«Информатика» пәнінен оқу-әдістемелік кешені


-дәріс. ДК программалық жабдықтары



бет13/42
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#18962
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42

4-дәріс. ДК программалық жабдықтары


Дәріс сабағының мазмұны:

Программалық жабдықтардың жіктелуі

Қолданбалы ПЖ

Жүйелік ПЖ

Аспаптық ПЖ


Программалық жабдықтар ЭЕМ-нің жұмысын қамтамасыз ететін барлық программалар жиынынан тұрады, оларды программалық жүйе деп те атайды. Программаларсыз ЭЕМ-нің жұмыс атқаруы мүмкін емес.
Программалық жабдықтар – ЭЕМ-ді толық пайдалануға арналған программалар мен олардың қолдану ережелерін сақтайтын құжаттар жиыны. Оның құрамдық бөліктерін 1.1-суреттен көруге болады.


Қолданбалы Тестілік Жүйелік Текстік


программалар программалар программалар программалар
Операциялық Утилиттер Драйверлер Программалау
жүйе тілдері
Қолданбалы немесе кәделі программалар – белгілі бір мамандық саласындағы арнаулы есептерді шығаруға арналған программалар тобы. Текстік программалар – текс түрінде дайындалып, операциялық жүйенің басқаруымен бірден орындалатын программалар жиыны.
Кростық немесе тестілік программалар деп компьютердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеріп, оны жасап шығару кезеңінде аппараттық құрылғыларының қызметін толық бақылауға арналған программаларды айтады.
Жүйелік программалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар операциялық жүйелерден, шеткері құрылғыларды басқару программалары – утилиттерден, драйверлерден (сервистік программалар) және программалау тілдерінен тұрады.
Драйверлер – белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын айрықша арнайы программа. Олар процессорды принтермен, пернелер тақтасымен, дискілермен байланыстырады.
Утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар тобы. Олар программалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет