Биологиялық өлшем – бұл адам организімінің түр бейнесімен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организнің құрылысын және формаларын зерттейді. Оның атқаратын, орындайтын қызметі, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан-дүниесі онда жүріп жататын саналы және санадан тсы құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық ойлау, т.б. адамның еркі мен сипатын, темпераментін қамтиды.
Әлеуметтік өлшем - адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршат тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыста, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктерімен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына, т.б. белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақты жолдары бар:
А) іс-әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.
ә) қарым-қатынас, бұл-адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді.
Б)өзіндік сана-сезімді дамыту, бұған ми мен журектің өз бетінше қызмет, іс-әрекет ету жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |