34
Біріктіретін
– оқушылардың әртүрлі білім кӛздерінен, әртүрлі іс-
әрекеттердің нәтижесінде оқу үдерісі кезінде алған бірыңғай толық білім
негізін таңдауға және меңгеруге жаттықтыру.
Үйлестіретін
– барлық оқыту құралдарын әлдеқайда тиімді әрі
функционалды пайдалануды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, оқушылардың
оқыту пәніне жататын оқулықтан тыс бұқаралық ақпарат құралдарының
кӛмегімен алған қосымша мәліметтерді меңгеруі.
Дамыта-тәрбиелейтін
– еліміздегі химиялық
жетістіктерді зерттеп
меңгеру негізінде тұлғаның жан-жақты дамуы. Оқушылардың тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке,
азаматтық және әскери борышқа тәрбиелеу. Дамыта тәрбиелеу функциясында,
қазіргі мектептердегі химия оқулықтарының ерекшелігі анағұрлым анық және
толық байқалады. Бұл жағдайда кӛрсетілген функциялардың әрқайсысының
белгілі бір дамытушылық-тәрбиелік жүктемесі бар екендігі айқын [109,110].
Біз бұл функцияны жәй ғана тәрбиелік деп атамай, дамыта-тәрбиелейтін
деген себебіміз жастарды дамытуда оқулық дамыта-тәрбиелеу
шарттарының
негізігі міндетін орындайды.Оқулықтың және оның ӛзіне тән құралдарының
кӛмегімен мұғалім оқушы тәрбиесіне пәрменді ықпал етуге мүмкіндік алады.
Жақсы жасалынған және қатаң эстетикалық талаптарға жауап беретін
суреттеме (иллюстрация) оқушыға әсер еткен уақытта, ол ӛзінің эстетикалық
талғамын, қабылдау мен түсінігін қалыптастыруды дамыту арқылы жанама
(қосымша) тәрбие алады. Дәл осылай бүкіл
дидактикалық функцияларды
ескеріп құрылған оқулықтың тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін пайдалану
оқушының жан-жақты тәрбиеленуіне ықпал етеді. Оларды ізденушілік негізінде
шешу - ӛнімді жүйелі және шығармашылық ойды дамытады. Осылайша,
барлық жағдайлардағы мұғалімніңоқулық құралдары кӛмегімен оқушыларды
тәрбиелеуге ықпал етуі, оқыту үрдісінде, оқулықтың оқу материалының
(жанама тәрбие) әсерін дамыту негізінде жүзеге асады.
Оқулықтың дидактикалық функциялары ӛзара байланыста және органи-
калық
бірлікте, кешенді түрде кӛрсетілуі керек. Оқулықтың дидактикалық
функциялары арқылы оқытудың тәрбиелеу, білім беру және дамыту мәселелері
әлдеқайда толық және дәйекті түрде жүзеге асады [111].
Атап ӛтілген дидактикалық функциялардың жиынтығы сӛзсіз ашық жүйе
болып табылады. Ол толық аяқталған емес, керісінше ары қарайғы зерттеудің
бастапқы нүктесі болып табылады[55]. Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген
дидактикалық функциялардың артықшылығы біріншіден, жүйелі тәсілге
сүйенеді, білім беру мазмұнын іске асырудың бүкіл жүйесінің
нақты
талаптарын кӛрсетеді. Екіншіден, тұтас оқу үдерісінің дидактикалық
функцияларын қайталамай, оны оқытудың жетекші құралы ретінде
айқындайды.
Жоғарыда атап ӛтілген оқулықтың дидактикалық функцияларының бірден
бірі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың жалпы қағидалары мен
функцияларына қарама-қайшы келмейді. Олардың
әрқайсысы және барлығы
35
кешенді түрде,
оқу үдерісіндегі білім беруді, дамытуды, тәрбиелеуді бірлікте
және толыққанды іске асыруда мақсатты түрде жұмыс істейді.
Алайда, жекелеген функциялар механизмінің жұмысын зерттеу арқылы,
олардың әрқайсысы белгілі бір дәрежеде толық оқыту үдерісінің сол немесе
басқа функцияларына «ұмтылатынын» атап ӛтуге болады.
Оқулықты жасау үрдісінде оның дидактикалық
функцияларының қалай
бағдарламаланып, бекітіліп, жүзеге асатынын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: