81
Ф.Бэконның «Новый органон» еңбегі және Р.Декарттың
«Рассуждение о методе» еңбегінде өздерінің жеке методологиялық
құралдарына мән беруіне ғылымның керек екендігін жеткізді.
Г.Галилей, жаңа европалық ғылым ретінде, дәріптеушілік әдісті
конструктивті түрде енгізді. Ортағасырдағы мәдениет пен оның
жанкүйері Аристотельді сынға ала отырып,
Галилей конструктивтік
творчестволық ғылыми ойлау жүйесінің рөлін, идеалмен жұмыс
жасайтынын толық ашып көрсетті. Галилей Аристотельдің қозғалыс
туралы физикасын өзгертіп, домалақ және түзудің қозғалысын енгізді.
Ол теория жүзінде қозғалыстың идеалы болады. Галилей айтқандай:
«біз ескі ғылымнан өзгеше ерекше жаңа ғылым жасаймыз. Табиғатта
қозғалыстан көне зат жоқ, ол туралы көптеген философтар жазған».
Жаңа заман ғылымы толығымен білімге сүйенеді, Декарттың
ойынша, барлығына күмәнмен
қарау мақсаты оның өзге
жағдайлардан шығу мүмкіндігі. Тексерудің құралы математика
болды. Математиканың маңыздылығы жөнінде Галилей: «Табиғат
математика тілімен жазылған» деген. Бұл методикалық жағдай
барлық
арттан
ерген
ғалымдармен
қабылданған,
ол
натурфилософияға тән, табиғат бейнелерінің белгілерін сапалы
сипаттаудан, математикалық
сипаттауға көшуін білдірді, яғни қарым -
қатынастардың ашылуын және заңдылықтың қарастыруын ашып
көрсеткен.
Жаңа заман ғылымның құрылуын Ньютон қарастырды. Ұлы ғалым
ғылымның барлық саласында – оптика, астрономия, математикада үлкен
мұра қалдырған. Оның шығармашылығында ең негізгі мәселе
механиканың
негізін қалау, дүниежүзілік тарту заңын және аспан
денелерінің қозғалысын өңдеу.
Ньютонның өңдеген классикалық механикасы сол кездегі барлық
ғылымның салаларына әсер етті. Ол ғылымның негізі болып және басқа
басталып келе жатқан бағдарламаларға идеал болды. 1687 жылы
ғалымның «Математические начала натуральной философии» еңбегінде
жаңа ғылыми концепция қалыптасқан – оның негізінде механиканың
қозғалысының барлық заңдары және оны
сипаттауда математикалық
құралды пайдалану жатыр. Ньютон: «мен математикалық ойлардың
арқасында, планеталарға әсер ететін күштердің арқасында олардың
қозғалатынын анықтадым», – деп ерекше айтып өткен. Табиғаттың басқа
да құбылыстарын осы математиканың бастауы талдау арқылы
түсіндірген дұрыс деп ойлаған».
Қорытындысында
классикалық
ғылымның
қалыптасуы
бейнеленген. Оның мінезділігіне білімге сүйенушілік болды (жаңа
ғылымның пайда болуына байланысты «science» термині ұсынылды).