6-параграф. Паразиттік аурулар кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар
91. СЭҚБ паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:
1) науқастар мен паразит таратушыларын анықтауды және есепке алуды бақылау;
2) паразиттік аурулар қоздырғыштарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;
3) мекеме аумағына паразиттік аурулардың сырттан әкелінуінің алдын алу;
4) сотталғандер мен тергеу-қамаудағыларға гигиеналық оқытуды жүргізеді.
92. Паразиттік аурулар кезіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 283 бұйрығымен бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10694 болып тіркелген).
Достарыңызбен бөлісу: |