Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану



Дата25.08.2017
өлшемі88,45 Kb.
#26150
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».


(Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауынан)

Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану


Мақсаты: Информатика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру. 


Міндеттері: 
информатика сабақтарында ойын элементтерімен танысу; 
информатика бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау; 
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу; 
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру; 
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету; 
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру. 

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.


2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі Ұлттық әрекет ету жоспары оқу тәрбие жұмысына жаңа серпін берді
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің- негізгі бағдары.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. «Өмір бойы білім алу» әрбір қа¬зақ¬стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», - деп айтылды. Үздіксіз білім беру басымдылыққа айналып отыр. Табысты және қоғамға қажет болғысы келген адам өмір бойы оқиды
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.
Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық ойындар қолдануға болады.
Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді. 
Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.

Информатика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын пайдаланған ойындардан мысал келтірсем;

5-6 сыныпта қауіпсіздік ережелерін қаншалықты меңгергенін байқау үшін «Иә,жоқ» ойынын өткізем. Мұнда берілген сұраққа бір сөзбен иә немесе жоқ деп жауап береді. Оқушылардың шапшаңдығын байқау үшін «Программаланғандықтан» сөзі беріледі және берілген сөзден мағналы және көп сөз табу керек.
1. 7 – 8 сыныптар үшін; «Сен білесің бе ?» 
Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.
1. экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ 
2.Caps Lock пернесінің қызметі?
3 .Ақпараттың өлшем бірліктерін ата?
4.Операциялық жүйе қызметі?
5.Бейне сұрақ: «Ақпарат» сөзі қандай тілден шыққан, мағынасы нені білдіреді?
6. Microsoft фирмасын құрған адам?
7.Адам мен компьютер арасындағы байланыс?
8.Бейне сұрақ: «Абак» деген не?
9. Мультимедиа деген не?

Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір - біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет
Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады. Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.
9 – -10 сыныптарда Қанатты сөз: «Кімде – кім көп ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді». Сабақта сергіту сәтінде «Ойлан, тап!» деген ойынды пайдаланам.Сыныпты екі топқа бөліп әр топқа суреттер көрсетіледі ,сол суреттің не үшін пайдаланатынын түсіндіреді.
Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген.. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ мүшесі түсіндіріп үлгеруі тиіс.
1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, құлақшын, жүзім, хат, модем, электр тогы, қарындаш, әділ-қазылар суреті, колонка, калькулятор, процессор.
2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: сағат, компакт-диск, мұғалім, маус, үй тапсырмасын орындап отырған қыз, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.
Оқушылардың танымын,ой-өрісін дамытуда жұмбақтар шешуде роль атқарады.Мысалы:

«Ақпаратты табу».


Жұмбақтардың шешуін табу. 
Әдетте үнсіз тұрамын 
Белгі берсең ұғамын.
Жазуы бар қағаздың 
Құралы болып шығамын.( принтер)
Бір нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп (интернет)

Компьютердің айнасы 


Бағдарыңды таңдашы 
Сурет сөзін көрсетіп 
Тиер саған пайдасы (монитор)

Барлық сурет, мәтінді


Компьютерге енгізген
Керек емес жерінде
Компьютерде өшірген (сканер)

Қанша тетік тізілген


Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген. (пернетақта)

«Сөз тапқанға» ойынында берілген ақпаратқа байланысты сөз табу.ОҚушылардың тапқырлығын,ойлау қабілетін дамытады. «Ақпаратты сәйкестендіру».


Информатика пәнінен сұрақтар беріліп соған сәйкестіктерін табу керек. 
1. Адамдарды өзіне бағындырған әлжуаз (Информатика кабинеті).
2. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми. 
(Жүйелік блок)
3. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз. (Монитор)
4. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүдде айта алмайтын, иә - ні қолдап қайталайтын (Пернетақта).
5. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ компьютердің кенже баласы. (Тышқан)
6. Тышқанның ең жақын туысы. (Джостик)
7. Принтерден асып түсетін мешкей. (Сканер)
8. Пернетақтаның балалары. (Пернелер)

«Ақпаратты өңдеу». Ақпаратты мақал – мәтелдермен сәйкестендіріп өңдейді. 


1. Жігітті компьютерге қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала).
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады).
3. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егің екпес).
4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәләм).
5. Веб – дезайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса да).
6. Білмесең «анықтамадан» сұра. (Білмесең білгеннен сұра).
7. Бір ядро процессор жақсы, екі ядролы одан да жақсы. (Өзіңмен өзің болған жақсы, досыңмен болған одан да жақсы).
8. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды. (Досы жақсыны – жау алмайды).
9. Күлсең ескі компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл).
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады).

«Ақпаратты жеткізу»


О, махаббат сегіз әріп, бір арман
Барлық адам сол арманнан жаралған – деп ақын ағамыз М. Мақатаевтың өлеңінің ізімен компьютерге деген өз сезімімізді білдіреміз.

1.Компьютер


Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім.
Мультимедиядан, физикадан сені іздедім.
Сені іздедім ұстаздардан,
Мектептегі кабинеттен, парталардан,
Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
Е - mаіl - дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба.

2.« Компьютерге ғашықпын»


Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,
Үйден шықсам мектептегі компьютерге асықтым
Күні – түні көз алдымнан кетпес бейне,
Сезімімнің толқындарын тасыттым.
Мен ғашықпын, компьютерге ғашықпын,
Сезімімді білдіре алмай діріл қағып,
Махаббаттың шыңдарынан асыппын.

Күтілетін нәтиже: 


-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. 
-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. 
-ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. 
-оқушылардың ақпараттық сауаттылығы,ой-өрісі ,қабілеттері айқындалады. 

Жоғарыда баяндалған жағдайлардан түйіндегенім:


1. Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.

2. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл - ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабаққа ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет