Инженерлі технологиялық институты


Суармалы жерлерде құрылған шаруашылықтардың қорлары негізгі



бет64/103
Дата27.04.2020
өлшемі1,97 Mb.
#64861
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз

2. Суармалы жерлерде құрылған шаруашылықтардың қорлары негізгі және айналымды болып бөлінеді.

Негізгі қорларға пайдалану мерзімі бір жылдан артық еңбек құралдары мен әртүрлі құрылыстар жатады. Олар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік қорлардың өзі ауылшаруашылықтық және мелиоративтік болып екі түрге бөлінеді.

Өндірістік ауылшаруашылық негігі қорларына өндіріске тікелей қатысты қорлар жатады. Олар: өндірістік құралдар, ауылшаруашылық машиналары, транспорт, өнім беретін малдар, көпжылдық ағаштар т.б.

Өндірістік мелиоративтік негізгі қорларға каналдар, құбырлар, дренаж құрылымдары, гидротехникалық құрылыстар, насос станциялары жатады.

Айналымды қорларына тұқым, тыңайтқыштар, қосалқы бөлшектер, суару суы, жас төлдер, жанар майлар және т.б. өндіріске бір жыл ғана араласатын құралдар жатады. Айналымды қорлар, олардың құны пайдаланған жылғы өндіріс шығындарына толығымен енгізіледі.

3. Суармалы егіншілік шараларының тиімділігі сол мелиорацияланған жерлердегі ауылшаруашылықтардың нәтижелігімен анықталады.

Мелиорация жүйелеріндегі шаруалық өндірісінің экономикалық тиімділігі бір тонна немесе бір центнер өнімнің өзіндік құнын, бір гектар жерден алынған таза табысты, өндіріс өнімділігін анықтау арқылы бағаланады. Суға төлем енгізілуіне байланысты әрбір 1000 м3 суға келетін таза табыс мөлшерін анықтайды. Аталған көрсеткіштерді есептеу үшін өндіріске жұмсалған шығындарды толық анықтау қажет. Оларды үш топқа бөлуге болады:

1. Ауылшаруашылығы шығындары: агротехникалық шараларды орын-дауға жұмсалған қаражат (тұқым, ауыл шаруашылығы өндірістік негізгі қорлары аммортизациялары, жанар-жағар май, жалақы т,б.);

2. Мелиоративтік шығындар: суару жұмыстарын жүргізуге байланысты (уақытша арықтар тарту, суару, суару қарықтарын тарту, қопсыту) және суға төленетін төлемдер, шаруашылыққа тікелей қарасты гидроқұрылыстар аммортизациялары мен күтіп-баптауға қажетті шығындар.

3. Жалпы шаруашылық шығындар: басқару және ұйымдастыруға қажетті шығындар.

Өнімнің өзіндік құны Өқ = Ш/Ө, тенге, ц

Ш – шығын , теңге/га

Ө – өнімділік, ц/га


Таза пайда Тп = ӨБҚ – Ш, тенге;

ӨБҚ – өнімнің барлық құны

Ш – шығын

Тиімділік деңгейі Тд = Тп/Ш · 100%;

Тп – таза пайда;

Ш – шығын



1-кесте. Жұмыстың экономикалық тиімділігін анықтау

Варианттар

Өнімділік,

ц/га


Өнімнің барлық құны, тенге

Шығын

Таза пайда,

тенге/га


Өнімнің

өзіндік


құны тенге/ц

Тиімділік деңгейі,

%


ауылшаруа.

мелиорат.



















































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет