Іі нұсқа 1-билет


Түркеш қағанатының орналасқан жері



бет33/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска

3.Түркеш қағанатының орналасқан жері. Жетісуда.

15-билет.

  1. «Протекторат»,«геосаясат»,«экспансия»,«еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.

  2. 1867 ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.

  3. 1929-1931 жж. Қазақстанда ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы қақтығыс орын алған аудандарды карта бойынша белгілеңіз.



Жауаптары:

  1. « Протекторат», «Геосаясат», «экспансия», еуроцентризм» терминдерінің мағынасын түсіндіріп беріңіз.

Протекторат - [лат. protector - қорғаушы, қамқоршы] - күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады

Экспансия (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі. Евроцентризм – европалықтардың өз тарихы мен мәдениеті туралы қалыптастырған көзқарастар жүйесі

  1. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереженің» мақсаты ен міндеттерін анықтаңыз.

Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді. Орал және Торғай облыстары — Орынбор генерал-губернаторлығына; Жетісу, Сырдария облыстары — Тцркістан генерал-губернаторлығына; Ақмола және Семей облыстары — Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілділі 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері — Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы — 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Әскери және азаматтың биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы 1867— 1868 жылдардағы реформаның бір түйінді жері болды. Ал Түркістан генерал-губернаторлығына, сонымен қатар Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялың келіссөз жүргізуге де рұқсат етілді.

Облыс басында тұрған әскери губернатор, сонымен қатар сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған (на- казной) атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жа- нында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар үйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру. Облыстық басқарма істерін қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Облыстық басқарма төрағасының жанында арнайы кеңесшілер тағайындалатын болды.

Облыстар уездерге бөлінді. Генерал-губернаторлар та- ғайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдері де, уездегі мекемелер де, бекіністер де бағындырылды. Уездер аумақтық принципке негізделген болыстарга, ал болыстар 100 — 200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Ірі аңсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің Қазаңстандағы отаршылдық саясатына тірек болды. Шыңғыс тұқымдары — сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Реформаның таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан да көруге болады.

Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери-губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарында үш жылға сайланатын. Ауылдық және болыстық старшындар сияқты ақсақалдарға да, олардың билік көрінісі ретінде қоладан қүйылған арнайы белгі және мөр тапсырылатын. Ақсақалдарды сайлау болыс сайлауы сияқты күреспен, руа- ралық жанжал, шиеленіскен тартыспен өтетін.

1867 — 1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар қүрылды. Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу қүралына айналды. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, әскери уездік соттардың дау-жан- жалдарды шешудегі әсері басым еді. Алайда сот істерінде ескі шариғаттық, феодалдық салттардың күнделікті өмірге әсеріне шек қойылды. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер сайланатын еді.

Шын мәнінде, әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің Қазақстандағы отарлық сот жүйесінің төменгі буыны болды. Уездік және әскери соттар бүқараны қанауды үдетті. 1861 жылғы басыбай- лылық қүқығын жою жөніндегі заң сияқты 1867 —1868 жылдардағы реформалар да қоғамның түбірлі қайшы- лықтарын шеше алмады. Реформа арқылы отарлық бас- қару, билік нығайтылды. Халықты бағынышты жағдайда үстайтын, үстем таптың саясатын бүлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді.



“Ереже-реформа” Қазақстанның әлеуметтік-экономика- лық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік қүбылыстар ене бастады. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті. Ауыл түрғындарының арасында таптық жіктелудің салдарынан жатақтардың қалыптаса бастағаны, яғни кедейленген қазақтардың қалаларға, алғашқы өндіріс орындарына шоқырлануы үйреншікті жайға айналды. Осы реформаның куәсі болған Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы сияқты алдыңғы қатарлы ойшылдар, оның отаршыл, теріс жақтарын өз шығармаларында талай рет сынап, мысқылдаған еді.

  1. 1929-1931 жж. Қазақстанда ұжымдастыру саясатына қарсы қарулы қақтығыс болған аудандарды карта бойынша белгіле.

16-билет.

  1. Сақтардың мәдениеті, діни нанымдары мен әдет-ғұрыптары туралы түсінік беріңіз.

  2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.

  3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықжәне оның құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет