Дәріс 6: Қимыл - әрекетке үйрету Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл- әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі. Ол үш кезеңге бөлінеді. Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл-әрекеттердің техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру. Жоғары қозғалыс шеберлігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақтыөмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі үйрету үрдісінің соңғы межесі.
Әдебиет: негізгі [1-7], қосымша [2,4,6]