Этиологиясы және патофизиологисы
Ebolavirus
|
Эбола вирусының электронды микроскоп арқылы алынған кескіні
|
Ғылыми классификациясы
|
Домен:
|
Вирустар
|
Реалм:
|
Riboviria
|
Тип:
|
Negarnaviricota
|
Класс:
|
Monjiviricetes
|
Қатар:
|
Mononegavirales
|
Тұқымдас:
|
Филовирустар
|
|
Халықаралық ғылыми атауы
|
Ebolavirus (EBOV,EVD)
|
Түрлері
|
Zaire ebolavirus,
Sudan ebolavirus,
Reston ebolavirus,
Taï Forest ebolavirus,
Bundibugyo ebolavirus,
Bombali ebolavirus
|
| Морфологиялық қасиеттері бойынша вирус Марбург вирусқа ұқсас, бірақ антигендік тұрғыдан ерекшеленеді. Бұл вирустардың екеуі де филовирустар (Filoviridae) тұқымдасына жатады . Эболавирус (Эболавирус) туысына алты түр кіреді: Zaire ebolavirus,Sudan ebolavirus,Reston ebolavirus, Taï Forest ebolavirus, Bundibugyo ebolavirus, Bombali ebolavirus. Оның ішінен адамға 4 түрі әсер етеді. Reston ebolavirus түрі симптомсыз бағытта қозғалады. Вирустың табиғи резервуары экваторлық Африка ормандарында кездеседі деп саналады.
Эбола вирусының барлығында бір тізбекті РНҚ -сы бар геномыда 7 ген болады . Олардың өмірлік циклі вирионды С -типті лектинге немесе интегринге жататын белгілі бір жасушалық рецепторларға байланыстырудан , содан кейін вирустық мембрананың жасуша мембранасымен қосылуынан басталады деп саналады.Содан кейін вирустық қабықтан гликопротеин бөлініп, вирустық нуклеокапсид шығады.Вирустық РНҚ полимераза арқылы гендер транскрипциясы басталады, құрылымдық және құрылымдық емес ақуыздардың синтезі жүреді. Жаңадан синтезделген құрылымдық ақуыздар мен нуклеотидтер жасуша мембранасының маңында өздігінен жинақталады. Вириондар «бүрку» әдісімен жасушадан шығады. Вирустың инфекцияланбаған жасушаға енуі циклдің қайталануына әкеледі. Басқа филовирустар сияқты EBOV көптеген жасушаларда өте тез көбейеді: моноциттер, макрофагтар, дендриттік жасушалар, гепатоциттер, фибробласттар және бүйрек үсті клеткаларда. Жоғарыда айтылғандай, EBOV кіру жолдары терінің шырышты және зақымдалған аймақтары. Вирустың мишеньді жасушалары - тамырлы эндотелий жасушалары, иммундық жасушалардың бірнеше түрлері (макрофагтар, моноциттер, дендриттік жасушалар), гепатоциттер. Әрі қарай вирус дамуы лимфа түйіндерінде жүреді. Осы жерден вирус қанға, лимфа жүйесіне еніп, бүкіл денеге таралуы мүмкін. вирус жұқтыратын алғашқы жасушалар макрофагтар, және бұл инфекция олардың апоптозына әкеледі. Лимфоциттер сонымен қатар жасуша өліміне ұшырайды, бұл қанның өте төмен концентрацияға әкеледі. Осыған байланысты қайталама иммун тапшылығы EBOV бар науқастарда кездеседі.
Дәігерлердің айтуынша, оның таралу жолдары да өте көп. Ауа арқылы, вирус жұқтырған жанмен тікелей байланыс, оның ұстаған заттары, қаны арқылы жұғуы мүмкін екен. Эбола вирусының ошақтары көбінесе Орталық және Батыс Африканың шалғай ауылдарында пайда болады. Вирус ағзаға түскен соң, 8-10-ы күндері алғашқы белгілерін беріп, ауру тез дамиды. Адамның басы ауырып, қан құсып, іші қан аралас өтіп, бұлшық еттері ауырып, көз, мұрын, құлақтан да қан кететін көрінеді. Дене температурасы 39-40 градустан түспейді. Артынан құрғақ жөтел мен кеуде тұсында ауру пайда болуы мүмкін көрінеді. Медиктер аталмыш вируспен күресіп жүргенде, басқа да жұқпалы аурулардың тарау қаупі күшейіп тұр. Тіпті бір деректерде, науқастарға көмек беріп жүрген 155 дәрігер Эбола безгегін жұқтырып, басым бөлігі көз жұмғаны айтылады. Демек, қаншалықты сақтық шаралары сақталғанымен осы дертпен жақындасқан адамның сау қалуы мүмкін емес екені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |