Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан.
Ауданы=5-8см
Иіс беткей тіннің қалыңдығы=100-150мкм
Иіс қабылдағыштарының диаметрі=5-6мкм
Адамдарда иіс сезгіштердің саны=10-20млн
Әрбір қабылдағыш ұзындығы=10мкм
Иіс буылтығының жіңішке кірпікшелері=6-12
ЭЛЕКТРООЛЬФАКТОГРАММА
Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электр көрсеткішін электроольфактограмма деп атайды
Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда да пайда болып,бірнеше секундқа созылатын,шайқалу тербелісі 10 мв монофазалық (көбінесе) теріс толқыннан тұрады
Кейде баяу толқындардың үстіне көптеген талдағыштардан шығатын лайықты (синхронды)серпініс шоқтары қабаттасады
Жеке қабылдағыштардың серпініс жиілігі тітіркендіргіштің сапасына және қарқынына сәйкес өзгереді
Иіс кірпікшелері
Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады
Бұл кірпікшелер иіс сезім мүшесінің қабылдау ауданын 50-60 есе өсіреді
Олар аңқыған иісті заттардың ауаға таралған бөлшектерін сезгіш келеді
Иіс кірпікшелері үнемі қозғалыста болып, аңқыған иісті заттардың молекулаларымен белсенді түрде жанасады