Іі-тарау. Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,78 Mb.
  1   2   3
МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................2

І -ТАРАУ. Германиядағы фашистік диктатура – монополистік капиталдың билігін іске асыру қаруы.........................................................................................8

ІІ-ТАРАУ. Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты.

2.1. Фашистік диктатура кезіндегі жұмысшылар мен орта топтардың жағдайы....................................................................................................23

2.2 Фашистік үкіметтің аграрлық саясаты............................................32

Қорытынды.............................................................................................................41

Сілтемелер..............................................................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................50
КІРІСПЕ

Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарының басы мен қырықыншы жылдарының ортасында фашизм сияқты ұйымның пайда болуы адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл сауалдарға жауап табу мәселесі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

Фашизм - XX ғасырдағы контрреволюцияның туындысы. Ол демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Қоғамның қайшылықтары шиеленіскен кезде үстем тап бұрынғы нағыз реакцияшыл тәжірибелерін жинақтай отырып, қайшылықтан шығу жолын іздейді. Сондықтан бұл шараларды жүзеге асыруда оларға ұйымдасқан күш керек. Ол күш - адамзаат баласын бүрын тарихта болмаған алапат қырғын әкелген фашизм еді.

Фашизм - диктатураның басып-жаншу мен құрту жолынан басқа шарасы қалмаған кезде пайда болады және оның негізгі ұйымдастырушысы ролін атқарады.



Фашизм - интернационалдық құбылыс. Неліктен ол Еуропада пайда болды? Себебі, Еуропа демократиялық, революциялық қозғалыстың орталығы болды.

Германиядағы фашизмнің «таптық формасы» белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасты. Ол қозғалыстар мен революция дәуіріне қарсы реакция және коммунистік партиялардың дамуына жауап ретінде пайда болды. Германия мен италиядағы фашизм әлемді революциялық жарылыстар тітіркендіріп түрған кезде, яғни Еуропа экономикалық, әлеуметтік жүйедегі билігінен әлсірей бастаған кезде туды. Фашизм қоғамның дағдарысы мен жоқшылық бұқараның ашу-ызасын тудырған жағдайда дамыды. Оның қозғаушы күші - қара ниетті, шовнистік көзқарастардағы топтар болып табылады. Батыста соғыстан кейінгі уақытта Гитлердің жеке басына деген қызығушылықтың өскенін айта кету керек. Батыстағы ірі капитал иелері жас ұрпақты тұңғиыққа итермелеп, Гитлерді «күшті жеке адам» ретінде көрсетеді. Сондыктан Гитлердің адамзат тарихына қанша зиян кетіргенін анықтау өте қажет. Бұл мәселеніі шешу үшін Гитлер құрған фашистік өкіметтің саясатын, оның агресиялық мэнін, халыққа қарсы әрекет жасағанын талдау қажет. Көптеген адамдар мен болашақ үрпақ Гитлер қылмыскер, немесе кісі өлтіргіш болды ма, ол итті, немесе Вагнердің музыкасын сүйді ме деген мәселеге бейжай қарайды. Бәрінен де маңыздысы ол қалай өкімет басына келді және оның істеген ісіне кім мүмкіндік берді? Міне, осыны аяғына дейін анықтап алу тарих ғылымындағы маңызды да күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының тақырыбы да осы мақсаттан туды.



Германиядағы фашистік диктатураның алғашқы тәжірибесін талдай келіп, ИККИ XIII пленумы (1933 жылғы қараша-желтоқсан) фашизмге түпкілікті ғылыми анықтама берді. Ал, коминтерннің VII конгрессі оны одан әрі тереңдетіп, фашизмге толық талдау жасады. Міне, осы құжаттар тарихнамадағы осы мәселеніің бұдан бұлайғы мазмұнын анықтады.

1934 жылы Р.Пальм Даттың «Фашизм және социалистік революция» деген еңбегі ағылшын тілінде басылып шықты. 1935 жылы оның толықтырылған орысша нүсқасы басылды /1/. Бұл халықаралық фашизмге теориялық талдау жасауға тырысқан бірінші ғылыми еңбек болды. Еңбектің құндылығы сол, онда фашизм еңбектің өне бойына империализмнің жалпы экономикалық және саяси мәселелерімен байланыстырылды. Алайда, ол мемлекеттік-монополистік капитализмге өту міндетті түрде фашизмге әкелді деп жалған пікір айтты.

Кейбір еңбектерде герман фашизмнің ерекшелігі бірінші кезекте қаралып, оны монополистік реттеу, әскери экономиканың қарыштап дамуы, әскери шараларды жүзеге асыру сияқты күрделі міндеттерді орындаудағы фашистік диктатураның ролі басым көрсетіледі. Осындай еңбектің бірі - 1960 жылы шыққан Г.Л.Розановтың монографиясы/2/. Ол фашистік диктатураның ішкі, сыртқы саясатын жан-жақты талқылады. Автор бірінші кезекте фашистік террордың мемлекеттік жүйесінің пайда болуын ашып көрсетті, фашизмді өкімет басына әкелеген герман монополистерімен өзара қарым-қатынасын қарастырды.

1967 жылы А.А.Галкиннің өте маңызды зерттеуі пайда болды/3/. Ол капиталистік қоғамдағы фашизмнің әлеуметтік-экономикалық және саяси орынын ашып көрсетті, фашизмнің әр түрлі әлеуметтік топтарға көзқарасын, қатынасын талдады. А.А.Галкин орта топтардың фашизмнің әлеуметтік сүйеніші болғанын көрсетті, фашистердің ұзақ уақыт бойы оларды өздеріне пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерін анықтады.

Алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бастап герман фашизмі тарихының алғашқы сатылары белсенді түрде зерттеле бастады. Гитлер партиясының алғашқы кездегі тарихын, оның пайда болуының алғышарттарын зерттегендердің бірі - Д.С.Давидович/4/.



Герман фашизмі қалыптасуның алғашқы дәуірін зерттеуге А.С.Бланктің бірнеше еңбегі арналған/5/. Ол фашизмнің пайда болуының қозғаушы күштерін, нацистік партияның қалыптасуын, шамамен жиырмасыншы жылдардың ортасына дейінгі уақытты қамтып көрсетеді. Автор нацизмнің рухани тірегіне, идеологисының қалыптасуы мен әдістеріне, таралуына, оның белгілі бір әлеуметтік топтарға әсеріне көп көңіл бөлді.

Фашизмнің пайда болуы туралы мәселеге және оның тарихнамасына көп көңіл бөлген автор - Л.Ю.Рахшмир/6/. Ол фашизмнің пайда болуын жеңілдеткен әлеуметтік-экономикалық жағдаймен қатар «рухани күш» берген факторларды атайды. Фашизмнің бүқаралык базасын сақтап қалудағы үгіт-насихат жұмыстарының әдістері мен диктатураны күшейтуге бағытталған шараларын, фашистік тәртіптің құлауының саяси мәселелерін қарастырған Г.Н.Горошкова болды/7/.

Герман фашизмінің тарихындағы үлкен мәселеніің бірі - аграрлық саясат пен шаруалардың жағдайы. Бұл мәселемен негізінен монографиялары жетпісінші жылдардың соңында жарияланған А.Аникеев айналысты. Бұл еңбектерде бүрынғы Герман Демократиялық Республикасының мемлекеттік архивінің, Дрезденнің жер туралы архивінен материалдар кіреді. Ол фашистік үкіметтің аграрлық саясатының нәтижесінде әр түрлі шаруа топтарының жағдайы қандай болғанына талдау жасайды/8/.

1978 жылы СССР Ғылымдар академиясы жалпы тарих институтының ғалымдары дайындаған «История фашизма в Западной Европе» деген еңбек шықты/9/. Онда бүкіл Батыс Еуропа елдеріндегі фашистік қозғалысқа талдау жасалған. Жинаққа Г.С.Филатов, Л.И.Пищберг, Г.Н.Горошкова, В.Д.Ежов, И.И.Жигалов, Б.Р.Лопухов, С.П.Пожарская, И.К.Шириня еңбектері кірді.

Фашистік тоталитарлық мемлекеттердің құрылуы және дамуы, оның саяси жүйесі туралы мәселе Ж.Желеевтің еңбегінде зерттелген/10/. Гитлердің жеке басы, психикалық ауруы шетелдік зерттеуші Эрих Фроммның еңбегінде талданды/11/.

Диплом жұмысын дайындауға пайдаланылған деректер негізінен әртүрлі құжаттар мен материалдар жинақтарынан алынды/12/. Бұл жинақтарда фашистік диктатураның ішкі және сыртқы саясатын сипаттайтын СС, гестапо сияқты фашистік ұйымдар мен мекемелердің жазалау әрекеттерін көрсететін материалдар берілген. Алайда фашистік диктатураның 1933-1939 жылдарда шығарған заңдарының мазмұнын беретін документтердің орыс тіліне аударылғандары өте аз. Сондықтан төтенше заңдарды талдағанда негізінен зерттеушілік еңбектерге сүйенуге тура келді.

Гитлерлік алапат жүйе ұйымдастырған апаттан Қазақстан халқы да сырт қалған жоқ. 1939 жылғы халық санағы бойынша қазақстанның халқы 6,2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1.196.164 қазақстандық сапқа түрды. Патша өкіметінің 1916 жылғы тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды. Оларға Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырып алынды. Республикаға майдан алқабынан әкелінген , 1,5 млн.-дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикадан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді. Моблизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-нің ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болоды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшелерде тіркелді. Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің елудей жеке полктері мен батальондары еді. Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшелері болып құрылды. Моблизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден құралған Бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан тұрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және басқа тисті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржыларының есебінен қамтамасыз етілді.

Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде түрған 27 әскери оқу орыны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.

Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жүмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындарының пайдасына қайта бөлінді.

Міне, сондықтан соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар қазақтар үшін де ешқашан ұмтылмауға тиіс. Соғыстардың ішіндегі ең ауыр соғыс жылдары және ең ұлы жеңіс адамзаттың онан кейінгі дамуына да ықпалын тигізіп келді.

Адамзат баласының басына гитлерлік жүйе сияқты алапат қырғын жүйе қайта айналып келмеуі үшін де біз Бұл жүйенің тарихына, оны туғызған кезеңге көз жүгіртіп, тереңірек зерттеуіміз қажет. Сондықтан, біздің Бұл диплом жұмысымыздың тақырыбы осындай игі мақсаттан туған еді.



Тақырып мақсатына орай диплом жұмысы екі тарауға бөлінді, соңғы тарау өз кезегінде екі бөлімге бөлінеген. Жалпы жұмыста мемлекеттік-монополистік каптитализмнің фашистік жүйесінің қалыптасу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

І-ТАРАУ. ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИСТІК ДИКТАТУРА - МОНОПОЛИСТІК КАПИТАЛДЫҢ БИЛІГІН ІСКЕ АСЫРУ ҚАРУЫ.

Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп қалды, сөйтіп жаңа жерлер басып алу мақсатын әскери жолмен шеше алмады. Тіпті жеңілу нәтижесінде соғысқа дейінгі билеген бірқатар территорияларынан да және саяси ықпалынан да айырылып қалды. Германия өкілдері «тонаушы» Версаль бітіміне қол қоюға мәжбүр болды.

Герман империализмінің ішкі жағдайы да нашарлады. Соғыста күйзелу, халықтың жағдайының нашарлауы, кайзерлік өкіметтің дағдарысы енді революциялық ахуалдың пісіп-жетілуіне әкелді. 1918 жылғы Қараша революциясы буржуазиялық-парламенттік жүйенің құрылуына және еңбекшілерге демократиялық бостандықтар беруге жеткізді.

Осындай жағдайда, ел Версаль келісімінің қамытын киіп, тап күресінің қызған кезінде, Германияда ұлтшыл, шовнистік, антикоммунистік бағыттағы қозғалыс пайда болды.

Басқа капиталистік елдерге қарағанда Германияның экономикасы әлдеқайда тұрақсыз болды, өйткені оның негізгі көздерінің бірі шетел, ең бастысы АҚШ пен Ұлыбритания капиталының тасқыны еді. АҚШ пен Англия империалистері табыстардан тыс өздері қосқан қаржыларынан түсірген пайдасына қосымша қосымша Германияның соғыс-өнеркәсіптік қуатын қалпына келтіруге көмектесті. Неміс монополиялары үшін реперация мәселесі мәселесінің қолайлы шешілуі осы жоспарға сай келді. 1924-1931 жылдары реперация есебіне 11 млрд. Марка төлеген Германия өз экономикасына 26 млрд. Марка мөлшерінде карыз және тікелей күрделі қаржы алды.

Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды.

Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.

Ең алғашқы фашистік ұйымдар - «Фаши ди комбаттименто» (ағымның атауы осыдан шыққан.) Италияда 1919 жылы наурызда пайда болды. Ол билік басына монополистік буржуазияның және монархияның қолдуымен билік басына 1922 жылы қазанда келді.

1919 жылдың басына қарай Германияда фашистік партия пайда болды. Ол 1933 жылы 30 қаңтарда монополистік буржуазияға, рейхсвердегі реакцияшыл топтарға, юнкерлік - дворяндық топтарға сүйене отырып билік басына келді.

Осылайша билік басына келген Германия фашистік режиммінің негізгі сыртқы саясаты дүниежүзінде үстемдік құру болатын. Олар жаулап алған жерлерінде бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, әлем алдында кешірілмес қылмыс жасады.

Фашизм - XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда, Германия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша, Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 61 жыл уақыт өтсе де, оның зардабы әлі ұмытыла қойған жоқ. Адамзат тарихындағы үлкенді-кішілі соғыстардың ішінде фашистік Германия тұтандырған екінші дүниежүзілік соғысы ерекше орын алады. Бұл соғыс 50 миллион адамның өмірін қиып кетті. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 14,5 мың соғыстар болған екен. Бұл соғыстар 4 млрд адамның өмірін жалмап кетті. Олардың ішінде 7 жылдық, 30 жылдық, тіпті 100 жылдық соғыстар болды. Бірақ ең көп қан төгілген және ең сорақысы - 6 жылдық II дүниежүзілік соғысы. Бұл соғысқа жер шарындағы халықтарының 5/4 бөлігі қатысты. Қарулы қақтығыс Еуропаның, Азияның және Африканың 40-тан астам елінде орын алды. Бұл соғыста жаңа заман талабына сай әскери қару-жарақпен жабдықталған бірнеше миллион әскер қатысты. Егер фашистер бастаған басқыншылар жеңіске жеткенде адамзат тарихында түнек пен жабайылық орын алар еді. Бұл тарихта ең көп қан төгілген, Еуропаны қираған үйіндіге айналдырған ең аяусыз соғыс болып табылады.

АҚШ пен Ұлыбританияның герман империализмін финанстық-экономикалық жағынан қолдауында алысты көздеген саяси мақсат бар еді. Олардың ең маңыздысы Германияны Кеңестер Одағына қарсы күрестің негізгі қаруына айналдыру болды. Ал Германия империалистері өз тарапынан «Дранг нах Остен» («Шығысқа қысым») жоспарларын жүзеге асыруға қайта оралуға ниеттенді.

Неміс капиталистері шетел заемның «алтын нөсерін» индустрияны жетілдіруге пайдаланды. Германияда жаңадан қуатты монополиялар -бүкіл химия өнеркәсібін өзіне бағындырған «Фарбениндустри», «болат тресі» және тағы басқалары пайда болды. Олардың қолдауымен елде көптеген милитаристік ұйымдар құрылды. Голландиядағы, Швейцариядағы, испаниядағы және басқа елдердегі неміс монополияларының бақылауындағы кәсіпорындарда Германияға арналған соғыс самолеттері мен сүңгуір қайықтар жасалды.

Осындай жағдайда Германия өнеркәсіп өнімдерінің көлемі жөнінен Еуропаның капиталистік елдері арасында бірінші орынға шықты.

1933 жылы қаңтарда герман монополистік капиталының Гитлерге өкіметті беруі, фашизмді халықаралық қауіп дәрежесіне әкелді. Реакцияшыл шовнистік диктатура билігіне қарақшы, жыртқыш болған және империалистік жоспарын іске асыру үшін экономикалық күшіне қоса ірі әскери күш жинай алатын монополистік топтары бар ел көшті.

Фашизм мәніне ғылыми анықтаманы 1933 жылы Коминтерн Атқару комитетінің XII пленумы былай деп берді: «фашизм финанс капиталының реакцияшыл, шовнистік, империалистік әлементтерінің ашық террористік диктатурасы»/13/. Бұл анықтама негізіне таптық принцип қойылған: кім-кімге, кімнің қажетіне фашизм қызмет етеді, өз саяси билігін қай қоғамдық топ қажетіне арнап іске асырады. Монополистік капитал фашистерді өз қажетіне пайдаланатын құрал ретінде бірден қабылдамайды. Фашизм жаңа туған кезде ірі буржуазияның кейбір өкілдері оларға сенімсіздікпен қарайды. Итальян монополистік капиталы, тек сол партия мен оның көсемдерінің либерал-парламенттік билік түрі мен әдісін танып, қатал диктатура орната алатынын көргеннен кейін ғана кең көлемде және нақты қаржыландыру мен саяси көмек беру жолына түсті.



Мұндай жол Германияда да анық байқалды. Жиырмасыншы жылдары монополистік капитал фашистік диктатураға қажеттілікті көрген жоқ. Соның өзінде ірі капиталдың белгілі бір топтары нацистік партия мен оның фюрерін борлашақта керек күш ретінде қарады. Сол кезде Баварияда өнеркәсіпшілердің Гитлерді жақтайтын ірі тобы қалыптасты. Нацистер партиясы осы топқа кірген Бавар өнеркәсіпшілер одағы төрағасы Х.Ауст, «Электрохимишеверке» (Мюнхен) иесі Альберт Пити, бай кітап басушы Хого Брукман, ірі өнеркәсіп иесі фон Маффей т.б. қаржы бөлді/14/.

Қаржыландырудағы неміс банкирлерінің де ролін айта кету керек. Бұлардың арасында сол кезедегі неміс финанс капиталының ірі және негізгі өкілдері фон Штраус, Я.Шахт, Г.фон Штейн, К.фон Шредер, Ф.Рейнгард, К.Шмитт және Хилгарт болды. Банкирлер фашистік партияға ірі қарыз берді және ақша төлеу қабілеті бар екенін дәлелдеп куэлік беріп отырды. Гитлердің өкімет басына келгенге дейінгі банкирлерге қарызы 12 млн. марка шамасында болды/15/.

Сонымен ірі неміс өнеркәсіпшілерінің көпшілігі НСДАП - ты қаржыландыруға қатысты. Ал, Бұл Гитлердің өкімет басына келуіне жағдай жасады. 1933 жылы 3 ақпанда Гитлер алғаш рет үкімет басшысы ретінде (әскери басшылар алдында) сөз сөйлеп, фашистік диктатураның мақсат-мүдделерімен, жұмыс жоспарымен таныстырды. Онда авторитарлық диктатура құруға ұмтылатыны, демократия атаулыны жоятыны, дүниежүзін басып алуға үмтылатыны ашық айтылды. Сондықтан НСДАП - ты қаржыландыру Гитлер өкімет басшысы болғаннан кейін де жалғаса берді/16/.

1933 жылы 20 ақпанда рейхстаг төрағасы Герингтің үйінде Гитлер ірі монополистермен кездесті. Кездесуде жалпы саны 20-25 монополистер өкілі болды, оның ішінде Я.Шахт, Г.Крупп фон Болен, А.Фечлер, Э.Генчальман, Г.фон Жнецлер, Г.Беренс т.б. бар еді/17/.



Гитлер кеңесте парламенттік құрылысты жою бағдарламасын жариялап, НСДАП (неміс национал-социалистік жұмысшы партиясы) басшылары өз бағдарламасын сайлау нәтижесі қандай болса да іске асырады деп мәлімдеді. Ол осы бағдарламаны іске асыру үшін өнеркәсіпшілердің жаңа қаржы бөлуін талап етті. Монополистер 3 млн. марка бөлді. Буржуазияның үстемдігінің парламенттік формасын жоюға Бұл кезде монополистердің бәрі мүдделі болып отырған еді/18/. Өйткені парламенттік жүйе дағдарыс жағдайында күшіне байланысты толқуларды, халық қозғалыстарын басуға дәрменсіз болды. Сондықтан буржуазия ашық реакцияшыл диктатураға үміт артты.

Монополистік буржуазия Гитлер режимінің қол жеткен басты табысы жұмысшы табының саяси авнгардының жойылғаны деп таныды. Коммунистерді қудалау, социал-демократия партиясына тиым салу, кәсіподақтарды тарату - жаңа өкіметтің алғашқы шараларының бірі болды. өндірістерде ереуілдік күрес күрт азайып кетті, коммунистер түрмеге қамалды.

Тұтқындарды фашистердің қалай азаптап жатқаны туралы хабарлар естіліп жатты. Адамдарды үрей биледі. Ал, фашистер болса, барлық жерде жиналыс, шерулер өткізіп, масайраумен болды/19/.

Фашистік өкіметтің монополистерге қатынасын анықтайтын гитлерлік өкіметтің экономикалық саясаты болды. Гитлер өкімет басына келгесін өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік бүрынғы қалпында сақталды. Тек еврейлердің дүние-мүлкі тәркіленіп, басқарушы өкіметке берілді, немесе арилік өндірісшілерге арзанға сатылды. Жекелеген өндірісшілер фашистік немесе мемлекеттік аппаратпен келісімге келмей қалған жағдайда жеке меншігінен айырылды.

Фашистер өкімет басына келгеннен кейін негізгі қаржыландыру 1933 жылы құрылған «Адольф Гитлер» қоры арқылы жүрді. Қор басшылығын Крупп фон Болен өз қолына алды. Оған мүше болған фирма жұмысшыларға төлеген жалақысының жалпы сомасынан 0,5 процентті үнемі қорға бөліп отырды. Алғаш құрылған жылы оның ақша қоры 30 млн. маркаға жетті және жыл сайын өндіріс өсуімен бірге өсіп отырды. Бұл топтан басқа Флик пен Кеплер ұйымдастырған «Экономика достарының үйірмесі» болды/20/. Оған ең ірі деген 40 банкир және өнеркәсіпші кірді. Үйірме негізінен СС-ті қаржыландырды. Гитлер өкімет басына келгеннен кейін Кепплердің үйірмесіне келушілер санының өскені сонша, оның жетекшілері клиенттерді таңдап алуға мәжбүр болды. Осы айтылғанның бәрі фашистік қозғалыстың «ұлттық-халықтық» қозғалыс емес екендігін көрсетеді. Бұл фашистердің өкімет басындағы жүргізген саясатымен де дәлелденді. Монополиялардың экономикалық қуаты мен фашистік мемлекеттің саяси өкіметі бірігіп, финанс және өндіріс капиталы мүддесін қорғайды. Монополистік буржуазияның, юнкерлердің, фашизмнің және милитаризмнің таптық негізде бірігуі үшінші империяда реакцияшыл күштердің шексіз үстемдік алған одағын құрды. Осы одақ қойнауында үнемі дүниежүзілік ауқымдағы агрессияшыл жоспарлар туып жатты/21/.

Фашистік жетекшілер жұмысшыларды тұрақты жұмыспен және ауқаттылығын қамтамасыз етуге, шаруалардың, ұсақ дүкеншілердің, қолөнершілердің қарыздарын жойып, салықтарын азайтуға даурыға уәде берді. Олар монополиялар мен банктерді сөз жүзінде сынап, буржуазиялық демократия мен парламентаризмге шабуыл жасады, өздерінің насихатында версаль шартының Германияны кемсітіп, басқа елдермен салыстырғанда оны қомсыну жағдайына қойған статьяларды кенінен пайдаланды. Нацистер адамның жеке басын құрметтеуге қарсы шығып, мейрімсіздік пен озбырлыққа табынуды дәріптеді.

Фашистер ең алдымен ұсақ буржуазияны, одан кейін жұмысшылар мен шаруалардың біраз бөлігін өздеріне ерте білді. Бүған олар әлеуметтік даурықпа, нәсілдік сандырақ және террор арқылы жетті. Фашизмнің жаппай тірегіне айналған әлеуметтік топтар өздерінің түбірлі мүдделеріне қарсы шығып, финанс капиталының ең реакцияшыл топтарына зығырданы қайнай қызмет етті.

Жиырмасыншы жылдардың басынан-ақ Германияның кейбір өнеркәсіп және финанс алпауыттары нацистерге жаны ашып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады.

1934 жылы Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағы Крупп фон Болен мен Адольф Гитлердің кездесуінен кейін келісім жасасты. Бұл келісім бойынша Империялық одақ фашистер саясатына толық қолдау көрсетіп, мынындай міндеттемелер алды:



1. Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағы экономикалық жағдайды саяси қажеттілікке сәйкестендіруге қызмет етді.

2. Жаңа ұйымның міндеттері империялық үкімет мақсатына сәйкес келетіндей жағдай жасау. Оның ұлттық, экономикалық жағынан да жақсы құрал бола алатындай етіп қайта құру.

Бұл екі міндет тек Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағының қайта құруына ғана емес, сонымен бірге экономиканы кәсіптік-сословиелік түрде құрудың үлкен сүрақтар тобына кіреді. Сондықтан шаруашылық пен өнеркісіптің бірінші кезетегі міндеті ұйымдық көптеген қондырмаларды жойып, қарапайым және пайдалы құрылымды құру болып табылады/22/. Кеңестер Одағынан Германияға еріксіз жұмысқа 5 млн-ға жуық адам айдалды/23/. Жұмысшы күші монополиялар үшін құнсыз түрге айналды. Монополистік капитализмнің пайдасының өсуін мына цифрлар көрсетеді. Крупп концерні 1933-1934 жылдары 6,6 млн. пайда тапса, ал, 1938-1939 жылдары пайда көлемі 21,1 млн-ға жетті. «Дразнер Банктің» таза пайдасы 1933 жылы 1,6 млн. болса, 1940 жылы 90 млн-ға жетті. «Фарбениндустри» фирмасының таза пайдасы 1933-1940 жылдары 9 есе өсті/24/. Фашистік қозғалыстың өкімет басына келуіне көп қаржы берген монополистер енді өз ақшаларын еселеп қайтарып жатты/25/. Фашизм дүниежүзілік монополистік капиталдың белгілі тобының мүддесін көздегенімен Батыстың империалистік елдерімен де тіл табысқан жоқ. Герман фашизмі туында дүние жүзіне үстемдік орнату мақсаты жазылды. Демек, Гитлер Кеңестер Одағына қарсы соғысты да бүкіл империализм мүддесі үшін емес, фашистік Германияның билігін бүкіл әлемге орнату үшін жүргізді.

Қазіргі кезеңде фашистердің ірі неміс концерндерімен бірігіп жаулап алған жерлерді тонау жоспарлары туралы қүжаттар көп жарияланған. Соның бірі - Герман монополияларының Кеңестер Одағы территориясындағы өнеркәсіп пен шикізат байлығын тонаудың жоспары.



Герингтің 1941 жылғы маусымда жарияланған құпия нұсқауы -«Жасыл папкада» Кеңестер Одағына қарсы негізгі экономикалық мақсат Германия үшін азық-түлік пен мүнайды бар мүмкіншілігінше алу - деп көрсетілді/26/.

Фашистердің әскери-агрессияшыл жоспарлары монополияларға баюға көп мүмкіншілік туғызды. Бұл тек болашақ қорларын басып алып, өнімді шығару рыноктарымен шектелген жоқ. Соғысқа дайындық ретінде экономиканы милитарландыру соғысқа дейінгі кезеңде-ақ үлкен пайда түсірді. Мысалы: «Шойын тресі» алғашқы алты жылда кірісін 3,5 есе, ал Крупптің концерні осы мөлшерде көбейтуге мүмкіндік алды/27/. Монополистік капитал жұмысшы табы және басқа да антимонополистік күштер қарсылығына кездесіп отыруы заңды болды. өкімет басындағы фашистер басып-жаншу әдісімен ұлтшыл демагогия күшімен Бұл қарсылықты жоюды өз қолына алды. Буржуазия жұмысшы табының талабымен санасуды мүлде тоқтатып, бұрын мәжбүрлікпен берілген жеңілдіктерді де қайтып алды.

Фашистік диктатура орнаған кезден бастап-ақ, фашистік билікте бүкіл экономикасын бақылауға алған ірі монополиялардың қолына берген, монополияны мемлекеттік реттеу аппараты құрылған еді. Мемлекеттік-монополистік реттеу жүйесін құру екі бағытта жүрді:

1.Мемлекеттік аппаратты күшейтуге арналған төтенше заңдар шығару;



2.Экономиканың дамуын реттеуге мемлекеттің кеңінен араласуы, мемлекеттік аппарат пен монополиялардың бірігуі.Мемлекеттік аппаратты күшейтуге арналған заңдар тым реакцияшыл сипатта болды. Сондай, аса бір қылмысты қара заңдардың мысалы ретінде 1925 жылы шыққан «Мемлекетті қорғау туралы заңға» 1934 жылы, 1941 жылы және 1943 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді айтуға болады/28/.

Заңның бірінші тармағында фашистік диктатураның демократия атаулыны мүлде жоятындығын көрсететін мынадай нүсқау көрсетіді: «Барлық ұйымдар мен топтарға мемлекеттік конституция негізінде орнаған қоғамдық тәртіпті зорлықпен бүзуға немесе өкіметті зорлықпен басып алуға тиым салынады».

Екінші параграфтың бірінші бабында: «Егер, кімде-кім әскери қару мен материалды, темір жол, почта, телеграф, телефон заттарын, көпір мен шахталарды, мемлекеттік және қоғамдық үйлерді құртса, кімде-кім азық-түлік қорын тонаса өлім жазасына кесіледі немесе өмірлік қатал түрмеге отырады және 2000000 -5000000 левкаға дейін айып салынады, ал соғыс уақытында өлім жазасына кесіледі»- делінді.

16-бапта: «Егер ұйым немесе топ Бұлік, төңкеріс, террорлық әрекет, біреуді өлтіру немесе басқа да қоғамға қауіпті қылмыс жасаса, кінәлілер жауапқа тартылады. Дем берушілері, ұйымдастырушылары, басшылары

мен орындаушылары өлім жазасына, ал қалғандары өлімге немесе он жылдан кем емес уақытқа түрмеге отыру жазасына кесіледі».

8-бапта: «Егер кімде-кім көтеріліс жасауға үгіттеп, ұйымдастырып, оған армия, жандармерия, полицияны және темір жол жұмысын, почта, телеграф қызметкерлерін тартса және ол әскери міндетте болса, онда өлім жазасына немесе он бес жылға түрмеге жабылады. Соғыс кезінде екі жағдайда да өлім жазасына кесіледі».

Фашистік диктатураны күшейте түсу үшін мынадай қосымшалар енгізілді: «Біреу ауызша, не жазбаша, не баспасөзде елдің экономикалық, саяси құрылысын зорлықпен өзгерту жөнінде үгіт жүргізсе, ол адамның әрекеті қоғамға қауіпті болса, оған тек өлім жазасы кесіледі. Кімде - кім белгілі бір адаммен, топпен, ұйыммен байланыс жасап, олар шет елде қылмысты іс дайындап жатса, немесе кімде - кім шет елде белгілі топ пен адамдардың, баспасөз органдарының ұйымдасуына көмектессе, олар елдегі мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық-құқықтық тәртіпке қарсы әрекет етсе, бес жылға қатал түрме, ал соғыс уақытында өлім жазасына кесіледі». Осы заңдар фашистік диктатура кезіндегі төтенше реакцияшыл заң ретінде фашизм соғыста жеңіліп үшінші реих күйрегенге дейін күшінде қала берді.



Фашистік диктатура орнағаннан кейін мемлекеттік-монополистік капитализмнің жылдам қарқынмен даму процесін ол мемлекеттің монополистерге қарсы бағытталған саясаты түрінде көрсетеді. Жанталаса қарулануды - ол ешкімге тэуелсіз мемлекеттік аппараттың милитаристік бағытындағы дәрменсіз, бағынышты монополистерге еріксіз таңылған саясаты деп есептейді/29/.

