Тіркестіру арқылы үстеу жасау:
Тіркестіру тәсілі үстеу жасауда өте өнімді қызмет атқарады. Сондықтан тіркескен күрделі үстеулер бірсыпыра. Тіркескен күрделі үстеулер құрамына қарай түрліше:
екі мүшелі тіркесті күрделі үстеулер: күні ертең, күні кеше, күні бүгін, әр жақта, әр кезде, әр уақытта, бір заманда, көш ілгері, күні бойы, жазға салым, алдын ала, бер жақ, ақырғы рет, бұрнағы күн, алдыңғы жылы, бесін мезгілінде, әуел бастан, ерте кезде, сәлден соң.
Үш мүшелі тіркесті үстеулер: күндерде бір күн, ертеден қара кешке.
Идиомаланған үстеулер: қас пен көздің арасында, бетегеден биік, жусаннан аласа, ақай жоқ, тоқай жоқ, апысы кіріп, күпісі шықты, елден ала бөтен, аяқ астынан, түн баласында, қаннен қаперсіз, томаға тұйық, құлан таза.
Достарыңызбен бөлісу: |