Іі нұсқа 1-билет


жылғы Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет



бет43/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска
к тарих 1 нуска, к тарих 1 нуска
1930 жылғы Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет.


20-билет.

  1. Қазақ халқының мәдениеті (музыкалық аспаптары)

  2. Кіші жүз қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызын анықтаңыз.

  3. Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талдаңыз.



Жауаптары:

1.Қазақ халқының мәдениеті (музыкалық аспаптар)

Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.

Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы. .Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет