«Информатика» пәнінен оқу-әдістемелік кешені


-7 Дәрістер. Архиваторлар. Компьютерлiк қауіпсіздік



бет21/42
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#18962
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42

6-7 Дәрістер. Архиваторлар. Компьютерлiк қауіпсіздік.


Дәріс сабағының мазмұны:


Файлдарды архивтеу.


Архиваторлар.
Компьютерлік қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары.
Компьютерлік вирустар.
Программалық вирустар.
Макровирустар.
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақталу тәсілдері әр түрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фраменттер болады, оларды түгелдей дискіге ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.
Архиваторлар файлкөлемін 10-70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.
Әдетте 20 Мб дискіні уөшіру 60-қа дейін дискет қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан ақпараттарды қысылған көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады.
Файлды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырылғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әр түрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең тараған архиваторлар тобына ARJ, WinZip, RAR тәрізді программалар жатады.
Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:

  • файлдың аты;

  • файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

  • файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түдегі мөлшері;

  • архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шартбелгісі.

Информацияны қысу дегеніміз – файлдағы информацияның сақтау фадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі. Файлда инормацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады.
Архивтен шығару дегеніміз – архивке орналасарға дейін олар қандай түрде болса, тура сол түрде архивтен файлдарды қалпына келтіру процесі.
Файлдарды буып-түйетін және шешетін программаларды архиватор-программалар деп атайды. Кең тараған программалардың ішінен ARJ, RAR, PRZIP, PAK, LHA, ICE, WINZIP атауға болады.
Соңғы уақытта қолданушыларда ARJ, WinZip архиваторлары кеңінен танылуда.
ARJ архиваторы жұмыс істеудің жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.
WinZip архиваторы Windows-қа құрастырылған және ол да терезелік интерфейсті қолданады.
Осы архиваторлардың барлығы архивтеудің негізгі міндеттерін орындайды:

  1. жаңа архивтерді құру;

  2. архивтерден файлдарды алу;

  3. бар архивке файлдарды қосу;

  4. өзі шешілетін архивтерді құру;

  5. көп томды архивтерді құру;

  6. архивтерді бүтіндігіне тестілеу;

  7. зақым келтірілген архивтерді толығымен немесе жартылай қалпына келтіру;

  8. бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен архивтерді қорғау.

Компьютерде жұмыс істеген кезде өз информацияңды бөгде адамдардың қол сұғуынан және жоғалуынан немесе информацияны біреулер оқудан қорғау, шектей білу өте маңызды.
Есептеу техникасында ақпаратты қорғау түсінігі өте кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару сенімділігін һәм деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды қорғайды. Бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды және жасырын хат алмасуларды қорғау үшін әдетте пароль орнатылады, құнды деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бірнеше данасы болуы мүмкін. Ал компьютерлік вирустармен күресу өте күрделі, өйткені олар зиянды және дербес компьютерлердің қолданушыларына зиян келтіруге арналған.
Компьютерлік вирус дегеніміз не?
Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте өлшемі бойынша (200-ден 5000 байтқа дейін) кіші арнайы компьютерлік программа. Басқа программаларға «көбейтілетін» және «жұғатын» мүмкіндігі бар. Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз «зақымдалған» дискета арқылы немесе «зақымдалған» файлмен кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.
«Зақымдалған» программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, оперативті жадты «ластайды» және т.с.с.
Вирус бір компьютерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін.
Вирус қайдан пайда болады?
Оларды білікті программистер қызғаныш, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады.
Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық программаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Ресейде – бұл атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.
Жаңа вирустық программалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін және олардан қорғануды білуі қажет.
Компьютерге вирус негізінде дискеттер және лазерлік диск арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторы және кеңейтілуі exe., com., sys., bat. болатын орындаушы файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графиктік файлдарға сирек жұғады.
Әсер ету дәрежесі бойынша вирустарды бірнеше түрге бөлуге болады:

  • қауіпсіз, компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді, бірақ оперативті жадтың бос орнын және дискідегі жадтың көлемін кішірейтеді, мұндай вирустардың әрекеттері қандай да бір графиктік және дыбыстық әсерлерде байқалады.

  • қауіпті вирустар компьютер жұмысына әр түрлі кедергілер алып келуі мүмкін.

  • өте қауіпті вирустардың әсері программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, дискінің жүйелік аймағында ақпараттардың өшуіне әкелуі мүмкін.

Компьютерлік вирустардың негізгі ерекшеліктерін, антивирустық программалардың сипаттамасын және программалар мен деректерді компьютерлік вирустан сақтау шараларын толық қарастырайық. Қазіргі уақытта 5000-нан аса программалық вирустар белгілі.
Барлық алуан түрлі вирустар араынан басты-басты топтарын бөліп қарастырайық:
1. Жүктелетін вирустар – дискеттің немесе винчестердің жүктелетін секторында сақталатын компьютердің алғашқы іске қосатын программаларын зақымдайды.
2. Файлдық вирустар ең алдымен кеңейтілулері exe. және com. болатын файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына алмайды, демек, көбею қабілетін жоғалтады.
3. Жүктелетін-файлдық вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің жүктелетін секторларын зақымдайды.
4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді.
5. Желілік вирустар ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде тарайды.
Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресудің үлкен тәжірибесі бар антивирустық программалар құрылған, программалар мен деректерді қорғау шаралары белгілі. Вирус табылған мерзімнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болған вирустарды жеңіп шыға алатын антивирустық құралдарды жетілдіру және дамыту үнемі жүріп отырады.
Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады.
Детектор-программалар белгілі вируспен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар қазіргі күні сирек.
Фагтар немесе доктор-программалар, сонымен қатар вакцина-программалар вирус жұққан файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді», файлдардан вирус программасының денесін өшіреді, программаны зақымдалғанға дейінгі қалыпқа келтіреді. Фагтар өз жұмысының басында оперативті жадтан вирусты іздейді, оларды жояды және содан кейін барып барлық файлдарды «емдеуге» кіріседі.
Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісіне жатады. Ревизорлар компьютерге вирус жұқпай тұрған кезде программаның бастапқы жағдайын есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын кезекті жағдайды бастапқысымен салыстырады. Егер өзгерістерді анықтаса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарылады. Ресейде ең танымал Д.Мостовтың құрастырған ревизор-программасы Adinf – бұл программаны барлық оқу орындарының компьютерлеріне орнату ұсынылады. Ол тек вирустардың екпінділігіне ғана бақылау жасамайды, оқушылардың зиянды белсенділігін бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Фильтр-программалар немесе «күзетші» - бұл компьютердің жадында тұрақты орналасатын кішігірім резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын қадағалайды және компьютер жұмыс атқарған кезде вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір программа осындай әрекетті орындар кезінде «күзетші» хабарлама жібереді, ал қолданушы сәйкес операцияны орындауға рұқсат беріп немесе тыйым сала алады. Қоланушылар әдетте күзетшіні қолданбайды, өйткені әрдайым ескертулер жұмысқа кедергі келтіреді. Фильтр-программалар вирустың ең басты сатысынан олардың көбеюіне дейін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдарды және дискеттерді «емдемейді», вирустарды жою үшін фагтар қолдану қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

  2. Программалық вирус дегеніміз не?

  3. Жүктемеленетін вирус дегеніміз не?

  4. Макровирус дегеніміз не?

  5. Жүктемеленетін вирустың программалық вирустан айырмашылығы неде?

  6. Компьютерлік вирустардың негізгі типтері?

  7. Вирусқа қарсы негізгі қорғау құралдары.

  8. Компьютерлік вирустан қорғайтын аралықтарды ата?

  9. Вирустан қорғауға арналған арнайы программаларды білесің?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет