III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма
1. Төменде берілген мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, Моңғол әскерінің жеңістке жетуінің себептерін анықтаныз.
Шыңғыс-хан мемлекетті әскери тұрғыдан ұйымдастырды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге бөлінді. Олардың әрқайсысы он мың адамнан тұрды, «мыңдықтар» – он «жүзден», ал «жүздіктер» «ондықтан» құралды. Мемлекеттің барлық аумағында 95 түмен болды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ»деп аталды.
2. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды сөздерімен сәйкестендіріңіз. Цитаталармен байланысты саяси оқиғаны толықтырыңыз.
Тарихи тұлғалар
жауабы
Тұлғалардың сөздерінен үзінділер
Цитаталармен байланысты саяси оқиғалар
1.Ұрыс хан
А. «Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді»
2. Өзбек хан
В. «Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!»
3.Тоқтамыс
С. «Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық»
4.Әмір Темір
D. «Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...»