Инженерлі технологиялық институты


Тақырыбы: Суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі



бет63/103
Дата27.04.2020
өлшемі1,97 Mb.
#64861
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз

Тақырыбы: Суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі
Дәрістің мақсаты: суармалы жерлерді пайдаланудың ерекшеліктері, жұмсалатын қаржылар және су пайдаланушы қауымдастықтар жөніндегі түсінік. Негізгі және айналымды қорлар. Жүргізілген шараларды экономика-лық тұрғыдан бағалау. Өнімнің өзіндік құнын, таза пайданы және тиімділік деңгейін анықтау.

Түйінді сөздер: күрделі қаржы, тендер, қауымдастық, өзіндік құн, таза пайда, тиімділік деңгейі.

Дәріс жоспары:

1. Суармалы егіншілік жұмыстарын ұйымдастырудың экономикалық ерекшеліктері

2. Суармалы егіншілік жүйелеріндегі қорлар

3. Жүргізілген шараларды, алынған өнімді экономикалық тұрғыдан бағалау


1. Суармалы егіншілк шараларын жүзеге асыру көп еңбекті және қаражатты талап етеді. Олардың тиімділігі құрылыс жұмыстарының сапалы және сол мелиорацияланған жерлерде ауылшаруашылығы өндірісін қандай деңгейде жүргізілгенге байланысты. Мелиорация жүйелерін (суару, дренаж т.б.) құруға байланысты құрылыс жұмыстары тек алдын-ала жасалған жоба бойынша жүргізілуі тиіс. Ол үшін жобаға қабылданған техникалық шешімдер кем дегенде үш вариантта әзірленіп, экономикалық тұрғыдан ең ұтымдысы қабылданады. Құрылысқа қажетті материалдар мен машиналар да тек тендер арқылы таңдалып алынады. Құрылыс жүргізетін мекеме немесе ұйымдар да арнайы тендер негізінде анықталады. Мысалы, Мақтарал ауданында дренажды қайта құру, іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Мелиорация жұмыстарын (құрылыс салу, қайта құру, үлкен жөндеулер) жүргізуге жұмсалған қаржы күрделі қаржы деп аталынады. Оның қайтымдылығы екі жылдан бірнеше ондаған жылға дейін созылады. Сондықтан мелиорация жұмыстарына ұзақ мерзімді несие бөлінуі керек. Қазақстанда суару және кәріз жүйелерін қайта құру жұмыстары бұрын мемлекет тарапынан қаржыландырылатын. Нарық жағдайында суару және дренаж жүйелері оны пайдаланатын шаруашылықтардың негізгі қорларына айналды. Сондықтан, ол жүйелерді жөндеу, қайта құруға қажетті қаражатты шаруашылықтардың өздері бөлулері тиіс. Осы үшін шаруашылықтардың су пайдаланушы қауымдастықтары (СПҚ) банктерден ұзақ мерзімдік несие алуларына болады.

1996 жылы Қазақстандағы тозған суару және дренаж жүйелерін қайта құру, суармалы жерлерді жақсарту жұмыстарына, халықаралық қайта құру және даму банкісінен 80 млн.доллар займ (қарыз) алып, өз тарапынан 20 млн.доллар қосып, жақсарту жұмыстарын бастады. Шығынның 70% қайта құрылған суару және дренаж жүйелерін пайдаланушылары мемлекет бюджетіне 30 жылға дейінгі мерзімде қайтарылулары тиіс. Осы жұмыстарды ұйымдастыру, жүргізу Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігіне жүктелді, арнайы топ құрылып, жобалар жасалынып, тендер жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет