Кіріс = Ж+W+Г+М+Ш;
Топырақтан шығын болатын ылғалдардың түрі:
өсімдік бойынан ылғалдың булануы (Т), топырақ бетінен ылғалдың булануы (Б), топыраққа сіңбей ағып кеткен су мөлшері (А), топырақтың төменгі қабатына сіңіп кеткен су (С).
Шығын = Т+ Б+А+С;
Сонымен, топырақтың су тепе-теңдігі (балансы) формуласы төмендегі-дей болады:
Ж+W+Г+М+Ш = Т+Б+А+С, мәндері жоғарыда келтірілген.
Егерде кіріс (суарусыз М) пен шығын тең болса, ондай жағдай өсімдіктердің өніп-өсуіне қолайлы, ал кіріс шығыннан аз болса онда суару арқылы теңестіреміз. Егерде шығыннан кіріс көп болса, құрғату мелиорациялары жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |