Іі сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің перспективтік жоспар



бет19/19
Дата24.08.2020
өлшемі32,97 Kb.
#76827
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ІІ топ

Тақырыбы: «Дене мүшелері»
Мақсаты: Балаларды дене мүшелерінің атауымен таныстыру. Көлемді анықтау және түс атауларын қайталау. Сөз тіркестерінің, сөз таптарының түрленуін қолдануды бекіту (көзі көк, шашы қара, ұзын). 

1

13


Тақырыбы: «Жанұя»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорына жанұя мүшелерін және олардың басты мінездік ерекшеліктерін білдіретін (кең пейіл, нәзік, қатал, көңілді) сөздерді енгізу. Өз жанұясы жайлы жай сөйлемдермен айта білуге үйрету.

1

14


Тақырыбы: «Мен тұратын үй» (жиһаз)
Мақсаты: Балаларды жиһаздық заттар атауымен және тұрмыстық электр құралдары – кір жуу машинасымен, тоңазытқышпен, шаң сорғышпен, теледидармен таныстыру. Жиһаздың заттық сипатын білдіретін (жұмсақ, ағаш) сөздер атауын, (орындықта, үстел басына отыру және т.б.) зат есім мен сын есімнің көмекші сөздерін қолдану білігін бекіту. 

1

15


Тақырыбы: «Әжемізде тұрғанда» (үй жануарлары мен құстары)
Мақсаты: Балалардың сөздік қорына үй жануарлары мен үй құстарды (ит, мысық, түйе, сиыр, әтеш, тауық, үйрек, қаз) және олардың төлдері мен балапандарының атауын енгізу. Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерін (үйрек-үйректер; үйректің балапаны - үйректің балапандары) білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрде жіктелуін қолдана білуді үйрету. 

1

16


Тақырыбы: «Жабайы аңдар мен құстар». 
Мақсаты: Балаларды Қазақстанның жабайы аңдары (қасқыр, аю, қоян, түлкі) мен құстарының (торғай, қарға) атауларымен таныстыру. Сөздік қорларын негізгі сипатты білдіретін сөздер: зұлым, арам, қорқақ сөздерімен кеңейту. Атауын, түсін және көлемін (қоян - ақ, кішкентай және т.б.) қолдану арқылы сөз тіркестері мен жай сөйлемдерді айта білу білігін бекіту.

1

17


Тақырыбы: «Көлік»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорына көлік түрлері мен олардың бөлшектері (кузов, руль) атауын енгізу. Түс, көлем атауларын бекітуде зат есім мен сын есімдерді байланыстыра білуге үйрету. Жолда жүру ережесі бойынша түсінік беру: бағдаршам,көше, аяқжол, жолдан кесіп өту жолдары. 

1

18


Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»
Мақсаты: Балаларды Елорда, Республика, қала, көше, мекен-жай сөздерімен таныстыру. «Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қазақстанның елордасы — Астана. Мен Қостанай қаласында тұрамын. Менің мекен-жайым…» тақырыбында шағын әңгіме құрай білу білігін бекіту. 

1


Барлығы: 

18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет