Байланысты: Индивид пен қоғам арасындағы қарым Салыкбай Зейнеп кек111
Әлеуметтік статус дегеніміз - әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызмет атқаруын айтамыз. Әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ, оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интегралды деп аталады. Мысалы, директор, профессор сияқты әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез құлқы мен пішінінен және басқа әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады. Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді:
Қоғамнан берілген (предписание) статус – бұл тұлғаның этикалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен, т.б. байланысты.
Адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (приобретенный) статус. Мысалы, жазушы, ғалым, директор.
Адам мәнінің тек қоғамдык-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарның маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі 3 түрлі болады: