алмаймыз. Күйреу – жиі бізге қайғы, жазылмас жан-жарамен, орнын ештеңемен толтыра алмайтын жан-дүниенің босап қалу сезімін әкеледі.

Мұндай жағдайда біз ешқандай батаны сезіне алмаймыз. Менің өмірімнің ең ащы да қиын кезеңі – күйреуді бастан кешкен сәттерім. Өзгеге ұнамайтын секілді, маған да қиыншылықтардан өту, әлсіздік пен ауруды сезіну ұнамайды. Өмірде белгілі бір жағдайлар бізге қайғы әкелуі мүмкін. Кейде қайғының күштілігі зор болғаны соншалық, біз сауығуға деген үмітімізді жоғалтамыз.

Дегенмен, осындай күйреуден кейін біз Құдайдың ұлы батасын сезіне алатынымызды көрдім. Әлсіздік кезеңінен кейін біздің өміріміз жемісті, бұрын-соңды болмаған мағынаға ие болады. Көзге түртсе көргісіз дауылды түннен кейінгі таң шапағы әрқашан керемет қой. Қайғы - қасірет кезеңінен соң келетін қуаныш сезімі де шаттыққа толы болады. Күйреуден соң ізімен бата, жарылқау келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет