Ііі. Есептің программасы


Экранға  мәліметтерді  форматтап  шығару



Pdf көрінісі
бет69/150
Дата21.05.2020
өлшемі1.13 Mb.
түріПрограмма
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150
Экранға  мәліметтерді  форматтап  шығару.  printf()  функциясын  шақыру 
операторы келесі құрылымға ие: 
       printf(формат түріндегі жол, аргументтер_тізімі); 
 
Форматты  жол  екі  тырнақшамен  шектелген  (яғни,  тексттік  константа  болып 
табылады) және өзінің құрамына кез-келген текстті, басқару символдарын және 
формат  спецификаторларын  қамти  алады.  Аргументтер  тізімі  келтірілмеуі 
мүмкін  немесе  мәндері  экранға  шығарылатын  өрнектерден  тұра  алады.  Мысалы,  
printf("\na="); операторы("a=")текстін және (\n) басқару символын қамтиды. Текст 
жазылған  түрінде  экранға  шығарылады.  Басқарушы  символдар  шығарылатын 
белгілердің  экранда  орналасуына  әсер  етеді.  Басқарушы  символдардың  белгісі 
ретінде \ беріледі. Төменде олардың тізімі келтірілген: 
\n – жаңа жолға көшіру; 
\t – горизонталды табуляция; 
\r – курсорды жаңа жолдың басына қайтару;  
\a – қоңырау дыбысы; 
\b – бір сивол кері қайтару (бір позиция); 
\f – жаңа параққа көшу; 
\v - вертикалды табуляция. 
 
printf("\nүшбұрыш  ауданы=%f",s);  операторын  қарастырайық.  Аргументтер  тізімі 
бір  s  айнымалысынан  тұрады.  Оның  мәні  экранға  шығарылады.  %f  символдар 
жұбы  шығарылатын  s  айнымалысының  мән  форматының  спецификациясы  болып 
табылады. % - формат белгісі, ал  f әрпі шығарылатын санның нақты  типті екенін 
көрсетеді.  
 
Формат  спецификаторы  шығарылатын  өлшембірліктің  сырт  көрінісінің 
түрін анықтайды. Кейбір формат спецификаторларын келтірейік: 
%c – символ; 
%s – жол; 
%d – бүтін ондық сан (типі int); 
%u – белгісі жоқ бүтін ондық сан (типі unsigned); 
%f – бекітілген нүкте түріндегі нақты сандар; 
%e – қалқымалы нүкте түріндегі нақты сандар (мантиссамен, ретпен берілген)  
Мысалы, келесі операторлардың орындалуынан кейін 
float m, p; 


168 
 
int k; 
m=84.3; k=-12; p=32.15; 
printf("\nm=%f\tk=%d\tp=%e", m, k, p); 
 
экранға мына жол шығады: 
m=84.299999  
k=-12  
p=3.21500e+01 
 
Формат  спецификаторына  сандық  параметрлер  қосыла  алады:  жолдың  ені 
мен дәлдігі. Ені - өлшемге экранда берілетін позициялар саны, ал дәлдік – бөлшек 
бөлігіне  берілетін  позициялар  саны  (нүктеден  кейін).  Параметрлер  %  пен  формат 
символының арасында жазылады және бір бірінен нүкте арқылы ажыратылады. 
Мысалы, 
printf("\nm=%5,2 ", m); нәтижесінде экранға 
m=84.30 шығады.  
Көрсетілген  жолдың  еніне  шығарылатын  мән  симай  қалған  жағдайда  да, 
өлшем толық шығарылады. 
 
Формат  спецификаторларына  келесі  түрдегі  модификаторлар  да  қосылуы 
мүмкін: 
%ld – long int шығару; 
%hu – short unsigned шығару; 
%lf – long double шығару. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   150




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет