Iii республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалар жинағЫ



бет130/184
Дата08.06.2018
өлшемі13,94 Mb.
#41389
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   184
Литература

  1. http://www.emdat.be (официальный сайт посвященный исследованию глобальных катастроф, актуальная дата 25.12.10)

  2. В.П.Куликова Анализ и обработка данных в информационных системах - Петропавловск, СКГУ, 2006

  3. В.Боровиков STATISTICA. Искусство анализа данных на компьютере - М.-СПб., 2003

УДК 513
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ


Биғараева Г. Ж.

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті. Алматы қ,
Ғылыми жетекші: Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, п.ғ.к., Н.А. СӘНДІБАЕВА
Жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларының эксперименттік тапсырмалар орындағанда танымдық белсенділігін, шығармашылығын арттыру және физика пәніне деген қызығушылығын дамыту жолдарын қарастыру.
Жалпы білім беретін мектепте физика пәнін оқытуда білімді игерудің нәтижелілігі оқушының әр түрлі сезім мүшелерінің таным үдерісіне іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезінуі, көре білуі және қабылдауы, сонымен бірге күнделікті өмірде пайдалана білуі арқылы артады. Сондықтанда физика пәнінен әртүрлі көрсетілімдер мен зерттеулер, бақылаулар жасай отырып сабақтың тиімділігін арттыруға болады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор.

Физика сабақтарында оқушылардың эксперименттік жұмыс дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысын арттыруға болады, сондай-ақ экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымын қарастыра отырып, төмендегідей жүйені қабылдаймыз: демонстрациялық тәжірибелер, жаппай жүргізілетін зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер мен зерттеу және бақылау жұмыстары.

Физикадан дәстүрлі емес сабақтарда эксперименттік тапсырмалар бере отырып, оқушыларға ойлану мен тапқырлықты қажет ететін шарттарды жасауға болады. Физикалық эксперименттік тапсырмаларды үйге беру осы пәнге деген ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі. Үйге берілетін эксперименттік тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:

Тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;



  • Физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;

  • Физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр – дыбыс реттегіштің теледидардағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау);

- Тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу (электр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);

Мұндай тапсырмаларда, әдеттегідей, нақты физикалық обьектілер қарастырылады, олармен бірге құбылыстар және олардың шешімі көбіне жекеше сипатта болады. Мұндай тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетінің физикалық тәсілін дамыту мүмкіндігі көп.

Эксперименттік тапсырмаларды шартты түрде үш түрге бөлуге болады:

1. Физикалық шамалардың қандай да бір параметрлерін өлшеу (масса, электрлік кедергі және жүйенің оптикалық күші және т.б.)

2. Физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау ( вольт-амперлік сипаттамалар, физикалық денелер арасындағы әсерлесу күштері және т.б.)

3. «Қара жәшіктің» және оған кіретін элементтердің параметрлерінің кинематикалық, электрлік немесе оптикалық схемаларын анықтау.

Эксперименттік есептің шешуі оның тапсырмасының орындалуының теориялық дәлелдеуін, оның шешуінің әдісін таңдайды, өлшемдер жүргізу процесін, қателіктер бағалауын және алынған нәтиженің талдауын қарастырады.

Эксперименттік тапсырмалардың орындалуын бағалаған кезде істелінген жұмыс туралы есебінің дайындалуының сапасымен қатар қауіпсіздік техникасы ережесінің тәртібін сақтау да ескеріледі.



Демонстрациялық тәжірибелер

Физиканы үйрену процесі айналадағы физикалық құбылыстарды ұйымдастырылған түрде бақылаудан басталады. Мұндай бақылаулар оқушылармен қандай да бір дәрежеде физиканың жүйелі курсын оқып үйренуге дейін жүргізіледі.

Алайда физиканы үйрену кезінде осындай қормен ғана шектеліп және соған ғана сүйену төмендегідей ұсыныстар тұрғысынан алғанда дұрыс болмас еді. Біріншіден, мұндай түсініктер барлық оқушыда бірдей емес; екіншіден, кейбір оқушыларда олар тіпті дұрыс болмауы да мүмкін; үшіншіден, бұл түсініктер қандай да бір жаңа материалды қабылдап түсіну үшін әрқашан жеткілікті бола бермейді. Түсініктер қоры, практика көрсеткендей, бүкіл курс бойы біртіндеп, жүйелі түрде толықтырылып отырылуы керек.

Мұның бәрі оқуға керекті арнайы ұйымдастырылған демонстрациялық тәжірибелерді сыныпта жүргізу қажеттілігіне келіп тіреледі.

Тиісті түсініктер беріліп, дұрыс қойылған физика демонстрациялары нақтылы қондырғының жеке приборларын, тетіктерін, детальдарын, т.б. ғана емес, сонымен бірге оқып үйренілетін физикалық құбылыстарды, процестерді және заңдылықтарды да оқушылардың көруіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, демонстрациялар тікелей мұғалімнің басшылығымен оқушыларды бақылауларды неғұрлым жинақты және дәл жүргізуге үйретеді. Олар білім көзін сыртқы дүние құбылыстарынан, тәжірибеден іздеуге мәжбүр етеді және табиғаттың ақиқаттылығы жайлы ғылым ретінде, физика туралы материалистік түсінікті қалыптастырады.



Ақырында, дұрыс көрсетілген демонстрациялық тәжірибелер оқушылардың физикаға деген жанды жеңіл қолдау табатын қызығушылығын туғызады.

Дисктегі кемпірқосақ


Физика пәнін оқытуда пайдаланатын құрал-жабдықтарды күнделікті тұрмыстан да алып пайдалануға болады. Мына суретте – қарапайым компакт-диск бейнеленген. Оны оптикалық құрал ретінде пайдалануға болады. Осы дискінің концентрлі жолында жазылған мәліметтер бір- біріне өте жақын орналасқандықтан арасында жарық дифракциясы пайда болады. Осыдан шыққан әртүрлі сәулелер әртүрлі дифракцияланады. Мұнда әртүрлі түс сәулелері әртүрлі дифракцияланып, дискте түскен жарық спектрін де бақылауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет