Сипаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның озінде нақтылап корсететін диспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз. Жай диспозицияга караганда кылмыс құрамын айкындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылыгында дау жоқ. Сипаттамалы диспозицияга 176-бапта көрсетілген тыңшылық жасау құрамы мысал бола алады.
Бланкеттік диспозиция. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген накты қылмыстың құрамын аныктау үшін баска заңдарга немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлыктарына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгіну кажет. Яғни, кылмыстық заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу баска зандармен немесе нормативті актілермен анықталады. Мысалы, Қылмыстык кодекстің 344-бабындагы темір жол, әуе немесе су көлігі козғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бұл қылмыс кұрамын анықтау үшін көлік кұралдарының осы түрлерінің қауіпсіздігі мен пайдалану ережесін реттейтін тиісті нормативті актіні басшылыкқа алу кажет.
Достарыңызбен бөлісу: |