Империялық кезеңдегі Қазақстан
ХҮІІ ғ. соңы мен ХҮІІІ ғ. басында Қазақ хандығы ішкі саяси аса ауыр
жағдайға тап болды, ал хандардың барлық жүздерді біріктіріп, бір ғана
орталық мемлекет құру әрекетінен түк шықпады. Қазақстан саяси
бөлшектеніп қала берді, жүздер арасында тұрақты саяси байланыс
болмады. Халықаралық аренада да Қазақ хандығының жағдайы ауыр
болды: Солтүстікте жас, шұғыл дамып келе жатқан Ресей империясы тұрса,
шығысында – басшылары жаңа жерді игеру керектігін көріп тұрған Цинь
империясы тұрды. Волга қалмақтары, башқұрттар мен ортаазиялық
хандар үнемі шабуылдап тұрды, ал Солтүстіктен оралдық, Сібірлік,
волгалық казактардың үнемі басып кіруіне қазақ жүздері душар етті. Қазақ
хандығы жағдайының қалыптан тыс ауырлауына ішкі алауыздықпен бірге
сыртқы шапқыншылық себеп болды, бұл мезгілде әсіресе жоңғар
феодалдарының әскери жорықтары ауыр болды.
1730 ж. қыркүйегінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның бастауымен
Ресей жерінің қол астына кіру мақсатында елшілер жіберілді.
Бұл кезде
елші ретінде Сейтқұл Қайдағұлов және Қ.Қоштаев жіберілді. 1730 ж.
елшілер Петербург қаласында қолхатты Анна Иоанновнаға тапсырды.
1731ж. Анна Иоанновна грамотаға қол қойып қабыл алды. Ант қабылдау
үшін Әбілқайыр ханға ағылшын мамандығын игерген аудармашы
А.И.Тевкелевті жіберді. Кіші жүзбен арада дипломатиялық байланыс
орнату үшін
жіберілген елшілік, жүздің ішкі жағдайын ескермеді.
5-қазанда А.Тевкелев Ырғыз өзенінің бойында орналасқан Майтөбе
жеріне келді. Бұл жерде Әбілхайыр ханның резиденциясы орналасқан еді.
Бірнеше күннен кейін қазақ халқы соның ішінде Кіші жүз халқы Ресейдің
құрамында екендіктері туралы естігілері келмеді.
1731 ж. 10 қазанда Ресей құрамына Әбілқайыр ханмен қоса 27 старшын
кірді. Осы жылдан Қазақ халқының, яғни Кіші жүздің Ресей империясының
құрамына қосылуы басталды.
Қазақ халқының жағдайы бұрынғыдай қала берді. 1733-34 ж. Орта жүз бен
Ұлы жүздің кейбір би-сұлтандары Ресей қол астына енді. 1734 ж. 10
маусымда Анна Иоанновна Ұлы жүздің Ресей құрамына қабылдауын
өткізді. Қазақ жерінің біраз бөлігін құрмына енгізудегі мақсаты
Қазақстанды жаулап алу болып табылған. Жаңадан Ресей жеріне қосылған
жерлерді зерттеу бағытында Неплюев жұмыс атқарды. Ол Қазақ халқының
біраз бөлігін Қазақ хандығының құрамынан бөліп алғысы келді. Қазақ
халқының жаңадан құрылуы Абылай ханның есімімен тікелей
байланысты. XVIII ғ. 70 ж. Қазақ жерінде жаңадан хан сайлау өтетін сәт
туды. Жалғыз хан тағына сайлана алатын Абылай болды. Ш.Ш.
Уәлихановтың айтуы бойынша Абылай тек кішігірім жорықтарға қатыса
отырып, әр түрлі көзге түсер әрекеттер жасаған болатын.
XVIII ғ. соңы XIX ғ. басында Ресей империясының құрамына Кіші
және Орта жүздің
территориясы, ал ХІХ ғ. 20-жылдарының ортасында
Жетісу территориясы кірді. Сонымен Қоқан хандығының құрамындағы
Оңтүстік Қазақстан территориясы қалды. Шу,
Сырдария қазақтары Хиуа
және Қоқан билеушілеріне қарсы бірнеше рет күрес жүргізіп отырды.
ХІХ ғ. І жартысының аяғына қарай Орта және Ұлы жүз
территориясында Сібірден бастап Ақтау (1835 ж.), Ұлытау (1835 ж.), Қапал
(1846 ж.), Сериополь (Аягөз 1831 ж.) т.б. қамалдар құрылды. 1848 ж. Батыс
Сібір генерал-губернаторлығының құрамындағы Үлкен Ордаға пристав
қызметі тағайындалды. Ол жаулап алынған Ұлы жүз аудандарына билік
жүргізді. 1854 ж. Алматы қонысының
орнына Верный бекінісінің
құрылысы аяқталды, ал 1859 ж. – Қасек бекінісінде Ресейдің Шу алқабы
арқылы Қазақстанның оңтүстүгіндегі Әулие-Ата, Шымкент және т.б. Қоқан
қамалдарына жаулап алу жорықтары басталды. 1856ж. Семей облысының
құрамындағы Алатау округі құрылды.
Орталығы - Қапал қаласы, 1862
жылдан Верный қаласы.
60 жылдардың басындағы орыс әскерінің Оңтүстүкке шабуылымен
қоқан және қазақ Әулие-Ата, Түркістан, Ташкент қамалдары алынды.
Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына қосылуы 100
жылға созылған қиын үдіріс. Орталық
Азия хандықтарына бағынған
Қазақстан территориясы Ресейге қосылуы отаршылық жаулаумен
аяқталды.
Мурхамбетов Тайлан