Торнада- машина
Жоғарыдағы машинаны немесе оның бейнесін оқушыларға көрсете отырып, табиғи құбылыстарды және олардың физикалық тұрғыдан заңдылықтарға бағынуын сипаттап бере аламыз. Мына суретте – торнада – машинасы көрсетілген. Нағыз торнада ол жылдам айналатын ауа бағанын түзе отырып, жерге беттесе әсерлесетін күшті ағын. Оның ортасында – төменгі қысым аймағы пайда болып, «дауыл көзі» орналасады. Мұндай күшті желмен ол ұсақ заттарды ғана емес, адамды, көлік және үй шатырларын ұшырып, көптеген шығындар туғызады. Жоғарыда осындай кішігірім құйын туғызуға болатын құралдың үлгісін ұсынамыз. Көрсетілген құралда желдеткішпен түтін генераторы қолданылған және ол корпуста орналасқан. Бұл үлкен құйын жасайды, бірақ ешқандай зиян келтірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |