Ii негізгі бөлім 1 Иондаушы сәуле шығару мен олардың адам ағзасына әсері



Дата18.02.2018
өлшемі97,61 Kb.
#37848
I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1) Иондаушы сәуле шығару мен олардың адам ағзасына әсері

2) Сәулелі аурудың даму кезеңдері мен алғашқы белгілері

3) Ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе

Адам ағзасына басты қауіптің бірі, радиоактивті заттардың адам ағзасына ауамен, су және тамақпен ішке кіруі және сыртқы сәулелендіру.Қорғау тәсілдерін сақтамаған жағдайда сәулелі ауруды туғызатын сәулелендіру көзі, атомды және сутекті бомбалардың жарылуы, рентген аппараты, циклотрондар, атомды реакторлар, радиоактивті заттар болып табылады.Түрлі сәулелену түрлері олардың ену қабілеттілігінің ерекшеліктеріне және жеңіл элементтер негізінде құралатын тірі нәрселердің ағзалары мен ұлпаларына энергияның берілу сипатына байланысты әр түрлі биологиялық тиімділігімен сипататалады сілдерін сақтамаған жағдайда сәулелі ауруды туғызатын сәулелендіру көзі, атомды және сутекті бомбалардың жарылуы, рентген аппараты, циклотрондар, атомды реакторлар, радиоактивті заттар болып табылады.

Иондаушы сәуле шығару мен олардың адам ағзасына әсері

Реактивті сәулеленуді қолданудың алғашқы қадамынан бастапиондаушы радиацияның тірі ағзаға әсерін білу дүние жүзілік қоғамды қызықтырды. Бұл кенеттен болған жоқ, себебі зерттеушілер басынан бастап реактивті сәулеленудің теріс әсерін байқаған. 1895 жылы рентгеннің көмекшісі В.Груббе рентген сәулелері мен жұмыс жасағанында қолдары радиациялық күйікке ұшыраған, ал Француз оқымыстысы А.Беккерель (радиоактивтілікті ашқан) радийдің сәулеленуінен терісін ауыр күйікке шалдықтырған. Әлемге белгілі Мария Складовская-Кюри сәулелік аурудан қайтыс болған, қазірге дейін оның бейіті сәуле өткізеді. 20 жылдың соңында дүние жүзіндегі мамандар халықаралық радиациялық қорғаныс комиссиясын ұйымдастырды, оның қызметі радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелерін өндеп дамыту. Халықаралық Радиациялық Қорғаныс комиссиясы (ХРҚ) кезеңінің ұсынысын қолдана отырып комиссия мамандары «ядролық державалық» ұлттық нормативтерді дамытты.

Сәулелі аурудың даму кезеңдері мен алғашқы белгілері

Сәулелі ауру – бүкіл ағзаға немесе оның бөлімдеріне радиоактивті сәулелендірудің (ішкі және сыртқы) көп мөлшерде әсер етуінен пайда болған адамдар мен жануарлардың жалпы ауруы, нервті-дистрофиялық процесстермен, көптеген симптомдармен және ауру ағымының кезеңдігімен сипатталады.

Адам денесін бірреттік сыртқы біркелкі сәулелендіру мөлшеріне байланысты жедел сәуле ауруының 4 ауырлық деңгейін ажыратады:



  1. Жеңіл – сәулелену мөлшері 100-200 Р (1-2 Гр).

  2. Орташа ауырлықта – сәулелену мөлшері 200-400 Р (2-4 Гр).

  3. Ауыр – сәулелену мөлшері 400-600 Р (4-6 Гр).

  4. Өте ауыр – сәулелену мөлшері 600 Р жоғары (6 Гр).

Жедел сәуле ауруының ағымын төрт кезеңге ажыратады:

  • біріншілік сәуле реакциясы;

  • көрінбейтін (инкубациялы);

  • айқындалған клиникалық белгілері (аурудың шыңы);

  • айығу (ауру соңы).

 Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.
Біріншіі кезең — алғашқы реакция кезеңі — алынған сәуле дозасына байланысты орталық нерв, жүрек-қан тамыр жүйелерінің қызметтерің өзгеруімен қатар, қан құрамында уақытша ақ түйіршіктер көбейіп, СОЭ арта түседі. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін  жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1—2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.
Екінші кезең — аурудың білінбейтін кезеңі — екі аптаға дейін созылады. Клиникалық  көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді.
Үшінші кезең тұсында —- адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсу жиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі төмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады.
Төртінші кезеңде — алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады.

Ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету

Ластану аймағында (1200 рад, 240 рад/сағ) адамдар баспаналарда 3 тәулік болу керек, содан кейін тұрғын үйге ауысып 4 тәуліктен көп болу керек. Қатты ластану аймағында (400 рад, 80 рад/сағ) баспанада 3 тәулікке дейін болу керек,тәулігіне 3-4 сағат қажет кезде шығуға болады. Бұл кезде тері мен дем алу мүшелерін қорғайтын заттар қолдану керек. Орташа ластану аймағында (40 рад 8 рад/сағ) халық бірнеше сағатқа баспанада болады, кейін тұрғын үйлерге көшуіне болады. Үйден бірінші тәуліктерде 4 сағаттан кейін шығуға болады. Барлық жағдайда жеке қорғау заттарын қолдану керек. Радиациялық зақымданудың алдын-алу шаралары жеке дәрі-қобдишасының ішіндегі заттармен жүргізіледі. Аймақта радиация деңгейі жоғары болғанда, радиациялық зақымдану қаупі болғандықтан бірінші медициналық көмек көрсету мүмкін емес, сондықтан өз-өзіне және бір-біріне көмек көрсетудің маңызы зор. Радиоактивті заттармен ластанған аймақта су ішуге, тамақ жеуге және жерге жатуға болмайды.

III Қорытынды

Радионуклид ыдыраған кезде химиялық элементтердің изотопы пайда болады, ол химиялық байланыстардың үзілуі мен молекуланың қайта құрылкына әкеледі. Радиациялы әсер сәулеленуге шалдыққан жерде ғана пайда болмайды. Радиация мөлшерінің жоғарылауы ағзаның иммундық жүйесін төмендетіп, әртүрлі ауруды қабылдағыш етеді. Сәулелену кезінде қатерлі ісік пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды.

Ядролы бөлінудің өнімдері түскенде ағза ұзақ, интенсивтігі бойынша аз сәулелендіруге шалдығады.

Ағзаға радионуклидтер түскен мүшелер қатты сәулеленеді (дем алу мен ас қорыту мүшелері) және қалқанша без бен бауыр. Басқа мүшелер мен терілерге қарағанда, олар сіңірген мөлшер 1-3 есе жоғары болады.

IV Пайдаланылған әдебиеттер

1) Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D3%99%D1%83%D0%BB%D0%B5_%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%83%D1%8B

2) Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

3) Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.



4) Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

5) Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет