Ііі тоқсан БӨлім бойынша №1 жиынтық бағалау тапсырмалар


Бағалау критерийі (8 балл)



бет4/11
Дата19.02.2022
өлшемі146,63 Kb.
#132509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
6.7.8 3токсан

Бағалау критерийі (8 балл)

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды

1

шығарманы құрылымына талдайды басталуы дамуы шиеленісі шарықтау шегі шешімі

1
1
1
1
1

Негізгі мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазады

2

өз пікірін білдіреді;

1

әңгімеден өзіндік ой түйеді;

1

сыни хабарлама жазады.

1

Барлығы





8

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
1.Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға Күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған Айдай балқып туған...- деген өлең жолдарында троптың қай түрлері кездеседі?
А) эпитет, теңеу В) теңеу, метафора
С) кейіптеу,теңеу Д) эпитет, метафора
2.Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды?
А)Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде В)Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кеткенде
С)Мұз айдынында сырғанақ теуіп жүргенде Д)Соқаға жегілген өгізден домалап түскенде
3. «Қаралы қағаз» Аянға қай кезде келді?
А)Жазда В)Қыста
С)Көктемде Д)Күзде
4.Тортайдың арманындағы «ақ боз ат» не еді?
А) ақын болу В) жазушы болу
С) Монғолияға бару Д) жетімдіктен құтылу
5.Қажымұқан бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?
А) ашушаңдық, беріктік, намысшылдық В) батылдық, еріншектік, намысшылдық
С) мықтылық, төзімділік, ақкөңілділік Д) намысшылдық, отансүйгіштік, сөзге беріктік
6.Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...» өлең жолдарындағы «қараңғы» деген сөзді қалай түсіндіңіз? Пікіріңізді жазыңыз. _________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7.Әңгімеші баланың Аянмен достығын сипаттап жазыңыз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8.Аянның ертегі айтудағы шеберлігіне қысқаша сипаттама беріңіз.
_________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9.Тортайдың «Мен міне алмаған ақ боз атты бәлкім сен мінерсің…» дегенін қалай түсінесіз? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
10.Қажымұқан палуаннан қандай үлгі-өнеге алар едіңіз? Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
_________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11.Аян мен Тортай – соғыс құрбандары. Шығармадан дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
_________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі (20 балл)


БЖБ №1 Білім алушы:.....................................................................


Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң. Синтаксис»

Оқу мақсаты

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің типтерін, тақырыбын, құрылымын салыстырады

  • Тақырып бойынша тезистік жоспар құрады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма
1. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз.


А мәтіні
Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай – 40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.
Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны «фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды қалыптастырады.
Ә мәтіні
Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады.
Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна (шартты оның түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн.т.) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2млрд. тонна.
Сарқылатын отын энергетикалық ресурстардың зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры төменгі кестеден келтіріген.
Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд. тонна: АҚШ- 430, Германияда-100, Австралияда-50, Англияда-29, Канада-50, ТМД елдері- 290, оның ішінде Қазақстанда- 51, (40% кокс алатын өте сапалы көмір). Орта есеппен жылына Қазақстанда 80 млн. Тоннаның үстінде көмір алынады, оның ішінде 40 % ашық әдіспен.

А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы







Қандай стильде жазылған?







Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?





Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?





2. Сізге «Қазақстанның қазба байлықтары» тақырыбында реферат жазуға тапсырылды. Рефератта қандай мәселелер қозғалуы қажеттігі туралы ойланып, кем дегенде төрт пункттен тұратын тезистік жоспар құрыңыз.




«Жарнама» тақырыбына арналған тезистік жоспар үлгісі

  1. Жарнаманың анықтамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері (клиенттерді тарту, сатылымды арттыру жолдары т.б.).

  2. Жарнама тиімділігінің көрсеткіштері: көрсетілім саны, ақысы, есептеу формуласы, бағасын анықтау.

  3. Жарнаманы тиімді етудің шарттары.

  4. Оқырмандар үшін жарнама қажет пе (10-15 сұрақ, тест алу т.б.).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет