Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет19/164
Дата07.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#97210
түріПрограмма
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   164
Байланысты:
kuntizbe11

Пәнаралық байланыс

Биология
Әріптестеріңмен пәнаралық байланысты талқылап, бастапқы ақпарат көзіне жүгініңдер.
Пәнаралық байланыстың сабақта қалай жүзеге асатынын көрсетіңдер (әрекеттер және/немесе мазмұн арқылы)

Алдыңғы білім

Мәшинелік оқыту

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс-тар

Сабақтың басы 7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Қызығушылықты ояту: «Бұлт үстіндегі саяхат» әдісі.
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең тыныс алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін (30 секунд). Енді сендер тағы да
бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. /Бұл оқушыларға псиологиялық жағымды ахуал туғызады/.


Топтастыру: Оқушылар үштікке саналу арқылы үш топқа бірігеді. І топ: «Алғырлар»
ІІ топ: «Білімділер»
ІІІ топ: «Дарабоздар»

Оқушылар өткен тақырып бойынша «екеуі дұрыс, біреуі бұрыс» деген жауаптары бар тест жасап, жұмыстарын жұптарымен алмастырады.


Өзара бағалау: «Дұрыс. Қате»




Сабақтың ортасы 26 мин.

Кумулятивтік әңгіме

  • «Мәшинелік оқыту» деген не?

  • Мәшинелік оқытуға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?







  • Білім беру саласында ЖИ-ді қолданудың қандай үлгілері бар?

«Джигсо» әдісі
Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: шағын мәтінді оқуға, оны қалай, қандай тәсілдермен есте сақтап, мазмұндауға болатынын ойлану, мәтіннің мәнін түсінуге бағытталған сұрақтар қою.
Оқушылар тірек сөздерді жазып, сызба немесе кластер сыза алады. Мәтінмен жұмыс істеп болғаннан кейін топтар әр үш топтан 1-2 өкілден кірген тағы бір топ құрады. Мұғалімнің айтуымен олар жазбаны және графикалық материалды қолданып, өз сұрақтарын кезекпен түсіндіреді. Топтағы үш шағын мәтінді түсіндіріп, талқылағаннан кейін бәрі өз орындарына оралып, үш шағын тақырыптан (Есептеу жүйелері ұғымы. Есептеудің позициялық жүйелері. Есептеудің позициялық емес жүйелері) тұратын ортақ тақырыпты талқылайды.

Мұғалім тарапынан бағалау: ауызша мақтау, ынталандыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет