Диссертацияның құрылымы мен мазмұны
: диссертациялық жұмыс
кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшадан тұрады.
Кіріспе бӛлімінде зерттеу жұмысының ӛзектілігі негізделіп, мақсаты,
міндеті, болжамы, әдіснамалық және теориялық негізі, зерттеудің теориялық
және практикалық маңыздылығы анықталып, жетекші ой ұсынылып, зерттеудің
негізгі кезеңдері сипатталады.
«Оқулықтар
мен оқу құралдарын құрастырудың ғылыми-
педагогикалық негіздері»
деп аталатын бірінші тарауда оқулықтар мен оқу
құралдарын құрастырудың психологиялық - педагогикалық негіздері
сараланды. Оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырудың теориялық
негіздерін аша отырып, орта мектептің химия пәнінен оқулықтар мен оқу
құралдарын даярлаудың мазмұндық, құрылымдық мәселелері қамтылды.
Оқулық пен оқу құралдарының дидактикалық функциялары және оларға
қойылатын талаптардың қазіргі таңда орындалуы мен мүмкіндіктеріне
тоқталады. Сонымен қатар оқулықтар мен оқу құралдары теориясының
дамуының негізгі бағыттары қарастырылады. Химия бойынша оқулықтар мен
оқу құралдарының құрылымы және білім берудегі орны анықталынады.
Достарыңызбен бөлісу: |