Іі. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің әрі қарай дамуы



бет1/24
Дата27.01.2022
өлшемі52,33 Kb.
#129979
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
баяндама

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

І. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуының алғышарттары


1.1. Қазақстан Республикасында  білім беру жүйесінің  даму

 жағдайы..................................................................................................................5

1.2. Білім беру жүйесінің даму кезеңдері.............................................11

ІІ. Қазақстан  Республикасында білім беру жүйесінің  әрі қарай дамуы

2.1. Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы..................................................17

2.2. Қазақстан Республикасындағы ұлттық  білім беру жүйесін дамытудың

негізгі тенденциялары..........................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................36


К і р і с п е

Курстық жұмыстың өзектілігі. 2010-2015 жылдары «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында», «Білімді дамыту Тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңында» приоритеттік міндеттер қатарында қазақ мектептері және оның білім беру мазмұнын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Себебі, біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін жалпы бастауыш білім беретін мектептеріне арналған білім беру мазмұнын реформалау қажеттілігі туындап отыр.

 Қазақ мектептері, ондағы білім беру мазмұнына қатысты мәселелер педагогика ғылымы мен теориясының өте көкейтесті проблемаларының бірі.  Педагогика ғылымында оған байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған феноменге қатысты проблемаларды зерттеудің түп тамыры, бастауы тереңге кетеді. Бұл мәселе әлемдік педагогика классиктері Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарт, К.Д.Ушинский т.б. ғалымдардың есімдерімен және олардың еңбектерімен тығыз байланысты.

Қазақстан педагогика ғылымында мектептің даму тарихы мәселесімен бір қатар ғалымдар шұғылданып түрлі аспектілерден:


  • ХІХ ғ. екінші жартысында халық ағарту ісі мен мектеп тарихын (Т.Тажибаев, Г.М.Храпченков т.б.);

  • қазақ кеңес мектебінің тарихын (А.И.Сембаев т.б.);

  • халық ағарту саласындағы орыс-қазақ достастығын (К.Б.Бержанов);

  • кәсіптік білім беру тарихын (Г.А.Уманов т.б.) қарастырды.

  • Бастауыш мектептегі білім беру мазмұнын теориялық тұрғыдан Ресей және қазақстандық ғалым-педагогтар И.П.Подласый, Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбраимжановтар зерттеді. Оның ішінде оқулықтарды құру мәселесімен Ю.К.Бабанский, Т.А.Ильина, И.О.Харламов, Н.А.Сорокин,    В.В.Краевский, М.Н.Скаткин, Д.Д.Зуев, И.Я.Лернер, В.П.Беспалько, А.Е.Абылкасымова, Ж.А.Караев, К.А.Аймағамбетова т.б. зерттеді.

  • Біздер зерттеуге  алған мәселелер бойынша:

  • бастауыш мектепке мұғалім кадрларын даярлайтын оқу орындарының даму тарихын (Р.К.Бекмагамбетова);

  • бастауыш мектепте математиканы оқыту жөніндегі  әдістемелік ой-пікірдің қалыптасуы (Б.М.Қосанов);

  • бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның құрылымының ерекшеліктері (Ж.Т.Қайынбаев);

  • инновациялық бастауыш мектептің дамуы (И.Н.Шевченко);

  • жаңа типті мектептерде оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру (Найманбаева К.Қ)

Аталған еңбектер мектепке катысты болып, оның білім беру мазмұны туралы кейбір ерекше аспектілері қарастырылғанмен тікелей кешенді мәселе ретінде қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының даму тарихы дербес проблема болып зерттелмегенін көрсетті

Тарихи-педагогикалық  әдебиеттерде біздер зерттеуге алған  проблеманың өз дәрежесінде зерттелмеуі, қазақ мектептерінің білім беру мазмұнының дамуын баяндайтын жұмыстың жоқтығы оның көкейтестілігін көрсетіп тақырыпты «Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы«  деп алуға мүмкіндік берді.



Курстық жұмыстың  мақсаты: бүгінгі таңдағы қоғамдағы болып жатқан демократиялық өзгерістер позициясынан ұлттық білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуының тарихи жағдайлары мен әрі қарай даму тенденцияларын айқындау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • білім беру мазмұнының дамуына республиканың ғалым-педагогтарының қосқан үлесін айқындау;

  • білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;

  • білім беру мазмұнының  әрі қарай даму тенденцияларын анықтау.

Курстық жұмыстың ғылыми маңызы:

ұлттық білім беру мазмұнының даму кезеңдері анықталып, оларға сипаттама берілді;

Қазақстан ғалым-педагогтарының  ұлттық білім беру мазмұны туралы құнды пікірлері мен жасаған тұжырымдары жүйеге келтірілді. 

ұлттық білім беру мазмұнының даму тенденциялары  анықталды.



Курстық жұмыстың  нысаны: білім беру жүйесі

Курстық жұмыстың пәні:  Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы 

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен (теориялық және негізгі) және пайдаланылған әдебиетер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет