Қимылдың даму тәсілі сатысы (кезеңі) Қимылдың жасалу тәсілдері мен берілу жолдары Жетімсіз қимыл тәсілі 1) Жетімсіз қимылды білдіретін аналитикалық форманттар -а жаздап; -а жазда барып қалды
Бұл форманттар қимылдың жартылай жасалып, аяғына жетпей тоқталуын білдіреді.
Мысалы:
Қайық бұлталаңдағанда ауып қала жаздайды (Ғ.М).
Қыз отқа құлай жаздап, әрі шошып, әрі ашуланып булыға жаздады (М.Ә).
2) Қимылдың немқұрайды жасалу тәсілі -а салу
Мысалы,
Басына қап сияқты бірдемені жаба салды (М.Ә).
Менікі әншейін жол қысқарту үшін айта салған қалжың ғой (Ғ.М).
Әуелде тек баспана етіп кіре салған шым қоралардың арасынан кірпіш үйлер көтерілген (Ғ.М).
3) Қимылдың кенеттен, күтпеген жерден жасалу тәсілі -а кету
Мысалы:
Әлгі ілмиген сары жігіт тағы ұшыраса кетті (С.Сейфуллин).
Коридор бойымен бұрыштағы өз бөлмесіне өтіп бара жатқанда, қарсы алдынан кенет Нұрғайша жолыға кетті (Р.Тоқтаров).
4) Қимылдың тездік тәсілі Мысалы:
Анар жаны шығып кеткендей дауыстап жіберді (З.Ш.).
Қалдыбек арсалаңдап үйге жүгіріп келіп, Қаншайымның қасына отыра қалды (С.Мұр.).
Қалған уақытта бағың ашылсын, балам!-деді де, жанындағы жастыққа қисая кетті (А.М.).
5) Созылыңқы қимыл тәсілі Форманттар: -е бер - а отыр - а түс - а жатар - а жүр
Мысалы:
Әкесін жиі мазалай берді(С.М.).
Тәңірберген ширыға түсті (Ә.Н.).
Не үшін өлгендеріңді еңбекші тап айта жүрер (СС.).
6) Қимылдың жасандылық тәсілі Жасалмаған қимылды жасағандай болып, керісінше, жасалған қимылды жасалмаған етіп көрсетуге тырысу жасандылық тәсіліне жатады.
Мысалы:
Көрсе де, көрмеген болып жүре берді(Т.А.).
Бұны естімеген болды(С.М.).
Жасандылық тәсілі -ған бол аналитикалық форманты арқылы жасалады:
күлген бол, қуанған бол, жылаған бол т.б.