Ііі. Дәріс тезисі



Дата31.01.2022
өлшемі13,06 Kb.
#116512
Байланысты:
3 тақырып


Тақырыбы: Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы. Ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау.

ІІ.Мақсаты: суденттерді санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы, бөлімдері және санитарлық бақылаумен таныстыру.

ІІІ.Дәріс тезисі:

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің негізгі іс-әрекеті 1997жылы 19мамырда қабылданған “Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығын сақтау туралы” ҚР Заңы және 2002жылы 6-желтоқсанда қабылданған “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы” ҚР Заңы бойынша жүргізіледі.

Гигиена басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Қоршаған орта факторла- рын және олардың адам агзасына әсерін зерттеу мақсатында ол іргелік медицина пәндерінің-анатомияның, гистологияның, қалыпты және патологиялық физиологияның, патологиялық анатомияның, биохимияның, биологияның, микробиологияның, эпидемиологияның және климатология, метеорологня, агрохимия, топырақтану, агрономия, математика, сияқты т.б. медициналық емес ғылымдардың мәліметтерін және зерттеу әдістерін қолданады.

Барлық клиникалық пәндермен өзара байланыссыз гигиенаның болуы мүмкін емес, себебі, денсаулық жағдайын бағалау үшін өзінің зерттеулерінде гигиена, клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының сипаты туралы мәліметтерді кеңінен қолданады. Сонымен қатар, қоршаган орта факторларының гигиеналық сипаттамасы, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелср емдеу медицинасының барлық емдеу-алдын алу іс-әрекеттері тұрғызылатын негіз болып табылады.



Қазіргі кезде гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы, әлеуметтік гигиена, радиациялық гигиена, әскери гигиена және басқалар кіреді. Бұл бөлімдердің өрбірсуі гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды. Болашақ дәрігер-гигиена мамандары үшін пропедевтикалық гигиеналық пән және болашақ емдеуші дәрігерді гигиеналық біліммен қаруландыратын пән болып табылатын жалпы гигиена олардың ішінде айрықша орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет