Иммобилизденген фермент


Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау



бет9/18
Дата09.08.2023
өлшемі5,27 Mb.
#179777
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
11-сынып Био зертханалык жұмыс

Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау
Тұз ерітінділерінің әртүрлі концентрациясы бар 6 мензурканы (0,2, 0,4, 0,6, 0,8 және 1 моль/ дм3 тұз ерітіндісінен бастап) белгілеп, әр мензурканы 20 см3 тұз ерітіндісімен толтырып, картоптың 6 кесегі салынады. Картоп кесектерінің ұзындығын 20 мм пышақпен кесіп, сызғышпен өлшеп алу керек. Картоп кесектерінің бастапқы салмағын таразыда өлшеп алған соң, 30 минутқа мензуркада қалдырады. Уақыт аяқталған соң картоп кесектерін мензуркадан алып, сүзгі қағазбен ақырын құрғатып, соңғы салмағын таразыда қайта өлшейді. Өзгеріс аралығын проценттік үлеспен көрсетуге болады.
Артқа

№7 зертханалық жұмыс


«Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі» зертханалық жұмысы
1-конспект
Теория:
Индолил сірке қышқылы немесе гетероауксин 1934 жылы алғаш рет зең саңырауқұлағынан бөлініп алынды. Гетероауксин жапырақтағы триптофан аминқышқылынан түзіліп, содан кейін өсімдіктің өсіп келе жатқан сабақтарына және өсімдік тамырларына тасымалданып, сол жерде тотығады және белсенеді. Гетероауксиннің ауксин тобының фитогормондары арасында маңызы зор. Ол жасушалардың созылуына, жапырақтардың орналасуына әсер етіп, өткізгіш шоқтардың қалыптасуына, апикальды үстемдікті қамтамасыз етуге қатысып, ризогенезді (тамырдың даму процесі) және жанама тамырлардың түзілуін реттейді.
Гипотеза:
Гетроауксиннің төменгі концентрациясы тамыр жасушаларының өсуін белсендіреді, ал жоғары концентрациясы тамыр жасушаларының өсуіне кері әсер етеді.
Құрал-жабдықтар:

  1. 3-индолил сірке қышқылы (гетероауксин) – құрғақ зат;

  2. KMnO4 ерітіндісі 0,05 М;

  3. Петри табақшасы – 5 дана;

  4. Бидай немесе жүгері тұқымдары – 50 дана;

  5. Өлшеуіш колба – 50 мл;

  6. Тамызғыш – 5 мл;

  7. Өлшеуіш цилиндр – 25 мл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет