Iкомпьютер көмегімен есептер шығарутехнологиясы


Көп айнымалының функциясының экстремумы



бет19/20
Дата20.12.2021
өлшемі1,43 Mb.
#104168
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Iкомпьютер к мегімен есептер шы арутехнологиясы

Көп айнымалының функциясының экстремумы. Көп айнымалының функциясының экстремумын есептеудің бір айнымалының функциясының экстремумын табудан онша көп айырмашылығы жоқ. Сондықтан үш өлшемді графигі мен деңгей сызықтары 8.9 суретте көрсетілген функцияның максимумы мен минимумын табу мысалын қарастырумен шектелеміз (8.14 листингі). Листингте логикалық операторлардың көмегі арқылы берілген теңсіздіктер көмегімен (х,y) жазықтығында обылыс қалай берілгеніне назар аударыңыз.

Қосымша шарттар теңдіктер арқылы да берілуі мүмкін. Мысалы Given кілттік сөзден кейін келтірілген х+у=10 теңдеуі шартты экстремумнің осы шешімін береді.

Соңғы қосылған шарттың f(x,y) функциясының минимумын 8.9 суретте көрсетілген кесіндінің бойында іздеуге әкелетінін аңғару қиын емес.

Минимум іздеу есебін Minerr функциясының да көмегімен шығаруға болады. Бұл үшін 8.14 листингте Minimize функциясының атын Minerr функциясының атына өзгерту керек, ал Given кілттік сөзінен кейін f(х,у) функциясын оның минимумынан (іздеп отырған минумынан) кіші болатын бір санға теңеген өрнек қосу керек (мысалы f(х,у) =0).


ҚОРЫТЫНДЫ

Мен жұмыста қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Басты мақсат-компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын меңгеру негізінде классикалық математиканы қолданбалы математикамен байланыстыру идеяларын, жаңа есептер қою мәселелерін меңгердім деп есептеймін.



Мен ұсынып отырған жұмысымда көптеген әртүрлі есептерді компьютер көмегімен шешуге дайындау технологияларының үлгілері келтірілген. Осы технологияны толық менгерген оқушы міндетті түрде кез келген есепті шешудің программасын компьютерге арнап жаза алатын болады. Оқушылар берілген есепті тез әрі оңай меңгеру үшін өмірмен байланысты нақты мысалдар келтірілді. Мұнда басты мақсат-оқушылардың бойындағы ойлану,іздену.талдаулар жүргізе білу қасиеттерін қалыптастыру және өзбеттерінше шығармашылық тұғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жоғарыда атап өткндей,мұндағы басты кеңесмыналар болады

  • бастапқы кезде 2-3 әртүрлі есептерді компьютер көмегімен шешугедайындау технологиясын толығынан аяғына дейін талдап шығу

  • әр кезеңнің мақсатын және міндетін жете түсіну қажет болады.

Жұмысты осылайша ұйымдастыру оқушылардың математика пәніне ден қойып, оған ерекше ықылас қоюына жол ашады.

Жоғарыда баяндалған жайлардан сыныптан тыс жұмыстар, оның мазмұны мен құрылымының байлығы, әрқилылығы оқушылардың математика  пәніне қызығушылығын күшейтуге үлкен мүмкіндік жасайды деп қорытындылауға болады.

Жұмысымды қорытындылай келе, әрбір мұғалім қандай да бір жетістікке жету үшін табанды түрде еңбектенуі керек. Сонымен қатар заман ағымына лесе отырып, сабағында жаңа технологияларды пайдалана алулары қажет. Осы тұрғыдан алғанда, білімді оқушы тәрбиелеу үшін біз болашақ математика пәнінің мұғалім ретінде сандық әдістер жайлы біліуіміз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет