Iii тарау Карталардың математикалық негізі


Проекциялардың әдеттегі картографиялық торлардың түрлері бойынша жіктелуі



бет5/14
Дата20.02.2023
өлшемі7,98 Mb.
#169406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
3 Тарау

3.5. Проекциялардың әдеттегі картографиялық торлардың түрлері бойынша жіктелуі
Эллипсоид немесе шардың картаға қарай ауысуына көмекші беткейлер ретінде жазықтық, цилиндр, конус, конустар сериясы және өзге де геометриялық фигуралар қолданылады.



3.5. сурет. Тең шамалы (а), тең аралық (б) және тең бұрыштық (в) цилиндрлік проекциялардағы бұрмаланушылықтар. Эллипсті бұрмаланудың мөлшері мен пішіні аудандар мен бұрыштардың бұрмалануларымен сипатталады.


Цилиндрлік проекцияларшарды (эллипсты) жобалау жанайтын немесе тиіп өтетін цилиндрдің беткейіне жүргізіледі, содан кейін оның бүйір бетін жазықтыққа қарай бұрайды (3.6 сурет). Егер цилиндрдің осі Жердің айналу осімен сәйкес келіп, ал беткей шарды экватор бойынша жанайтын болса, онда бұл проекцияны әдеттегі (түзу) цилиндрлік проекция деп атайды. Сонда әдеттегі тордың меридиандары бірдей қашықтықтағы өзара параллель түзу сызықтар күйінде , ал паралельдер оларға перпендикуляр бағытта орналасқан түзулер болып келеді. Бұндай проекцияларда тропикалық және экватор маңына жақын орналасқан аудандарда бұрмаланушылық өте аз кездеседі.

3.6. сурет Цилиндрлік проекциялар:


1- әдеттегі ал цилиндрлік проекцияның ұңғылануы; 2- жанайтын цилиндрдегі әдеттегі цилиндрлік проекциясы; 3- жанайтын цилиндрдегі қиғаш цилиндрлік проекция; 4- жанама цилиндрдегі, әсіресе, геодезиялық зоналарды жобалауға қолайлы көлденең цилиндрлік проекция.

Егер цилиндр осі экватор жазығында орналасса, онда ол көлденең цилиндрлік проекция деп аталады. Цилиндр шарға меридиан бойынша жанайды және оның маңайында бұрмалану жоқ болады, сондықтанда бұндай проекцияларға солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған территорияларды бейнелеген тиімді болып келеді. Көмекші цилиндрдің осі экватор жазығының бұрышында орналасқан жағдайдағы проекциялар көлденең цилиндрлік проекциялар болып аталады. Ол меридиан бұрышында бағытталған территориялар үшін ең тиімді проекция болып табылады (мысалы, Курил аралдары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет