«Информатика» пәнінен оқу-әдістемелік кешені


ИНФОРМАТИКА Алгоримдік Программалық Техникалық



бет3/42
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#18962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

ИНФОРМАТИКА


Алгоримдік Программалық Техникалық


бөлік бөлік бөлік
1.1-сурет. Информатиканың құрамы
Техникалық жабдықтар (ағылшынша hardware) мен программалық жасақтар (ағылшынша software) осы екеуінің негізі болып есептелетін алгоитмдік бөлік соңғы кезде ғана толық түрде бір жүйеге келтіріліп, информатиканы оқытудың өзекті мәселесі ретінде кеңінен қарастырыла бастады.
Егер информатиканың мағынасын толық ашатын болсақ, онда оны

  1. ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау, іздеу және тасымалдау;

  2. ақпаратты өңдеу және түрлендіру тәселдерін жасау (ойлап табу);

  3. ақпаратты өңдейтін электрондық есептеуіш техникасын дамыту жолдары деп түсіну керек.

Қазіргі кезде кез келген ғылым саласында өте көп ақпарат жинақталған. Мысалы, физика, химия, математика т.б. салаларда өте көп формулалар, ұғымдар, схемалар бар. Оларды оқып-үйрену үшін информатиканы кеңінен қолдануға болады. Осы тұрғыдан алғанда информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – ЭЕМ-дердегі ақпаратты сақтау, өңдеу жолдарымен танысу және үйрену; қалаған мамандықты игеру жолында кездесетін есептерді шығару үшін ЭЕМ-ді кеңірек қолдана білу. Соңғы кезде информатикаға байланысты ақпараттық технология деген сөз жиі айтылып жүр.
Ақпараттық технология – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шаруашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішінен ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология «адамдық факторға» үлкен көңіл бөледі және оның шеберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.
Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына себепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан айырмашылығы – тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, «жылы жүзді» программалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:

  • әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі керек;

  • мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірыңғай үлгісіне келтіріп, жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсету;

  • кез келген құжатты қағазсыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында (дискілер) сақталады да, экранда көрсетіледі;

  • адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттасу режимін (интерактивті режим) жүргізу;

  • бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даярлау;

  • есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.

Бұл күндері жаңа ақпараттық технология информатиканың негізгі бір саласы болып табылады, оның болашақта басқа салаларда істейтін мамандар жұмысына тигізетін әсері зор болады деп күтілуде. Ақпараттық техника – ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. 1.2-суретте көрсетілген алғашқы екі техника түрі үздік-үздік цифр түрінде берілген дискретті мәліметтермен жұмыс істейді, олар: ЭЕМ-дер үшін екілік сандар, ал телеграфияда – морзе әліппесі. Қалған техника түрлері үздіксіз электр сигналы ретінде берілетін мәліметтерді пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет