Инженерлі технологиялық институты


Орман мелиорациясы және оның егіншілікке тигізетін әсері



бет9/103
Дата27.04.2020
өлшемі1,97 Mb.
#64861
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз

3. Орман мелиорациясы және оның егіншілікке тигізетін әсері. Орман мелиоративтік жүйесі деп ауылшаруашылығында пайдаланатын жүйелі түрде егілетін екпе ағаштар, бұта алқаптарын атайды. Ауылшаруашылығына ауа райының кейбір қолайсыз жағдайларының тигізетін зиянына қарсы күресте орман мелиорациясының маңызы ерекше. Ол әсіресе егістік жердің микроклиматын жақсартып, құрғақшылықтың зиянды әсерін азайтады, егістіктегі еріген қар суын сақтай отырып топырақтың ылғалдылығын көтереді. Екпе ағаштардың, тал мен бұталардың эрозиялық процестерді тоқтатудағы маңызы өте зор екенін ұмытуға болмайды. Жоғарыда айтқандай құрғақшылық жылдары екпе ағаштардың, тал, бұталардың егістік алқаптың өнімінің төмендемеуіне әсерін ылғал сақтау, қар тоқтату арқылы тигізеді.

Мысалға, Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (Мұқанов Б.М.) мәліметі бойынша орман жолақтарының әсерінен дәнді дақылдардың өнімділігі 4,1 пайыздан 92 пайызға дейін, ал көкбалауса жүгерінің өнімділігі 14-74 пайызға жоғарылаған.

Осы ғылыми зерттеу институтының мәліметтері бойынша екпе ағаштар жолақтарының ара қашықтықтары 250 метрден 550 метрге дейін, ал көлденең отырғызылған екпелердің арақашықтықтары 1000-2000 метр болады.

Екпе ағаштар, біріншіден, маңайындағы микроклиматты жақсартады. Микроклимат деп шағын көлемдегі аймақтың климаттық көрсеткіштерін айтады: ауа ылғалдылығы, температурасы, қысымы және т.б. Жоғары өнім алуға микроклиматтың әсері зор.

Егістік жерлерді көмкере отырғызылған екпе ағаштар сол жерлердің микроклиматын жақсартуға әсерін тигізеді. Мұндай екпе отырғызбалар жел жылдамдығын азайтады. Топырақтан ылғалдың булануын реттеп төмендетеді, жел эрозиясын және танаптағы қарлардың басқа жаққа ұшып кетуіне жол бермейді.

Екпе ағаш отырғызылған танаптардың жаз айларындағы топырағының бетіндегі температурасын ағаш отырғызылмаған жерге қарағанда 5-60-қа төмендетеді, ал салқын күндері 4-50С жоғарылатады. Сонымен қатар ауа ылғалдылығы да 9-11 пайызға көтеріліп немесе екінші жағдайда 3-7 пайызға төмендейді. Мұндай жер бетіндегі ауа құрылысы өсімдіктердің өсіп-өнуіне жақсы әсерін тигізеді. Екпе ағаштардың топырақ ылғалдылығына әсерін егістік жерлерде қыста жауған қарды толық ұстап қалу, ылғалдылықтың буланып ұшуын азайту, жел әсерін төмендету арқылы білдіреді. Бұл әсер екпе ағаш отырғызу конструкциясына байланысты. Ең жақсы әсерді 3-4 қатар торлы желдеткіш түрінде отырғызылған ағаштар береді.

Суармалы жерлерде отырғызылған екпе ағаштар жерасты суы деңгейінің көтерілуіне жол бермейді. Осының арқасында топырақтың жоғарғы қабатындағы тұз төменгі қабатқа ауысып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Ағаш екпелер топырақтағы азотты бактериялардың тіршілігін жылдамдату арқасында нитратты азотты 18-25 пайызға дейін көбейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет