Параграф 2. Сумен жабдықтауды
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
8. Сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің құрылғылары мен пайдаланылуын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды мекеме ұйымдастырады және жүргізеді.
9. МБ және МП бастығы:
сумен жабдықтау көздерін таңдауға қатысуды;
судың сапасы мен қауіпсіздігін және сумен жабдықтаудың ішкі желілерінің санитариялық жағдайын бақылауды;
жұмыскерлердің арнайы киіммен және жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады ("Лепесток" үлгісіндегі респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, резеңке қолғаптар).
Мекемелердің МБ сумен жабдықтаудың ішкі желілерінде жұмыс істейтін адамдардың алдын ала және кезеңдік медициналық тексерістен уақтылы және толық өтуін қамтамасыз етеді.
10. Судың сапасын өндірістік зертханалық бақылау мекеменің өндірістік зертханасы немесе басқа аккредитацияланған зертхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес көрсеткіштерді анықтау және сынамаларды алу арқылы жүргізеді.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау көздері болмаған жағдайда орталықсыздандырмаған су көздері немесе тасымалды су пайданылады. Тасымалды суды сақтау үшін өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ететін көлемді ыдыстар орнатылады.
Суды сақтауға арналған ыдыстар кемінде 10 күнтізбелік күнде 1 рет тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |