Жалған конустық проекциялар – барлық параллельдері концентрациялық шеңбердің доғасымен (әдеттегі конусты проекциялардағыдай) суреттелген, орта меридиандары – түзу сызықтар, ал қалған меридиандары – қисық сызықтар, олардың қисықтығы орта меридианнан алшақтаған сайын жоғарылайды. Жалған конустық проекцияға мысал ретінде Боннның тең аумақты жалған коникалық проекциясын келтіруге болады. Ресей, Еуразия және де басқа құрлықтардың карталары үшін пайдаланылады.
Көпконусты проекциялар – шарды (эллипсоидты) көптеген конустарға жобалау нәтижесінде алынған проекциялар. Әдеттегі көпконусты проекцияларда параллелдер эксцентрлі шеңберлердің доғаларында көрсетілген, ал меридиандар болса түзу орта меридианға салыстырмалы түрде симметриялы қисықтар болып табылады (3.11 сурет). Көбіне мұндай проекциялар дүниежүзі карталарында қолданылады.
3.11-сурет. Поликонустық проекцияның құрылу принципі.
а - конустардың орналасуы, б – жолақтар, в - жайма
Жалған азимуттық проекция – түрі өзгертілген азимуттық проекциялар. Полярлық жалған азимуттық проекцияларда параллельдер концентрациялық айналым түрінде болады, ал меридиандар – қисық сызықтар, бір немесе екі тік меридандарға қатысты симметриялық қисық сызықтар. Көлденең және қисық жалған азимуттық проекциялар жалпы сопақша пішінге ие және әдетте Атлант мұхиты немесе Атлант мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхиты карталарында пайдаланылады.
Көп қырлы проекция – көп қырлы (3.12-сурет) шардың жанасатын немесе қима (эллипсод) беткейіне жобалау арқылы алынатын проекциялар. Көбінесе әрбір шекара тең қабырғалы трапецияны, дегенмен басқа түрлері де болуы мүмкін (мысалы, алтыбұрыштар, квадраттар, ромбтар). Көп қырлылардың түрлеріне көп сызықты проекциялар жатады. Сызықтар меридиндар бойынша және параллельдер бойынша «кесілуі» мүмкін. Мұндай проекциялардың тиімділігі әрбір шекаралар немесе сызықтар шектеріндегі бұрмаланулар өте аз болуында, сондықтан оларды көп парақты карталар үшін пайдаланады. Топографиялық және топографиялық-шолу карталарын тек қана көп қырлы проекцияда жасайды және әрбір парақтың рамкасы меридиандар мен параллельдер сызықтарымен құрастырылған трапеция тәрізді болады.
3.12-сурет. Көп қырлы проекциялардың схемасы мен карта (трапеция) парақтарын жайған кездегі жағдайы.
Негізінде шынайы картографиялық проекцияларды алу үшін қосалқы беттерді пайдаланбайды. Ешкім шарды цилиндрге орналастырмайды және ешкім оған конусты кигізбейді. Бұл бар болғаны проекцияның геометриялық мәнін түсінуге мүмкіндік беретін геометриялық аналогтар болып табылады. Компьютерлік модельдеу берілген өлшемдермен кез-келген проекцияны айтарлықтай жылдам есептеуге мүмкіндік береді, ал автоматты түрде графигін салғыштар меридиандар мен параллельдердің сәйкес торын оңай сызады, қажеттілік туындаса изокол картаны да сызады.
Кез-келген территория үшін қажетті проекцияны таңдауға мүмкіндік беретін арнайы атлас проекциялар бар. Көптеген бағдарламалық проекцияларда электронды атлас проекциялары болады. Бұлар қажетті торды оңай табуға және оның қасиеттеріне лезде баға беруге, қажеттілік туындаса осы немесе басқа түрлендірулер мен қайта жасауларды интерактивті режимде өткізуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |