«Оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды химиядан білім беруде
байланыстыра қолдану әдістемесі және оны тәжірибелік-экспериментке
қоюдың нәтижесі»
атты екіншітарауда: химияны орта мектептегі химия пәнін
оқытуда пайдаланылатын оқулықтар мен оқу құралдарын байланыстыра
қолдануәдістемесі қарастырылады және педагогикалық эксперименттің
қортындысы берілді.
Қорытындыда
теориялық
және
эксперименттік
жұмыстардың
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
14
1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ХИМИЯ ОҚУЛЫҚТАРЫ МЕН ОҚУ
ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Орта мектептің химия оқулықтары мен оқу құралдарын
құрастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
Елбасы Н. Ә.Назарбаев ӛзінің 2014 жылғы «Қазақстан-2030» жолдауында
«Ел ертеңі-білімді жастар» деп жастарға тиянақты білім беру мәселесіне
айырықша тоқталды.
«
Ықылым заманнан бері қазақ атамыз „Білекті бірді,
білімді мыңды жығады― деген сӛз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың
ӛзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге
сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда
болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата
білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан
қажыр қайрат пен ерік жігерді талап ететін білімсіз ӛмір тұл», — деп, атап ӛтті
Елбасы.
Жасӛспірімге білім мен тәрбие беру отбасынан басталып, мектепке дейінгі
мекемелерде, бастауыш мектеп, орта мектеп кезеңдерімен байланысты дами
түседі. Мұнан әрі жоғарғы оқу орынын тамамадағаннан кейін де, адам
баласының білім алуы тоқталмақ емес яғни, адам ӛмір бойы оқуда, үйренуде
бола отырып дамиды. Соның ішінде мектеп қабырғасында меңгерген білімдері
онан кейінгі ӛміріндегі алатын білімдері мен ғылыми ізденістерінің негізін
құрайтыны белгілі.
Білімді меңгеру тек кітапты оқумен жүзеге аспайды. Ол күнделікті
ӛмірден, ӛзін қоршаған ортадан, маңайындағылармен қарым-қатынастан білім
шеңберін кеңейте түсетіні белгілі. Бірақ, ғылыми білім мен ұғым адамзат
тарихында арнаулы сыннан ӛткен, ғылыми ізденістердің нәтижесінде қол
жеткізген материалдардың негізінде меңгерілетінін білеміз.
Әр ғылым саласы бойынша мұндай материалдар оқушылардың жас
ерекше- ліктерін ескере отырып, оқулықтарда жазылған ғылыми деректер
арқылы беріледі. Олай болса, мектеп жағдайында білім мен ғылымды
меңгерудің кӛзі –оқулық болып саналады.
Эциклопедияда оқулыққа мынандай
анықтама беріледі:
Оқулық
– оқу
бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу
пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап [55].
Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-мектеп,
жоғары оқу орындары) жасалады. Д.Д.
Зуeв оқулық құру талаптарына
мыналарды
жатқызады:
идeологиялық,
психологиялық,
логикалық,
лингвистикалық, әдістeмeлік, дидактикалық, эстeтикалық, полиграфиялық,
гигиeналық, экономикалық [56]. Алайда заман ӛзгeрістeрінe қарай оқулық
құруға қойылған кeйбір талаптар күшейіп, кeйбірeулeрі бәсeңдeй түсуі
мүмкін.
Қазіргі таңда оқулықтарға қойылатын талаптар оқушылардың жан-жақты
дамуына және дүниені біртұтастықта түсінуіне ықпал ететіндей болу жағынан
15
қарастырылуда. Сол жалпы қойылып отырған талаптардың ішінен біз химия
пәні оқулықтарына тән мәселелерді нақты атап кӛрсетпекпіз. Ол
педагогикалық, дидактикалық талаптар мына тӛмендегідей мазмұнда болмақ:
- пәннің базалық ғылыми мазмұнының сақталуы, теориялардың, заңдардың
ережелердің дұрыс берілуі, ғылыми жаңалықтар мен инновациялардың
қамтылуы;
- құндылық бағдарлылығы оқушыларды жалпы рухани адамгершілік,
ұлттық - мәдени және жалпы адами құндылықтар негізінде тәрбиелеуге
бағытталған материалдардың болуы;
- мазмұнының
бағдарлама ұсынылған талаптарға сәйкестігі, әрі
түсініктілігі;
- материалдарының
оқушылардың
жас және танымдық ерекшеліктеріне
сәйкестігі;
- Қазақстандық компоненттердің берілуі, мәтін мазмұнының дәл және
анық, нақты деректер негізінде берілуі;
- тәжірибе
жасауға,
сыни
тұрғыдан
ойлануға
бағыттайтын
тапсырмалардың берілуі;
- зерттеу дағдыларын, ӛзіндік және шығармашылық жұмыстармен
айналысуға бағыттайтын тапсырмалар мен жаттығулардың болуы;
- тілдің жатық, ғылыми, әдеби және ықшам болып, оқушылардың
ұғымына сәйкес келуімен қатар олардың коммуникативтік дағдыларын
дамытуға бағытталуы;
- оқу
материалын меңгеруді жеңілдететіндей және кӛрнекілікті
күшейтетіндей,
иллюстрация
, сурет,
кесте,
диаграмма,
сызба
т.б.
кӛрнекіліктермен безендіріліуі;
- сыртқы пішінінің тартымдылығы.
Жалпы к
ітап атаулының бәрі адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы,
рухани байлықтың ӛлшемі, адам интеллектісінің кӛрінісі. Ол – адамзат үшін
ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен ӛнердің
жемісі. Бірақ, жалпы неше түрлі тақырыптарға арналған кітаппен оқулықтың
үлкен айырмашылығы бар.
Кітап– адамға дайын ақпараттарды ұсынып қана қоймай, олардың
бойындағы сезімін оятып, ӛзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді.
Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-ӛрісін ұштайды, рухани тұрғыдан
байытады. Дегенмен, оны арнаулы салада арнаулы пән бойынша дайындалған
оқулықпен салыстыруға болмайды.
Оқулықта оқу пәндерінің мазмұны бойынша жүйеленген материалдар
беріледі. Оқулық – білім беру мазмұнын, меңгеруге жататын оқу ақпаратын
толық кӛрсететін құрал. Оқулық - белгілі бір ақпарат тасымалдаушы ғана емес,
ол ғылыми білімнің кӛзі. Оқулықтың құрылымы ақпараттық құрамы бойынша,
оқу және тәрбиелеу функциялары бойынша маңызы әртүрлі компоненттерден
тұрады [57].
Оқулықта ғылым негіздерін, оның заңдары мен әдістерін жай ғана баяндап
қоймайды. Ол ең алдымен сол пән бойынша теориялық материалды меңгерту
16
мақсатына арналынып жазылады. Ол материалдар сол сыныптағы
оқушылардың жас ерекшелігіне негізделеді. Оған енетін материалдардың
берілуі ӛзінің бірізділігімен, жүйелілігімен, тұжырымдылығымен ерекшеленеді
[58]. Біз оқулық пен оқу құралдарын құрудың дидактикалық негізіне сүйенетін
болғандықтан, дидактиканың білім мазмұнын анықтаудағы орынына тоқталмай
ӛте алмаймыз.
Дидактика -
білім беру, оқыту, тәрбиелеу
теориясы.
Яғни, білімді,
дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын, білім мазмұнының, оның
кӛлемі мен құрылымын, білім берудің әдістері мен
формаларын
зерттейді.
Дидактика ежелгі
Грекияда
жас ұрпақты «
оқыту-үйрету
» тәжірибесінің
негізінде пайда болды. «
Дидактика
» терминін XVII ғасыр да
чех
ғалымы
Я.А.Коменский
ӛзінің «
Ұлы дидактика
» (
1657
) деген зерттеуінде алғаш
рет қолданды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптерді ғылыми
тұрғыдан тұжырымдады. Бұл идея
XVIII–XIX ғасырлардағы
швейцариялық
педагогИ.Г.Песталоции, неміс
ғалымы
Ф.А.Дистервег, Ресейде К.Д. Ушинский
ӛз еңбектерінде одан әрі дамытты [59-61].Дидактикалық ойлар
Әбу Насыр әл-
Фарабидің
,
Қожа Ахмет Иасауидің, Махмұд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұн
ның
және т.б. алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерінде де кӛрініс тапты. Олар
дидактикалық талаптарды кӛбіне жастарды тәрбиелеу мәселесіне байланысты
қолданды.
Ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының философиялық ойларында да
дидактикалық тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында
ағартушыпедагог – Ы.Алтынсарин ӛз еңбектерінде дидактика мәселелерін әр
қырынан сӛз етті [62].
XX ғасырдың
басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша
А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
т.б. еңбектерінде
дидактика мәселелері жан-жақты талқыланды[63-66].А.Байтұрсынұлының
оқыту әдістерін талдаған мақалалары мен әдістемелік «
Баяншы
» кітабы
отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Қазақстанда
оқыту
теориясымен
айналысқан
педагог
-ғалымдар:Қ.Жұбанов,
Т.Тәжібаев
Р.Г.Лемберг,
Н.Кӛшекбаев, т.б. әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен
принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап,тәжірибеге
енгізді. Қазіргі заманғы дидактика оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары
мен принциптерін анықтайтын ғылыми білім беру
теориясы.
Ол ӛзінің алдына
қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге
негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды
жүйесін кӛрсетеді.
Дидактикалық принцип (латын сӛзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі
талап, қағида екені белгілі. Егер, дидактикалық принциптер –оқытудың
мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен
заңдылықтарын анықтайтын қағидалар жүйесі десек, оқулықтар мен оқу
құралдарын құруда негізгі басшылыққа алатын қағидаларымыз да осы болмақ.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты ӛзгеріске ұшырап отырады. Егер, Я.А.Коменскийдің заманынан
17
бастап, дидактикалық принциптің негізі - білімнің ғылымилығы, кӛрнекілігі,
теория мен тәжірибенің байланыстылығы бірізділігі, жүйелілігі, жергілікті
материалдармен байланыстылығы сияқты принциптер орныққан болса, қазіргі
таңда бұған қоса, білімді ізгілендіру, кіріктіру, тұлғаға бағдарлау,
шығармашылықты дамыту т.б.принциптер қосылғаны белгілі.
Жалпы алғанда дидактикалық принциптердің қызметі, оқушылардың
берілетін білім мазмұнын саналылықпен белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз
ету. Міне, осы қағидаға К.Д.Ушинскийдің пікірі де қабысып жатады
[67]
. Ол
«парасаттылық нағыз білімнің арқасында ғана дамиды» мектеп адамды
біліммен қаруландырып, оны ӛмірде қалай қолдануды үйретеді- дейді. Бұл
қағидалар жалпы білім берудің мақсатын, оның мазмұнының қандай болуын
кӛрсетсе, қазіргі таңда тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру
мазмұны мен оның алға қойған мақсаты екенін кӛрсете отырып, білім тұлға
бойына қажетті қасиеттерді дамытуға бағытталуды кӛздеп отыр. Сондықтан
да, адамныңқоршаған ортамен бірлікте тұлға болып қалыптасатын
динамикалық жүйе екенін ескере отырып, оқулық пен оқу құралдарында
беріліетін материалдар мазмұнының жан-жақты жетілген, ақыл ойы дамыған,
білімді ӛздігінен ізденіс арқылы меңгеретін тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз
етуге бағытталуы керектігі белгілі. Мұндай материалдар білім алушының оқу
іс-әрекетін түрлендіруге, олардың ізденуіне, қоршаған ортадан, жалпы ӛмір
тәжірибесінен меңгерген білімдерімен байланыстыруға мүмкіндік туғызуға
тиісті. Психологиялық тұрғыдан алғанда білім алушының іс-әрекеті: ойын,
еңбек, оқу екені белгілі. Бірақ, мектепке келісімен осы әрекеттердің ішінде оқу
іс-әрекеті басым орын алады. Сонымен қатар, жоғары сыныптарда оқу іс-
әрекетінің мазмұны да тереңдей түспек. Мұнда оқушылардың ӛзіндік іс-
әрекеттері:ізденуі, зерттеуі, тәжірибе жасауы, эксперименттеуі, талдауы,
салыстыруы, қортынды шығаруы басым болмақ. Сондықтан.да, оқулық пен оқу
құралындағы материалдардың мазмұндық байланысы және құрылымының
сәйкестігі оқушының жеке бас мүмкіндігін ашуға негіз салады.
Пән бойынша білім мазмұнын іріктегенде сол пәннің пәндік ғылыми
негізі беріле отырып, оқушының іс-әрекеттін ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызатын материалды ендіру қарастырылады.
В.С.Ледневтың пікірі бойынша оқулық мазмұнын оқушылардың іс-
әрекетіне қарап анықтауға болады дейді [68]. Ал, В.В.Краевскийдің -
педагогикалық теориясында білім беру мазмұны қоғамның, ғылымымның,
мәдениеттің дамуымен сәйкес келуі керек деп кӛрсетеді
[69]
. Сонымен қатар,
ол оқулықты тек білім мазмұнын беруші құралы ғана емес, сонымен бірге ол
оқытушының әдістемелік кітабы деп кӛрсетеді. Бұл екі пікірмен де келісуге
болады. Себебі, оқушылардың ізденісі, ӛзіндік іс-әрекеті негізінен оқулықтағы
берілген материал мазмұнынан туындайтыны белгілі.В.В.Краевскийдің
пікіріндегі әр заманның, қоғамның даму деңгейімен оқулық мазмұнының
сәйкес келуі қазіргі талаптармен қабысып жатқан пікір десек артық емес.
Пән бойынша білім мазмұнын іріктегенде сол пәннің пәндік ғылыми
негізі беріле отырып, оқушының іс-әрекеттін ұйымдастыруға мүмкіндік
18
туғызатын және оның жан-жақты дамуына жағдай жасай отырып, тұлғаның
дамуын қамтамасыз ету жағы бірлікте қарастырылады. Сондықтан да, қазіргі
дамыған қоғамда берілетін білім мазмұнында , тұлғаның ӛзін-ӛзі анықтауы,
еңбек және экономикалық мәдениеті, интеллектуалдық, адамгершілік,
экологиялық, отбасымен қарым-қатынасы сияқты кӛптеген жағдайлар
ескеріледі. Бұған қоса, пәнаралық сабақтастық, жаратылыстану білімдерін
кіріктіру тұстары да назарда болуға тиіс. Сол арқылы ғана білім
алушылардың, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оларды жаңа біліммен
қаруландыру, ӛздігінен жұмыс атқару дағдыларын меңгерту мақсаттары
жүзеге асады.
Педагогика ғылымында маңызды дидактикалық теориялар мен
тұжырымдамалар баршылық. Әрбір дидактикалық теорияны зерттеп, оны
негіздеуші ғалымдар бар. Мәселен, танымдық әрекетті дамыту тұжырымдамасы
(Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), оқулық
түзудің
дидактикалық
негіздерін
И.Я.Лернер,
проблемалық
оқыту
тұжырымдамасы(М.И.Махмутов, А.М. Матюшкин т.б.), ақыл-ой әрекетін
кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны
теориясы (В.В.Краевский,Л.Я. Лернер, В.С.Леднев, т.б.), мазмұнды жинақтау
теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін оңтайландыру теориясы
(Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы
(Т.И.Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И.Махмутов, В.А.Онищук,
т.б.), ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (Л.Я.Зорина, Н.К.Журавлев,
т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель, т.б. ұжымдық
оқыту теориясы (В.Дьяченко, т.б.)
[70-77]
. Ал, осы теорияларды жүзеге
асырудың негізінде оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны жатыр.
Қазақстанда білім берудің дидактикалық негізіне кӛп кӛңіл бӛлген ғалым-
профессор Т.Сабыров болды. Ол негізінен бастауыш сыныптарда берілетін
білім мазмұнына кӛп кӛңіл бӛлді. Бірақ, ғалымның «Оқушылардың бойында
нақты ғылым қоры болмаса, оның ӛздігінен жұмыс атқаруы мүмкін емес»-деген
пікірі білім берудің қай саласына болса да негіз болатын қағида. Шын мәнінде
оқушыға білім беру құралы оқулық болатын болса, оның мазмұны мен
құрылымы оқушыға қойылатын талаптарды орындатудың негізі болып
табылады.
Кейінгі кездерде оқулық жазудың теориялық және практикалық
мәселелерін сӛз етіп жүрген авторлар баршылық. Соның бірі А.М. Таганова ӛз
пікірінде жалпы оқулықтың мына тӛмендегідей
қызметін атап ӛтеді:
- білімді хабарлау, баяндау;
- оқушыларды әртүрлі дағдыларға жаттықтыру;
- алған білімді ӛмір кәдесіне жарата білуге үйрету;
- белгілі пәнді білмекке ынталандыру, қызықтыру;
- білімді оқушылардың ӛздігінен пайдалануына жағдай жасау.
Әрине, бұл жалпы оқулықтың маңызын ашуға тырысқан пікір деп
қараймыз. Бірақ, оқулықтың атқаратын қызметі бұдан да күрделі. Әсіресе,
химия оқулығынан берілетін білімнің ғылыми теориялық негізін оқушыға
19
баяндап қана қоймайды, оны проблемалық жағдаяттар тұрғысынан
оқушылардың ӛздігінен шешуіне бағыттайды. Қазіргі таңда оқулық білімді тек
хабарлаушы емес, оны оқушылардың ӛздігінен ізденуіне бағыттаушы құрал
десек те болады. Оқулық жазу мәселесінің теориялық тұстарымен кӛп
айналысып жүрген ғалым А.Қ.Құсайынов ӛзінің бір сұқбатында «қазіргі оқулық
жазушылар оқулықта берілетін білімді
кӛбіне, ӛмірдегі нақты жағдаяттармен,
адамның тұрмыс-тіршілігімен ұштастырыла бермейді»- дей келіп, нақты мысал
келтіреді. Ол мысалы химияны орта мектепте толық оқыған мұғалімдерден
қазіргі ыдыс-аяқ жууға арналған сұйықтардың сыртындағы жазылған химиялық
қосындыларын ажыратып беруді сұрағанда олардың бірде-бірінің жауап бере
алмағандығын айтады.Бұл оқулық мазмұнына тек ғылыми негіз енгенмен, оның
күнделікті ӛмірге керекті материалдармен байланысының жоқтығын кӛрсетеді.
Дамыған елдер оқушыларды тек білім алушы ғана емес, оқу үдерісіне белсене
араласушы деңгейіне кӛтеру үшін,олардың ӛздігінен білім алу, оны ӛмірдегі
жағдаяттарда пайдалана білу, ізденушілік құзыреттіліктерін қалыптастырып,
дамытуды кӛздейді[40, б. 85 ].
«
Білім
» – кӛпмағыналы және күрделі ұғым. Ол білімалушының жүйелі
білім, білік, дағдыларының және орындайтын іс-әрекетінің негізінде меңгеру
үрдісінің нәтижесі. Білім мазмұнын меңгеруде әрбір материалдың мазмұнына
байланысты іс- әрекет атқара отырып, оған сыни кӛзқараспен қарап, жүйелі ой
елегінен ӛткізу, шығармашылықпен жұмыс істеу нәтижесіде оқушының
білімдік дағдылары қалыптасады. Бүгінгі таңдағы білім беру талабына сәйкес,
сындарлы оқыту нәтижесінде білім ала отырып ӛз әрекетіне ӛзі есеп бере
алатын, меңгерген білімін болашақта қажетіне қолданатын, ӛзіндік «мені»
қалыптасқан тұлға даярлау осы ӛзіндік ізденудің негізінде орындалатыны
белгілі. Бүгінгі қарқынды дамып жатқан елдер арасынан орын алу үшін білім
сапасын дамытудың қажеттігі білім беру жүйесі мен білім беру қызметтеріне
жоғары талап қоюда. Ал білім беру үдерісіндегі негізгі құрал – оқулық.
Оқулықтың атқаратын үш міндетін ( білім беру, дамытушылық, тәрбиелеу)
ескерсек, орта мектепке арналған бейорганикалық химия оқулықтарының
мазмұны осы сыныптардың жас ерекшелігіне қарай құрыла отырып,
бағдарламада кӛрсетілген талаптарға сай ғылыми материалды ғана емес,
сонымен бірге оқушының оқулықпен жұмыс жасата отырып, оқушылардың ӛз
білімдерін ӛзіндік бағалауына, бақылауына, оны ӛмірмен байланыстыруына
негіз
болатындай
және
алған
білімін
жергілікті
материалдармен
байланыстыруға мүмкіндік туғыза алатындай дәрежеде болуға тиісті.
Химия оқулықтары елімізде жүріп жатқан білім беру реформаларының
іске асыруын кӛздейтін маңызды құралдардың бірі. Оқушыларды білім беру
мен тәрбиелеуде және дамытуда оқулықтың орнын және маңызын кӛптеген
ғалымдар мен әдіскер зерттеушілеріміз айтып кеткен. И.Я.Лернердің айтуынша,
оқулық оқыту үдерісін жан-жақты ұйымдастырушы ретінде қызмет атқарады.
Осыған байланысты ол жаңа оқыту жүйесін сипаттайтын әрбір оқулықтың тӛрт
негізгі элементін атап кӛрсетеді:
20
- бірінші, ақпараттық, яғни вербальды немесе материалдың мазмұны
кӛрнекі құралдар арқылы түсіндіру үшін ұсынылған болуы;
- екінші, репродуктивті, мұнда берілетін білім оқушылардың іс- әрекетін
ұйымдастыруға бағытталуы;
- үшінші, теориялық материалдың мазмұны шығармашылық іс-әрекетке
жұмылдыратындай, ынталандырушы бағытта болуы;
- тӛртінші, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған эмоционалдық қарым-
қатынасты игеруге ықпал етуші ретінде қызмет кӛрсетуі қажет[78].
Оқулыққа қойылатын талаптың күрделілігіне байланысты оны құрастыру
мәселесі теориялық тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да кӛп ізденуді талап
етеді. Белгілі педагог-ғалым Д.Д. Зуев оқулықтың пәндік мазмұнның
оқушылардың
танымдық
шығармашылық
жұмыстарының
түрлерін
ұйымдастырушылық мүмкіндігін жоғары бағалайды [6, б. 50].
И.Зверев «Жоғары білікті оқулық-ойлылық пен эмоционалдықты, ғылым
мен кӛркемдікті, бейнелі баяндаумен ұштастыру үлгісі»- деп атап кӛрсетті[79].
Оқулық–Білім және ғылым министрлігімен бекітілген оқу бағдарламасына
сәйкес оқу пәні мазмұнының жүйелі баяндалуын қамтитын оқутеориялық
басылым және бұл мемлекеттік құжат болып есептеледі. Егер оқу
бағдарламасы пән бойынша берілетін білімнің тақырыптарын анықтап және
оған қанша сағат бӛлінетінін кӛрсетсе,оқулық сол тақырыптардың
әрқайсысының мазмұнын ашып кӛрсетеді.
Химия пәні әлем туралы жан-жақты мазмұнмен дамытылған кӛптеген
биологиялық білімнің жетістіктерімен толықтырылып, кіріктірілген пән.
Мәселен, кез келген заттың күрделі құрылымы мен қасиеті арасындағы
байланыс, зат массасының сақталу заңы энергия формалары т.б.химиялық
заңдылықтар ӛздерін қоршаған ортаның негізгі қасиеттерімен таныстырып қана
қоймай оқушылардың жүйелі ойын дамытып, олардың ойлануына, қорытынды
жасауына негіз болады [80]. Қазіргі кезде заттар мен химиялық үрдістер
туралы материалдардың жеткіліктілігі және олардың толық зерттелгендігі,
химияның ғылым ретінде қарқынды дамуы бұл пәннен берілетін білімнің тек
ғылыми шындықты беруінің кепілі.
Оқулықтың кӛлемі мен құрылымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты мен пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес болуы
қажет және онда кӛрсетілген білім мазмұны толықтай қамтылуы тиіс. Оқулық
басқа басылымдардан атқаратын ӛзіндік қызметтері, мазмұны мен мәтініне
қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.
Химия пәнінің оқулықтарының мазмұндық құрылымдық сипаты қазіргі
қалыпқа бірден келе қалған жоқ. Оқулықтар мазмұнының ӛзгеру даму қалпы
негізінен үш кезеңді бастан кешірді. Оның алғашқы кезеңі –Д.И.Менделеев
ашқан периодтық заңның негізінде жазылып, бейорганикалық химияны
оқытуға негіз салды.Сол кездің ӛзінде ол химияны догмалықжолмен оқытудың
зияндылығын атап кӛрсетіп, оқушыларды ғылыми ізденіске жетелеу керектігін
айтып, кӛбіне практикада қолданатын заттарды зерттеу, олар туралы ғылыми
21
мағлұмат беру жағын қарастырды. Міне, бұл қазіргі таңдағы білімді
практикамен байланыстыру талабының бастамасы еді.
Химия пәнінің бағдарламалық мазмұнының ӛзгерген екінші кезеңі-
революциядан кейінгі кезең. Бұл кезеңде химияны оқыту психологиялық,
педагогикалық ғылымдармен байланысын күшейтіп, білім беруді әдістемелік
тұрғыдан қарастыруда кӛптеген жетістіктерге қол жеткізді. Әрине, мұндай
ізденістер ол кезеңде орыс авторларының ғана еңбектері арқылы жүзеге асты.
Қазақ мектептерінде химиядан білім беруде 1936-50жылдар аралығында
орыс авторларының оқулықтарын аударып пайдаланудың маңызы зор болды.
Олардың
қатарында
П.П.Лебедевтің
«Химия
жұмыс
кітабы»,В.Н.Верховскийдің «Анорганикалық және органикалық химия»
оқулықтарын атауға болады[81,82]. Сондықтан да, ол оқулықтар мен оқу
құралдары қазақшаға аударылып басылды.Орта мектептің оқу жоспарына
химиядан берілген сағаттың кӛбеюіне байланысты Қазақстанда ӛз ана тіліндегі
химия оқулықтары мен оқу құралдарын шығару қолға алынды. Әсіресе, жан-
жақты ӛркендеген химиялық жетістіктерді оқушыларға нақты жеткізу үшін
қазақ тіліндегі химиялық атауларды (терминалогия) қолдануға оның ата
тіліндегі нұсқалары керек болды. Бұл мәселемен республикамыздың белгілі
ғалымдары: Б.Бірімжанов, Х.Молдағалиев, С.Омаров айналысты
[33,83,84]
.
Осыдан кейін-ақ, химияны оқытудың оқу құралдары, лабораториялық
жұмыстарды жүргізудің әдістемелік нұсқаулары, жарық кӛре бастады. Ал, қазақ
тілінде химиялық терминологияның жасалуы Б.Бірімжанов, Х.Молдағалиев,
С.Омаров сияқты белгілі ғалымдардың атымен байланысты екенін естен
шығармауға тиіспіз.
Осымен қатар, алғаш рет мектеп оқушыларына арналған оқу құралы 1939
жылы жарық кӛрген Ғ.Қазбековтің «Химияның лабораториялық жұмыстары»
атты кітабы болды.
Химияны оқыту мен оның пәндік мазмұнының әр кезеңде ӛзгеру сипаты
К.Ш.Арынованың «Орта мектепте химиядан оқу-әдістемелік кешенді
пайдаланудың әдістемелік негіздері» және Ж.Р. Нұрмұхамбетқызының «
Химия пәні сабағында оқушыларды жаңа буын оқу-әдістемелік кешенмен
оқыту әдістемесі»атты еңбектерінде толық кӛрсетілген
[85,86]
. Қай кезеңде
болса да, оқулық мазмұнының ғылыми тілінің түсінікті, деректерінің нақты
болуы және оқушылардың күнделікті қоршаған ортадан кездестіретін
заттармен байланыстылығы білімалушының сол пәнге деген қызығушылығын
оятуына түрткі болады. Оқулықтың сапалылығы оқушылардың білімділігінің
кепілі екендігі туралы оның аса күрделі мәселелер қатарына жататындығын
ғалымдар мойындайды. Бұл туралы В.П. Беспалько «Оқулық жазу оңай шаруа
емес, нағыз оқулықтар жасайтындай болып кемелдену үшін, педагогика
жӛніндегі қазіргі ғылыми монографияларды байыбына жете зерттеп оқыған
жӛн» деп сипаттаған[87]. Жоғары мектепке арналған оқулықтарды зерттеумен
айналысқан ғалым П.Г.Буга ЖОО арналған оқулықтарды дайындауда
жіберілетін кемшіліктерді кӛрсетеді:
- оқу материалын бергенде пәнаралық байланыстың ескерілмеуі;
22
- әртүрлі пәндер бойынша берілген материалдың әлсіз сабақтастығы;
- оқу кітабындағы анықтамалық аппаратының әлсіз берілуі;
- жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының талаптарының
жеткілікті ескерілмеуі;
- бағдарламалық материалды мазмұндауда болашақ маман иесінің
жеткілікті ескерілмеуі;
- кітап
мазмұнында
дүниетанымдық,
әдіснамалық
сипаттағы
материалдардың жеткіліксіз болуы;
- оқу материалының қайталануы;
- оқу кітаптары құрылымының және оның авторлық-ілеспе аппаратының
әртүрлі берілуі;
- ұғым, түсінік категорияларының әртүрлі түсіндірілуі[88].
Осы кӛрсетіліп отырған кемшіліктердің кӛпшілігі орта мектепке арналған
оқулықтарда да орын алатындығы белгілі.
Оқулықтың маңыздылығын сипаттай келе, оның білім саласында
жетістікке жетудегі кӛмекші құрал ғана емес, ел болашағы үшін жауапты
қызмет атқаратынына кӛз жеткіземіз. Себебі, оқулық болашақтың иесі
жастардың ғылыми ұғымының негізін қалайтын, олардың іскерлігі мен
ізденушілігінің кӛзін ашатын, білімге құштарлығын дамытатын ақпарат кӛзі,
және осы айтылғандардың бәріне бағыттаушы құралы.
Оқулықтар мен оқу құралдары орта мектептегі оқу үдерісінің оқу
ақпаратының негізгі құрамдас бӛлігі болып табылады. Заманауи оқулықтар мен
оқу құралдарынсыз жаңа білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және
нәтижеге жету мүмкін еместігі белгілі. Жаңа түрдегі заманауи оқулықтарды
дайындап, шығару авторлардың психологиялық-педагогикалық, арнайы
дайындығы мен ауқымды күш және құралдарды қажет етеді[89]. Оқулықтың
қазіргі таңда бірнеше түрі бар. Олар қағазға басылған түрімен қатар,
электронды тасмылдағыш түрі де болуы мүмкін. Бірақ, бұл оқулықтың мәнін,
білімдік, дамытушылық, тәрбиелік яғни, педагогикалық бағыттылығын
ӛзгерпейді. Оқулықтар мен оқу құралдары білім трансферінің, стереотиптік
қабілеттің, мәдени және эмоционалды-бағалы қызметтің негізгі құралы болған
және солай болып қала береді. Оқулықтың сапасы білім беру ортасының
құрамдас бӛлігіретінде оқушылардың интетеллектуалды-танымдық даму
қажеттіліктеріне сәйкес сезімдік құндылықты, әлеуметтік жеке және
эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Химия оқулығының ақпараттық қызметі
мен меңгеруді ұйымдастыру аппаратының үйлесімділігі оқушыға танымдық
және ӛз бетінше білім алу әрекеттерін құруға мүмкіндік береді.Оқулық арқылы
білім беріп қана қоймай, сонымен бірге меңгерген білімдерінің деңгейін
тексеруге, оқу үдерісін жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы
құруға кӛмектеседі.
Қазіргі таңда академиялық ортада оқу-әдістемелік әдебиеттің сапасына
байланысты мәселелер белсенді түрде талқылануда. Оқу үрдісінің маңызды
бӛлігі оқулықтар болып табылатындықтан оның ақпараттық-әдістемелік
қамсыздануын жаңарту қажеттілігі айқындала түседі [90,91].
23
Бұл
саладағы
теориялық
зерттеулер
педагогикалық
мерзімдік
баспалардағы кӛптеген басылымдар да кӛрсетілген.
