Информатика жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы



Дата05.07.2018
өлшемі49,44 Kb.
#47283
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ




ИНФОРМАТИКА
Жалпы орта білім беру деңгейінің

қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10-11-сыныптарына арналған

оқу бағдарламасы

Астана

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.


Информатика: Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013. – 9 б.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына

70-қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Информатика» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы


  1. Түсінік хат




  1. 10-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.

  3. Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.

  4. Оқыту міндеттері:

    1. қазіргі заманауи ақпараттық қоғам, жеке тұлғаның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру;

    2. мәтінді және бейнені сканерден өткізу, танып алу дағдыларын қалыптастыру;

    3. ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

    4. жобалық іс-әрекетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану;

    5. мәтіндік, сандық, графиктік және дыбыстық ақпараттарды өндеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

    6. оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

  1. Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану тек информатика пәнінің оқу сапасын көтермейді, сонымен қатар пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан оқу пәндерінің оқыту тиімділігін жоғарылатады.

  2. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.



  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.

  2. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:

графикалық және анимациялық объектілерді, web-беттерді, мәтіндік құжаттар мен полиграфия басылымдарын қалыптастыруға арналған негізгі операциялардың алгоритмдерінің орындалуы;

  1. «Геометрия» пәнмен пәнаралық байланыс:

  1. координаталық жүйелері және олардың компьютерлік графика мен анимацияда қолданылуы;

  2. негізінде симметрия мен алтын қима ережесіне сәйкес жатқан графикалық объектілерді қалыптастыру.

  1. «Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:

  1. оқушылардың сөз қорының жаңа терминдермен толығуы;

  2. мәтіндік процессор мен баспа жүйесінде жұмыс істеуде орфографиялық және сөйлеу дағдысын жақсарту;

  3. компьютерлік терминологияны меңгеру;

  4. шетел тілін оқу құралы ретінде телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану.

  1. «Әдебиеті» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. әртүрлі стилистикалық типтер мен жанрлардағы мәтіндермен өз бетімен жұмыс іскерлігін дамыту;

  2. оқушының жария сөз жоспары мен уақыт межелеуді жоспарлау іскерлігін дамыту.

  1. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

графикалық бейнелерді визуальды өнімдерге: Web-беттерге, анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру.

  1. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. табиғаттың «жанды» және «жансыз» графикалық бейнелерін визуальды өнімге, Web-беттерге, анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру;

  2. компьютерлік және биолгоиялық вирустар арасында салыстыру жүргізу.

  1. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. ақпараттық кеңістіктің ауқымдығы және ұлттық қауіпсіздігі;

  2. ақпараттық нарық, ақпараттық ресурстар аймағындағы мемлекеттік саясат пен құқықтық реттеу.

  1. «Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;

  2. анимация және мультипликацияның алғы шарттары;

  3. html-дедакторының, Web-беттер және сайттардың шығу тарихы.



2.10-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны


  1. Кіріспе (1 сағат):

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):

әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар, білім беру ақпараттық ресурстары.

  1. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):

аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы, компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату (веб-камера, сканер, принтер, желілік принтер).

  1. Ақпараттық технологиялар (24 сағат):

мәтіндерді танып алу, мәтіндерді сканерлеу;

мәтінді танып алу технологиясы, мәтіндерді танып алу программасы, сканерлеген мәтіндерді редакциялау, құжаттарды мәтіндік процессорға экспорттау;



мәтіндік процессор, құжаттың терезе түрін баптау, құжатты қарау тәртіптері, терезелерді бөлу, ретке келтіру;

стильдер, стильдерді өзгерту, жаңа стиль құру;

кеңейтілген алмастыру буфері;

беттің белгіленуі, бет түсі, беттерді бір-бірінен бөлу;

бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру;

құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер, құжатта сілтемелерді ұйымдастыру, атауы, иллюстрация тізімі, қиылыс сілтемелер, мазмұнды баптау, рецензиялау, емле ережесі, ескерту, құжатты қорғау, құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру;

макростар;

анимация және мультипликация, анимацияға кіріспе, программамен және оның интерфейсімен танысу;

анимациялық фильмдерді сақтау;

геометриялық анайылықтарды салу, өзгерту және орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату, қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері;

компьютерлік анимацияда қабаттар рөлі;

бірнеше қабаттардан тұратын объектілердің орнын ауыстыру;

бірнеше объектілер анимациясы, дыбыстық эффектілер, дыбыстық файлдарды құру, жариялау;



Создание веб-страниц с использованием визуального html – редакторы;

визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі;

Web-беттер және сайттар, визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі;

сайттың қарапайым алғашқы бетін құру, кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру, сайттың гиперсілтемелері мен навигациясы, веб-бетке gif-анимация және баннерлерді кірістіру;

сайтты жариялау.


  1. Жобалық іс-әрекет (7 сағат).



3.11-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны


  1. Кіріспе (1 сағат):

техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):

ақпаратты құқықты қорғау;

компьютерлік құқық бұзушылықтар түрі;

ақпараттарды тираждауда авторлық ақпараттарды қорғау.


  1. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (4 сағат):

программалық қамтамасыз ету түрлері (лицензияланған, шартты тегін, тегін) және оларды қолдану ережелері;

ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау;

компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустар түрлері, вирустардың дербес компьютерге ену жолдары;

вирустардан сақтау шаралары, вирусқа қарсы программалары;

қауіпсіздік параметрлері, қолжетімділікті басқару, пароль қою.


  1. Ақпараттық технологиялар (20 сағат):

суретпен сипаттауларды, яғни иллюстрацияларды қалыптастыру, векторлық графиканы өңдеу редакторы;

объектілерді импорттау және экспорттау;

дайын кітапханалардағы графикалық объектілерді өңдеу, қисықтармен жұмыс, әсерлер;

монтаждау және бейнелерді жақсарту, растрлық графика редакторы;

сурет салу және бояу, фотомонтаж, фотосуреттерді өңдеу мен баспаға даярлау, коллаж, әсерлерді пайдалану;

басылым жүйелерінің жіктелуі;

электронды басылымдар, басылымның міндетті атрибуттары;

рәсімдеу ережелері (буклет, кітапша, кітап, журнал, жарнамалық бет), редакциялаудың техникалық ережелері, терминология. беттің пішімі, мәтінді пішімдеу, қаріптермен жұмыс, құжат стилі, басылымды макеттеу (жобаны құру);



мәтінді дайындау, иллюстрацияларды дайындау, қаріптерді таңдау, беттеу, макетті баспадан шығару.

  1. Жобалық іс-әрекет (7 сағат).



3.Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


  1. Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).

  2. Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).

  3. 10-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. ақпараттық жүйелер және ресурстар ұғымын;

  2. қазіргі заманғы аппараттық және программалық қамтамасыз ету ұғымын;

  3. құжатты сканерлеу технологиясын;

  4. мәтіндерді танып алуға арналған программаларын;

  5. мәтіндік процессордың негізгі мүмкіндіктерін;

  6. құжатты рәсімдеудің негізгі түрлері мен стандарттарын;

  7. мәтіндік процессорда құжатты қарау тәртіптерін;

  8. құжат құрылымын;

  9. құжатты рәсімдеу стилін;

  10. кеңейтілген алмасу буферін қолдану технологиясын;

  11. рецензиялау, емле ережсі мен құжатқа ескерту ұғымын;

  12. макрос ұғымын;

  13. құжатты қорғау тәсілдерін;

  14. анимация мен мультипликацияны ұйымдастыру негіздерін;

  15. анимациялық объектілерді құруға арналған графикалық орта негіздерін;

  16. анимациялық объектілерді құруға арналған құрал-саймандар қабықшасының құрылымын;

  17. қабаттар және қойылыммен жұмыс істеу мүмкіндігін;

  18. анимация түрлерін;

  19. векторлық анимацияны қалыптастыру тәсілдерін;

  20. web-дизайнның негізгі қағидаларын;

  21. web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндеттерін;

  22. редактордағы сайттың сыртқы түрін өзгерту ережелерін;

  23. оқу жобасына қойылатын талаптарын;

  24. авторлық объектілерді қолдану қағидаларын;

  25. «жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «өзекті сұрақ», «жоба міндеттері» ұғымдарының мәнін;

  26. жобаны қорғау мен бағалау процедурасын.

  1. 10-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

  1. компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнатуды;

  2. құжатты мәтіндік процессорда құруды, сақтауды, редакциялауды, баспаға шығаруды;

  3. мәтіндік процессор терезесінің түрін баптауды;

  4. құжатты рәсімдеу үшін жаңа стильді қалыптастыруды;

  5. кеңейтілген алмасу буфері бар операцияларды орындауды;

  6. мәтіндер арасында бөлуді орнатуды;

  7. беттерді нөмірлеуді, тізімдерді, сілтемелерді, тақырып қоюды қолданып мәтінді құрылымдауды;

  8. емле ережесімен мәтінді тексеруді;

  9. мәтінге кестені, бейнені, диаграмманы кірістіруді;

  10. макростарды құруды;

  11. құжатқа қорғауды орнатуды;

  12. графикалық бейнелер мен анимацияны құруды және редакциялауды;

  13. сызықты және радиалды градиентті құруды;

  14. бір объектіні екіншісіне түрлендіруді;

  15. объектіні символға түрлендіруді;

  16. мөлдірлігі өзгерген объектіге анимация құруды;

  17. түсі өзгертілген объектіге анимация құруды;

  18. объектілерді туралауды;

  19. анимацияны сүйемелдеу үшін дыбыстық файлды қолдануды;

  20. Web- редакторында жаңа сайт жобасын құруды;

  21. Web-беттердің көркемдеу стилін қолдануды;

  22. иллюстрациялар мен Gif- анимацияны қосуды;

  23. Web-бетте фотоальбом құруды;

  24. өзекті сұрақты тұжырымдауға, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;

  25. әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жоспарлауды;

  26. кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;

  27. рефлекссия жүргізуге, жобаны қорғауды .

  1. 11-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. ақпараттық қауіпсіздік ұғымы мен қауіптілігін;

  2. ақпаратты қорғау аймағындағы Қазақстан Респбуликасының заңнамасын;

  3. ақпаратты қорғау бойынша шараларын;

  4. құқықтық актілер және ақпаратты қорғау мен авторлық құқық бойынша нормаларын;

  5. компьютерлік вирус пен вирусқа қарсы әрекет ұғымдарын;

  6. компьютерлік вирустан қорғану шараларын;

  7. компьютерлік графика түрлерін (векторлық және растрлық графика);

  8. векторлық графика редакторының программа терезесінің интерфейсінің негізгі элементтерін;

  9. графикалық есептерді векторлық графика редакторы көмегімен шешудің негізгі тәсілдерін;

  10. объектілерді даяр топтамалардан немесе қосымшалардан импорттау және экспорттау жолдарын;

  11. қисықтарды салудың ерекшеліктерін;

  12. растрлық графика редакторы программасы терезесі интерфейсінің негізгі элементтерін;

  13. бейне үзінділеріне орындалатын амалдарын;

  14. контурлар, маскалар, қабаттар түрлерін;

  15. «баспа жүйесі» программасының міндеті мен интерфейсін;

  16. баспа ісі ұғымының базалық ұғымдарын;

  17. кітапша, кітап, журналдар, жарнама беттерін рәсімдеу ережелерін;

  18. макет ұғымын;

  19. беттеудің негізгі ұғымдарын.

  1. 11-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

  1. кез келген мектеп пәнінде және өзін-өзі дамыту мақсатында мәтіндік процессорды, графикалық редакторды, баспа жүйелерін қолдануды;

  2. операциялық жүйе мүмкіндіктерін ақпаратты қорғау үшін пайдалануды;

  3. вирусқа қарсы программаларды қолдануды;

  4. іс жүзінде ақпаратты сақтандыру мен қорғау шараларын қолдануды;

  5. векторлық графикалық редакторда файлдарды ашуды сақтауды, файл құруды;

  6. қарапайым объектілерден (сызықтардан, доғадан, шеңберден және т.б.) құюдың алуан түрлерін қолданып суреттер салуды;

  7. объект контурларымен жұмыс істеуді;

  8. қисықтардан суреттер салуды;

  9. даяр топтамалардан жасалынған объектілерді импорттауды және экспорттауды;

  10. растрлық графика редакторын іске қосу және оның құралдарын қолдануды;

  11. фотобейнелерді түзетуді және көркемсуреттік өңдеу жүргізуді;

  12. коллаждар құруды;

  13. «баспа жүйелері» программасын іске қосуды;

  14. баспа жүйелерінің мәзір программаларындағы пункттарын білуді;

  15. кез келген баспа өнімдерін беттеуді;

  16. бетте әртүрлі типтегі объектілер үзінділерін дұрыс орналастыруды.

  1. Жеке тұлғалық нәтижелер оқушылар көрсетуі тиіс:

  1. ақпаратқа оның таралуының құқықтық пен этикалық қырларын және оны сезіну талғамын ескере отырып жауапты қатынас жасай алу;

  2. оқу мазмұнын өз өмірлік тәжірибесімен байланыстыруға қабілеттілік, информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында ақпараттық қоғамның даму жағдайында даярлықтың мәнін түсінуге икемділік;

  3. өз білім деңгейін жоғарылатуға және оқуды информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын қолданып жалғастыруға даяр болу;

  4. өзін кәсіби анықтаудың басталуы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен байланысқан кәсіп әлемімен танысу;

  5. үлкен адамдармен және қатарластарымен әртүрлі әлеуметтік жағдайларда бірлесу дағдысын дамыту;

  6. қақтығыстық жағдай жасамауға және дау болған жағдайдан шығуға жол таба алу;

  7. жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау;

  8. салауатты өмір салты құндылығын негізгі гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын техникалық қауіпсіз пайдалану жағдайында қабылдауға икемділікті және даярлықты.

  1. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылар алған білім мен біліктіліктерді күнделік өмірде және тәжірибеде қолдануы тиіс:

  1. коммуникациялық еңбекті автоматтандыра алу;

  2. ақпараттық білім қорларын оқуда тиімді пайдалана алу;

  3. Интернет желісінде қолдануға болатын қарапайым ақпараттық өнімдерді (Web-беттерді, анимациялық объектілерді және т.б.) өзгерту мен қалыптастыра алу;

  4. ақпаратты мультимедиа объектілері, мәтіндік құжаттар түрінде (баяндамаларды, мақалаларды, рефераттарды) бере алу ;

  5. өз ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыра алу;

  6. оқу және практикалық есептерді компьютер мүмкіндігін қолданып шеше алу;

  7. ақпараттық кеңістіктегі бағдарлай алу, іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен және кәсіби бағдармен байланысқан жеке танымдық қызығушылыққа қатысты ақпаратты іздеу мен іріктеудің кең таралған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу;

  8. қарапайым ақпараттық объектілерді графикалық бейне және полиграфиялық басылым түрінде, оның ішінде оқу жұмыстарын көркемдеу үшін қалыптастыру;

  9. өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыру;

  10. оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат тарату, қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып қолдану.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет