101. Дезинфекциялау жұмысының сапасы санитариялық-көрсеткіш флорасына бактериялық бақылау арқылы тексеріледі.
102. Дезинфекциялық құралдар мен материалдарға деген қажеттіліктер тиісті мерзім аралығына жоспарланған эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қолдануда дезинфекциялау жұмыстарының сипаты мен көлемін анықтайды.
103. Дезинфекциялау құралдарына тапсырыс жасау кезінде кейінгі жылдың нақты шығындарын есептеумен бірге эпидемиологиялық жағдайдың болжамдарын, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларды жаңа дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етудің мүмкіндігі ескеріледі.
104. Дезинфекциялық іс-шараларды өткізу талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларымен белгіленген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10388 болып тіркелген).
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде
санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалауды ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
ННысан
Достарыңызбен бөлісу: |