Ал, шындығында мемлекеттік-монополистік реттеу, монополистерлің мақсат-мүдделерін қанағаттандыруға бағытталды. Техникалық жарақтандырылуы мен ұйымдастырылуы дәрежесі жағынан жоғары дамыған, аз ғана алпауыттар тобының иелігінде болған герман өнеркәсібі бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ мемлекеттік-монополистік реттеу аппаратына кірген еді, сондықтан фашистік үкіметке оны шоғырландыру, орталықтандыру, сөйтіп жаппай қарулануға қызмет еткізу қиын болған жоқ.

1933 жылы 8 ақпанда Гитлер мен Геринг экономикалық дағдарыспен күресу мақсатында жүргізіліп жатқан шараларды түгелдей соғыс талаптарына бағындыру туралы үзілді-кесілді шарт қойды. Нақты экономикалық саясат осы мақсатқа негізделді және экономика саласындағы қосымша іс-әрекеттер оның жүзеге асуына көмектесті. 1932-1933 жылдары Германияның соғыс мақсатына берген қаржысы 14,8 млрд. Маркаға ұлғайды. Көп мөлшерде қаржы жол транспортына, әсіресе қорғаныс жолдарын салуға бөлінді. Қосымша шаралардың ішіндегі тағы бір маңыздысы - экономикада жекеленген кәсіпкерлік әрекеттерді жандандыруға бағытталған реттеушілік жүйесі болды. Өндірістік және сауда орындарын көбейтуге қадам жасалды. Осы мақсатпен жеке кәсіпорындарға банктерге қарызын өтеу үшін қаржы берілді.



1933 жылы 8 ақпанда Гитлер мен Геринг экономикалық дағдарыспен күресу мақсатында жүргізіліп жатқан шараларды түгелдей соғыс талаптарына бағындыру туралы үзілді - кесілді шарт қойды. Нақты экономикалық саясат осы мақсатқа негізделді және экономика саласындағы қосымша іс- әрекеттер оның жүзеге асуына көмектеседі.

1932-1933 жылдары Германияның соғыстың мақсатына берілген қаржысы 14,8 млрд маркаға ұлғайды. Көп мөлшерде қаржы жол транспортына, әсіресе қорғаныс жолдарын салуға бөлінді. Қосымша шаралардың ішіндегі тағы бір маңыздысы - экономикада жекеленген кәсіпкерлік әрекеттерді жандандыруға бағытталған реттеушілік жүйесі болды. Өндірістік және сауда орындарын көбейтуге қадам жасалды. Осы мақсатпен жеке кәсіпорындарға банктерге қарызын өтеу үшін қаржы берілді. 1934 жылы үкіметтің декреті бойынша тұрғын жайларды қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 500 млн. марка қаржы бөлінді.

Экономикада мемлекетттік монополия реттеуді іске асыруды ұмтылған фаистік үкімет шаруашылықты дамуына әкімшілік бақылау орнатты. Осы салада қолданған шараларының бірі шетелдік ақшаны ұстауға қатал бақылау қою. Өйткені 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс салдарынан ақшаның құнының жоғалуы елдің ішкі сауда айналымын төмендетті. Егер Германиядағы ішкі сауда айналысы 1932 жылы 1072 млн. марка болса, 1933 жылы Бұл төмендеп 667 млн-ға түсті. Осы жағдайда орай шаруашылық басшылыры ішкі сауда мен шетелдік ақша айырбастау жүйесіне әкімшіліктің араласуы туралы мәселе қарауды талап етті. 1938 жылы үкімет елдің шетелге қарыздануына байланысты ақша айырбастауға уақытша тиым салды.

Мемлекеттік монополия реттеудің әкімшілік формасы баға мен жалақы төлеуді жүзеге асыруда қолданылды. Елде етек алып бара жатқан инфляцияны тоқтатуға тырысып, фашистік үкімет бағаға әсерін тигізетін басты тұтқаны - жұмысшы күші, қызмет көрсету мен товарға баға қоюды қолына алды. 1936 жылы қарашада бар салада бағаны көтеруге тиым салынды, ол 1945 жылға дейін сақталды. Мүндай шешім мезгіл өте кейбір товарлардың сатудан жоғалуына әкелді. Ресми саудамен қатар бағасы бақылаусыз алыпсатарлық сауда пайда болды. Бұл карточка жүйесін енгізуді талап етті. Алғашқы кезде ол карточка жүйесі деп емес, белгілі бір товарларды тізім бойынша беру деп аталды. Ал соғыс басталғаннан соң карточкалық жүйе ресми түрде енгізілді.

Монополистік топтар үкіметтің сауда және баға мәселеріне араласуын қолдап отырды. Өйткені Бұл шаралар дағдарыстың зардаптарын жоюға, әсіресе, ақшаның құнсыздануын тоқтатуға тиісті деп есептеді.

Сыртқы саудаға байланысты шаралар, баға мен жалақыға бақылау қою экономиканы мемлекеттік реттеудің жоғарғы формасы мемлекеттің тікелей өндірістік сферасына араласуы болуға тиісті. Бұл әрекетке негіз салған -1933 жылғы 15 шілдедегі картельдер туралы заң /31/.

Бұл заң бойынша, көптеген ұсақ және орташа кәсіпорындар монополиялық бірлестіктерге кіруге мәжбүр болды. Сол шыққан күні Гитлердің арнаулы бүйрығымен империялық үкімет жағынан «Экономикалық бас кеңесі» деп аталған орган құрылды. Бүған ең ірі өнеркәсіптің, бірлестіктердің, банктердің, сауда бірлестіктерінің және ауылшаруашылық монополияларының басшылары кірді/32/. Бірінші кезекте кезінде Гитлерге ақшалай көмек берген монополиялар мен банктер ескертілді.

Неміс өнеркәсібінің империялық одағы қайта құрылды, ең алдымен ол арий еместерден және кезінде фашистерге әртүрлі кедергі жасағандардан тазартылды /33/. Осыдан кейін Империялық Одақ неміс өнеркәсібінің империялық сословиесі деп аталатын болды. 1933 жылы маусымда оған тағы бір ізгі кәсіпкерлік ұйымы - неміс кәсіпкерлері одағының Бірлестігі қосылды. Империялық сословие жетекшісі болып Крупп тағайындалды.

1934 жылы мамырда империялық сословие империялық өндіріс тобы деп аталды. Өзінің бақылауына 10 мыңдаған ұсақ және орташа кәсіпкерлерді біріктірген монополияны қосып алды /34/.Монополистердің өздері империялық өндіріс тобын басында басқарушы кеңестері бар 7 бөлімге бөлді. Фашизм үкіметіне тек өзі бөлініп ұйымдасқан нәрсені жерлеп, заң күшін енгізу ғана қалды. Экономиканы басқару жүйесін қайта құру мұнымен аяқталған жоқ. 1933 жылдың ақпанында өкімет неміс экономикасын құрылымдық жағынан қайта құруға дайындық туралы заң қабылдады. Бұл заң экономика министріне белгілі экономика салаларын таратуға, өзгертуге және кәсіпкерлер мен өндіріс бірлестіктеріне қосуға право берді. Осы заңда берілген нұсқаулар бойынша, 1934 жылы 27 қарашада заңды іске асыру жүйесін белгілеген декрет шығарылды/35/. Декрет бойынша бүкіл Германия экономикасы алты империялық топқа бөлінді: өнеркәсіп, сауда, қолөнер, қамсыздандыру, банктер, энергетика. Бұл ірі топтардың өзі 44 жеке шаруашылық топтарына, олар 350 салалық топтарға, одан әрі 640 жеке салалық ұсақ топтарға бөлінді. Бұл топтардағы тұтқалы орындарды ірі монополиялар иеленді. Салалық ұйымдастыру территориялық ұйымдастырумен толықтырылды. Бүкіл Германия 18 шаруашылық аймағына бөлінді, әрбір аймақта шаруашылық палаталары құрылды/36/.

Мемлекеттік-монополистік реттеу жүйесінің кеңеюі шаруашылықты басқарумен айналысатын мемлекеттік мекемелер жүйесі де қайта құруды қажет етті. Атап айтқанда, империялық шаруашылық министрлігінің құрылымы өзгертілді және құрамы кеңейтілді. Бүрынғы үшінші бөлім орнына жетінші бөлім құрылды. Осы бөлімдердің кеңейтілуіне байланысты министрлікте 1933 жылы жазда бес басқарма құрылды. Әрбір басқарма бірнеше бөлімнен түрып, барлығы 17 бөлімге жетті.

Мемлекеттік реттеуге ірі монополистер қолдау көрсетті. Фашистік үкімет пен монополиялардың осындай тығыз одағының құрылуына мысал ретінде «Фарбениндустри» фирмасының 1933-1939 жылдардағы тарихын алуға болады /37/.

Гитлерлік диктатура монополистік капитализмнің әлеметтік-саяси негізінде орнығып, көп ұзамай экономиканы мемлекеттік түрғыдан реттеу жөніндегі шаралар жүйесін жүзеге асыра бастады. Көп кешікпей неміс шаруашылығының Бас советі құрылып, оның құрамына ең ірі 18 монополия мен банктердің басшылары кірді. Бүкіл ел экономикасына «фюрершілдік» жүйе таратылды. Өнеркәсіп орындары мен салаларының басында түрған капиталистер сәйкес дәрежелі «фюрерлер» деп деп жарияланып, оларға мемлекеттік үкімет өкілдерінің өкілеттілігі берілді. Олардың озбырлығына қарсылық көрсету нацистік режимге бағынбау деп есептелді. Нацистік билеп-төстеушілер ірі-ірі концерндердің акцияларына иелік етті. Ықпалды банкирлер мен өнеркәсіп алпауыттары «үшінші рейхтың» мемлекеттік аппаратындағы маңызды қызмет орындарын иемденді. Сөйтіп, монополиялардың күштері фашистік мемлекет күштеріне жалғасты. Гитлерлік Германиядағы мемлекеттік-монополистік капитализмнің негізгі белгісі соғысқа дайындалу мақсатымен бүкіл экономиканы жаппай мемлекеттік басқару болды.

Германияның экономикасын милитарландыруға Ұлыбритания мен АҚШ-тың көптеген ірі монополиялары ықпал етті. Алуан түрлі қару-жарақ өндірудің кеңінен өрістетілуі неміссоғыс концерндерін табыстың бүрын-соңды болып көрмеген өсіміне кенелтті.

Демек фашистік диктатура экономиканы мемлекеттік реттеуді іске асыру арқылы ең ірі магнаттардың мүддесінен шықты. Мемлекеттік-монополистік капитализмнің фашистік формасы монополияларға өз үстемдігінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмысшы табының қарсылығын тойтаруға, орасн көп пайда табуға және сыртқы саясатты өз мақсаттарына беймдеуге көп мүмкіншілік берді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет