Адамдар АИТВ қалай жұқтырады?
Вирус ағзадағы барлық сұйықтарда болады, бірақ адам тек қан, шәует, қынаптық бөлінділер мен емшек сүті арқылы жұқтырады. Аздаған мөлшерде ол сілекейде, терде, көз жасында, кіші дәретте (зәрде) және басқа да физиологиялық сұйықтықтарда болады.
АИТВ-инфекциясын жұқтырудың бірнеше жолдары бар:
қорғалмаған (мүшеқапсыз) ішіне кіргізілген жыныстық қатынас арқылы (жыныс жолдары арқылы жұқтыру);
зақымдалған тері қабаты мен шырышты қабаттар арқылы сау адамның қанына ауру жұқтырылған қан құйылған кезінде (донорлық жолмен жұқтыру);
анадан балаға емшекпен емізу кезінде немесе босану жолдары арқылы өту барысында жұқтырылады (тікелей жұқтыру жолдары)
зарасыздандырылмаған инені немесе шприцтер мен басқа да инъекциялық құралдарды бірлесіп немесе қайтара қолданған кезде;
татуировкалар немесе пирсингтер жасау үшін зарасыздандырылмаған құралдарды пайдаланған кезде;
қан қалдықтары көрініп тұрған өзгенің қырыну құралдарын, тіс шөткесін пайдаланған кезде;
қан құю кезінде (донорлық тәртіп бұзылған кезде).
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын (соз, мерез, хламидиоз, гарднереллез, трихомониаз және т.б.) кез-келген инфекцияның болуы сақтанусыз жыныстық қатынас жасау барысында АИТВ жұқтыру қаупін он есеге арттырады.
Егер сенің жыныстық қатынас жасайтын серігің есірткіні қантамыр ішіне егу арқылы тұтынған болса немесе тұтынып жүрсе, басқа жыныстық қатынас жасайтын серігі бұрын болған болса немесе болса сенің АИТВ жұқтыру қаупің өте жоғары. Өзіңнің серігіңмен сөйлесіп, осындай қауіпті факторлар туралы талқылау керек, сөйтіп өзіңді қорғау шараларын қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |