Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» әдісі. Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы,
«Шие!» не «Алма, өрік!» не «Алма, шие, өрік, банан!» – десе), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. (бірнеше оқушымен осы әдіс бойынша жалғасады).
Топтастыру:Оқушылар шеңбер бойымен тұрған сәтінде алма, өрік, банан жемістерін кезекпен атау арқылы үш топқа бірігеді.
І топ: «Алма» ІІ топ: «Өрік» ІІІ топ: «Банан»