Қазіргі таңда педагогиканың ерекше саласы – оқулықтану ғылымы
қалыптасты. Ол педагогиканың, психология, дидактиканың жетістіктеріне
негіздей отырып, оқулықтарға қойылатын талаптарды жетілдіре түсу жайлы
ғылым. Олардың осы таңдағы кӛрсеткен бағасы бойынша оқулықтардың
сапасын әлі де жоғары деп санауға келмейтіндігі
[92-95]
.
В.П.Беспальконың ойынша оқулықтар кӛп мӛлшерде басылуда болса да,
олардың кӛпшілігі монографиялық типтегі оқулықтар [5]. Мұндай
оқулықтардың авторлары білімнің пәндік-білімдік парадигма заңдылығымен
жүрді, қазіргі таңда бұның орнын білімнің тәжірбиелікбағдарланған үлгісі
басуда, ол біліктілікке және интерактивтілік принципке негізделеді.
Білімнің пәндік білімдік парадигмасы дайын білімді ретрансляциялауды,
оқу материалын репродуктивті меңгеруді, пәндік білімнің басымдылық ету
рӛлін қолдайды. Осы парадигманың аясындағы білім беру үрдісінің нәтижесі
ретінде білім алушыға кӛп ақпарат берумен кӛп жүктеме тапсыру мақсаты
қарастырылады.
Бұл принциптердің оқу үрдісінде дайын білім мен ақпараттық
қамтамасыздандыруға баса кӛңіл бӛлетіндігі түсінікті. Бұдан оқулық оқу пәні
бойынша оқу ақпаратының кӛзі болумен шектелетіндігі кӛрінеді. Оқушыға
білімдік ақпаратты механикалық түрде жаттау арқылы меңгеру ұсынылып,
пәнді меңгеру үрдісінің дербестілігі мен белсенділігі оқу-әдістемелік
әдебиеттің басқа түрлерін қолданудың қамтамасыз етілмей қалуына әкеледі.
Білім беру үдерісінің тәжірибелік бағдарлы (біліктілікті) үлгісі
оқушылардың ӛзіндік жұмысын, оқытудың интерактивтік сипатын, оқытуды
дараландыруды арттыруды кӛздейді. Сонымен қатар, білім алушының тек
ақпарат алумен шектелу деңгейі екінші орынға түседі. Білім беру үдерісінің
нәтижесі ретінде білім алушыда белгілі бір құзыреттіліктер жүйесін
қалыптастыру қарастырылады.
Оқушыларға формулалар, сызбалар мен теңдеулерді механикалық еске
сақтаудың орнына білім алудың әдісін үйрете отырып, меңгеретін ұғымның
логикалық байланысын түсіндіріп, енді оларды дәлелдеп, нәтижесін шығару
ӛздеріне тапсыру кӛзделеді. Орта мектептегі оқу үдерісінің заманауи прин-
циптері басты назарды оқу ақпаратын жаттаудан гӛрі оларды белсенді түрде
іздеуге, ынталандыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және олардың
ӛзінің оқу әрекетінің нәтижесі үшін жеке жауаптылығын дамытуға кӛшіру
талабы тұрады.
Білімнің мазмұны және оны білім берушіден білім алушыға жеткізу
технологиясы ӛзінің құрамын, мақсаттары мен нәтижелілік критериін түбегейлі
ӛзгертеді. Оқулықтың педагогикалық жүйесінің неғұрлым нақтылануы, білім
беру үрдісінің құрылымы ретінде қарастырылуға тиіс. Ол білім алушылардың
оқу пәнін меңгеруде зерттеу технологиясын қолдануға мүмкіндік береді.
Оқулық құрастыру теориясын дербес ғылыми бағыт ретінде қарастырсақ,
оқулықтар
әзірлеудің
әмбебап
қағидаларына
А.
И.
Маркушевич
24
қалыптастырған мектеп оқулығының ӛзегі мен қабықшасы идеясын жатқызуға
болады
[96]
. Оқулықтың оқушының танымдық мүмкіндіктерін дамыту құралы
ретінде қарау: С. Г. Шаповаленко және В.Н. Ляхов еңбектерінде берілген.
Олардың пікірінше оқулық мына мәселелерді ескеруге тиісті:
а) нақты ғылымды;
ә) мектеп типін;
б) оқыту әдісін;
в) оқушының психологиялық жас ерекшеліктерін және т.б.
Оқулықты дайындау технологиясы қазіргі таңда ӛзалдына жеке ғылым
ретінде дамып келеді. Бұл жағынан авторлық ұжымның, оқулықтар
конструкторларының оқулықты құрастыруда оны педагогика тұрғысынан да,
кітаптану тұрғысынан да қарастыруын талап етеді. Осылайша,
Достарыңызбен бөлісу: |