57. Күшейтілген медициналық бақылау жұқпалы аурулармен ауырғандарды, кейіннен оларды оқшаулау және ем қабылдауға жатқыза отырып, жұқпалы ауруларды белсенді анықтауға бағытталған. Жұқпалы ауруларды белсенді анықтау жауап алу, тексеру, термометрия, зертханалық зерттеу жолдарымен жүзеге асырылады.
Күшейтілген медициналық бақылау мекеменің МБ бастығының нұсқауы бойынша енгізіледі.
58. Обсервация МБ бастығының ұсынымы бойынша мекеме бастығының бұйрығымен енгізіледі.
Обсервация:
күшейтілген медициналық бақылауды;
мекемелерге сотталғандардың келіп түсуін шектеуді көздейді. Обсервация енгізілген мекемеге этап келген жағдайда, келген сотталғандар бөлек орналастырылады, ал мекемеден кету туралы мәселе әрбір нақты жағдайда жеке шешіледі;
туысқандарымен кездесулерді шектейді және тоқтатады;
арнайы емдеу-алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізеді.
59. Карантин мынадай іс-шараларды:
толық оқшаулау, мекемелерге кіруге және одан шығуға тыйым салуды, мекемелер ішінде адамдардың қозғалысын;
күшейтілген медициналық бақылауды;
туысқандарымен кездесулерді шектеу және тоқтатуды;
арнайы емдеу-алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізуді көздейді.
Мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау жүк алаңдары арқылы жүзеге асырылады. Мекемелердің ішінде сотталғандарды бір-бірінен барынша оқшаулауды және жеткізу пункттері арқылы тамақтандыруды ұйымдастыра отырып, жасақтар бойынша байланысын үзу жүргізіледі.
Карантин шарттарын орындауды қамтамасыз ету үшін мекемеде қызмет атқарудың күшейтілген түрі ұйымдастырылады. Мекемеде карантин СЭҚБ ұсынымы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық департаменттері басшылығының бұйрығымен орнатылады.
Параграф 3. Кейбір жұқпалы аурулар кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар
60. Ішек инфекциясын ескерту жөніндегі іс-шаралар кешенді және тұрақты түрде жүргізіледі.
61. Негізгі санитариялық-профилактикалық іс-шаралар:
1) мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, сумен жабдықтауды және тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайларына зерттеудің зертханалық әдістерін қолдану арқылы пәрменді медициналық бақылауды қамтамасыз ету;
2) декреттелген контингентті зертханалық зерттеу;
3) профилактикалық дезинфекция мен дезинсекция жүргізу (үй-жайларды, кәрізделген және кәрізделмеген дәретханаларды, лас қалдықтарды және ағын суларды, қоқыс және қалдықтар жиналған орындарды, шыбындармен күресуді, ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын суды залалсыздандыру, сумен жабдықтаудың дербес жүйелерін және суды жеткізу мен сақтауға арналған ыдыстарды дезинфекциялау, ас үй мүккәмалдары мен ыдыстарын залалсыздандыру);
4) мекемелерде ұсталатын адамдардың жеке гигиенаның негізгі талаптарын сақтауына және ол үшін тиісті жағдайлар жасауды медициналық бақылау;
5) дизентериямен ауыратындарды және жіті ішек инфекцияларымен ауыратындарды ерте анықтау (бірінші тәулікте), оқшаулау және ем қабылдауға жатқызу;
6) аурулармен байланыста болған адамдарды медициналық тексеру (көрсеткіштер бойынша бактериологикалық тексеріс және профилактикалық фагирлеу);
7) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
62. Объектілердегі тамақтандыру және сумен жабдықтау үшін тұрақты жұмыс істеуге жұмылдырылған адамдар осы объектілерде жұмыс істеу кезінде медициналық бақылауға алынады.
63. Асханаға жұмысқа тағайындаған адамдар нарядқа шығар алдында медициналық қаралудан өтеді, бұл туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асханадағы жұмыскерлерді медициналық тексеру журналына белгі қойылады.
64. Диагнозы анықталмаған науқастар дене қызуы 3 күнтізбелік күннен астам тұрақты жоғары температурада болған кезде іш сүзегіне тексеріледі.
65. Сальмонеллез, іш сүзегімен ауырған адамдар есепке алуға және диспансерлік бақылауға жатады.
66. Жіті ішек инфекциясы бар жекелеген ауруларға МБ дәрігері (бастығы) эпидемиологиялық зерттеу жүргізеді және:
ауруды жұқтырған орынды анықтауға;
қоздырғышты жұқтыруы мүмкін жолдарды анықтауға (тамақты – қандай, қашан және қайда қолданды, суды – қайдан, қандай көзден және қашан пайдаланды);
жұқтыру тәуекеліне жататын адамдардың ортасын анықтауға бағытталады.
Осы мақсаттарды шешу үшін:
науқастан жауап алу және тексеру;
ошақта байланыста болғандардан жауап алу және тексеру;
мекеме шегінде сыртқы орта объектілерін қарау және тексеру жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |