Импульстің сақталу заңы



Дата07.02.2022
өлшемі19,28 Kb.
#83404
Байланысты:
ФИЗ


импульстің сақталу заңы: оңашаланған жүйеде қозғалыс мөлшері тұрақты болады.
Тұйық, оқшауланған жүйенің толық энергиясы тұрақты боп тұрады.
Яғни энергияның жалпы мөлшері, тұйық жүйеде өзгермейді. Артпайды да, кемімейді де! Энергияның сақталу заңы дегеніміз осы.

импульс моментінің сақталу заңы: Тұйық жүйенің импульс моменті тұрақты болады, яғни уақыт өтуімен өзгермейді
Қозғалыс күйін елеулі өзгертетін түйіскен денелердің кысқа мерзімдегі әсерлесуін импульс деп атайды.
Энергия деп дененің жұмыс істеуге қабілетін сипаттайтын физикалық шама
Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір- бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
Импульс моменті - айналу қозғалысының мөлшерін сипаттайтын және массаның қанша айналатындығына, оның айналу осіне қатысты қалай бөлінуіне және айналу қандай бұрыштық жылдамдықпен жүретініне байланысты болатын физикалық шама

Инерция моменті деп материалық нүктелер массасының олардың оське дейінгі ара қашықтықтарының квадратының көбейтіндісінің қосындысына тең физикалық шаманы айтады

Энергия екіге бөлінеді: потенциалдық және кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия денелердің немесе дене бөліктерінің өзара алмасуынан пайда болады. Кинетикалық энергия дене қозғалысқа түскенде пайда болады.


Кинетикалық энергия[өңдеу]
Дененің қозғалысымен байланысты энергия кинетикалық энергия деп аталады Кинетикалық энергия бір денеден екінші денеге беріледі, сонымен қатар ол өзінің формасын өзгертеді. Бір қалыпты қозғалатын дененің кинетикалық энергиясын динамика мен кинематика теңдеулерін қолданып,денені үдету үшін жасалынатын жұмыс ретінде анықтауға болады .[3]
Потенциалдық энергия[өңдеу]
Дегеніміз күштердің әсерінде болатын дененің орналасуына байланысты туындайтын энергия түрі
Кинетикалық энергия дененің массасы мен жылдамдығына ғана байланысты, яғни кинетикалық энергия дененің қозғалыс күйін сипаттайтын функция.
Потенциалық энергия механикалық энергияның бір түрі, ол жүйедегі денелердің өзара орналасуы және олардың өзара әсерлесу сипатын анықтайды. 
Импульс моменты қай кезде орындалад
Біртұтас деп қарастыруға болатын материалық нүктелер жиынтығын механикалық жүйе деп атайды.
Механикалық жүйеге кіретін денелердің арасындағы күштер ішкі күштер деп, ал басқа денелердің жүйеге кіретін денелерге әсер күштері сыртқы күштер деп аталады. Егер материалық жүйеге сырттан ешқандай күш әсер етпесе оны оңашаланған жүйе деп атайды.
механикалық энергияның сақталу заңының өрнегі: Тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты болады.
Қозғалыс күйін елеулі өзгертетін түйіскен денелердің кысқа мерзімдегі әсерлесуін импульс деп атайды.
Соктығысудан кейін денелерде пайда болған деформация толық сақталса ондай соққыны абсолют серпімсіз соққы деп атайды.
 Жұмыс дегеніміз энергияның бір күйден екінші күйге өткендегі өзгерісінің сандық сипаттамасы.
Бұл толық механикалық энергияның сақталу заңының өрнегі: Тұйық жүйенің механикалық энергиясы тұрақты болады.
Механикалық қозғалыс- дегеніміз уақыт өтуіне қарай дененің немесе оның кейбір бөліктерінің санақ денесі деп аталатын басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орын ауыстыруы. 
Егер санақ жүйелері бір-біріне қатысты бірқалыпты түзу сызықты қозғалып және олардың біреуінде Ньютон заңдары орындалатын болса, онда бұл жүйелер инерциалды санақ жүйелері деп аталады
Жұмыс дегеніміз энергияның бір күйден екінші күйге өткендегі өзгерісінің сандық сипаттамасы
 Абсолют қатты дене дегеніміз деформацияға ұшырамайтын, денені құрайтын бөлшектердің ара қашықтығы ешқашан өзгермейтін дене. 
Күш иіні — айналу осінен күштің әсер ету ұзындығына дейін ең қысқа арақащықтық. 
Механикалық жүйеге кіретін денелердің арасындағы күштер ішкі күштер деп, ал басқа денелердің жүйеге кіретін денелерге әсер күштері сыртқы күштер деп аталады. 
 Егер материалық жүйеге сырттан ешқандай күш әсер етпесе оны оңашаланған жүйе деп атайды. 
Қуат (орыс. мощность ) уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама. 
. Денелер әсерлесулері күш әсерінен болса, онда осы күштің жұмысы дененің орын ауыстыруына (траекторияға да) байланысты болмайды, ол тек дененің бастапқы және соңғы орындарына ғана байланысты болады. Мұндай өріс потенциалық өріс деп, ал олардағы әсер етуші күштер консервативті күштер деп аталады. Егер күштің істейтін жұмысы дененің бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғандағы траекториясына байланысты болса, ондай күштер диссипативтік күштер деп аталады (мысалы үйкеліс күші). Ендеше ауырлық күші өрісі - потенциалық, ал күштің өзі консервативтік күш деп аталады. Консервативтік күш жұмысы осы дененің потенциалық энергиясының өзгерісіне тең, таңбасы теріс
Эйнштейн постулаттары:
1. Инерциалық жүйенің ішінде жасалған ешқандай тәжірибелер (механикалық, электрлік, оптикалық) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста ма, оны анықтауға болмайды; бір инерциалды санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне ауысқанда табиғаттың барлық заңдары инвариантты (бірдей).
2.Жарық жылдамдығының инварианттығы. Вакуумдағы жарық жылдамдығы барлық инерциалық жүйелерде бірдей болады.
релятивистік импульстің сақталу заңы орындалады: тұйық жүйенің релятивистік импульсі сақталады, яғни уақыт өтуімен өзгермейді. Релятивистік массаның сақталу заңы: тұйық жүйенің толық релятивистік массасы кез-келген процесс барысында өзгермейді. 
релятивистік механикада энергияның сақталу заңы орындалады: тұйық жүйенің толық энергиясы сақталады. яғни уақытқа байлынсыт өзгермейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет